Новости — gharysh.kz
Главная Новости

Новости

24.08.2015
«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ «Қазақстандағы ғарыш күндері - 2015» III-халықаралық конференциясына қатысуға шақырады

АСТАНА. МЕНШІКТІ АҚПАРАТ -  2015 жылы 5-6 қарашада Астана қаласында Тәуелсіздік Сарайында «Қазақстандағы ғарыш күндері - 2015» III-халықаралық конференциясын өткізу жоспарлануда. 

Конференцияны ұйымдастырушылар: Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Аэроғарыш комитеті мен  «Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясы» АҚ. 

Конференцияның басты міндеті: алғашқы отандық Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесінің тұсаукесері, ЖҚЗ саласындағы озат жүйелермен және технологиялық шешімдермен, геоақпараттық жүйелермен, геодезия, картография және Қазақстандағы жерсеріктік навигациямен таныстыру.

ЖҚЗ деректерін мынадай:

-кеңістіктік деректер инфрақұрылымы;
-ауыл, су және орман шаруашылығы;
-мұнай газ саласы;
-геодезия мен картография;
-жер қойнауларын пайдалану;
-көлік және коммуникациялар саласы;
-қорғаныс пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағыттарында қолдану жөнінде ғылыми-практикалық семинарлар мен мастер-класстар өткізіледі.

Конференцияға Жерді қашықтықтан зондтау деректерінің (бұдан әрі – ЖҚЗ ҒЖ), оларды өңдеу құралдарының жетекші әлемдік өнім берушілер өкілдері, сондай-ақ геоақпараттық жүйелер әзірлеушілер мен геоақпараттық жүйелер пайдаланушылылары қатысады. 

Бұл іс-шараға төрт жүзден астам қазақстандық және шетел мамандарының қатысуы жоспарлануда. 

Демеушілер үшін ақпарат:
Демеушілік пакеттері:
«Платина демеуші» -10 000 евро,
«Алтын демеуші» -5 000 евро
«Күміс демеуші» -3 000 евро
«Ақпараттық демеуші» 

Қатысу үшін ақпарат:

www.gharysh.kz  сайтындағы «Қазақстандағы ғарыш күндері - 2015» бөліміндегі тіркеу нысанын толтыру және 2015 жылдың 19 қазанына дейінгі мерзімде a.sharapiyeva@gharysh.kz электронды мекенжайына жолдау қажет. 

Коммерциялық ұйымдар үшін тіркеу жарнасы  - 20 000 теңге.
Баяндамашылар үшін  тіркеу жарнасы  - 30 000 теңге.

Мемлекеттік органдарға қызметтік куәліктерін көрсетсе – тегін.

«Қазақстандағы ғарыш күндері - 2015» халықаралық конференциясында сіз ЖҚЗ саласындағы озат жүйелер және технологиялық шешімдер, геоақпараттық жүйелер, геодезия мен картография, сондай-ақ Қазақстандағы жерсеріктік навигация туралы көкейкесті ақпарат аласыз.   


Сізді семинар қатысушылары мен қонақтарының арасында көруге қуаныштымыз, Қазақстанның ғарыш саласының даму және болашақ, өзара тиімді ынтымақтастық мәселелерін талқылауға қатысуға шақырамыз.
 

Қосымша ақпаратты мынадай телефондар бойынша:
+7(7172) 24-88-59, 24-87-99, 24-88-38, 24-87-11
немесе e-mail:
a.sharapiyeva@gharysh.kzШарапиева Әйгерім,
nnabiyev@gharysh.kz - Нәбиев Нұрлыбек арқылы ала аласыз.

Қосымша: Тіркеу нысаны 1 парақ орыс тілінде. «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ деректемелері
010000, Астана қ.,Тұран даңғ.,89
Ұлттық ғарыш орталығының ғимараты
СТН 600900553661
ЖСК KZ549261501137785004
«Қазкоммерцбанк» АҚ Астана қ.
БИН 070 440 000 412
БИК KZKOKZKX
КБЕ 16


Жобалар
ЖҚЗ
«Қазақстан Республикасының Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесін құру» жобасы
қосымша ақпарат
ЖСНЖ
«Қазақстан Республикасының жоғарыдәлдікті спутниктік навигация жүйесінің жерүсті инфрақұрылымын құру» жобасы
қосымша ақпарат
ҚұСК
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат
ТК 66
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат

Қазақстандағы ғарыш күндері

«Қазақстандағы ғарыш күндері» халықаралық семинары 2013 жылы  10 – 11 сәуірде Астана қ., «Rixos President Astana» қонақүйінде өткізілді. Семинар бірінші қазақстандық Жерді қашықтықтан зондтау жерсерігінің (ЖҚЗ ҒЖ) ұшырылуына арналды және жыл сайын 12 сәуірде атап өтілетін Адамның ғарышқа ұшқан халықаралық күніне орайластырылды. 
Толығырақ