Новости — gharysh.kz
Главная Новости

Новости

01.09.2015
Қазғарыш делегациясы Байқоңырда Айдын Аимбетовпен кездесті

БАЙҚОҢЫР. ҚАЗАҚПАРАТ – Алдында кешке Байқоңыр ғарышайлағына келген ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Аэроғарыш комитетінің төрағасы Талғат Мұсабаевтің басшылығымен Қазғарыш делегациясы ҚР ғарышкері Айдын Аимбетовпен кездесті.  

Делегация құрамында Қазғарыш төрағасының орынбасарлары Ерғазы Нұрғалиев пен Еркін Шаймағамбетов, Қазағарыш кәсіпорындарының басшылары, Қазақстан ғарыш саласының мамандары бар. 

Талғат Мұсабаев Гагарин атындағы ресейлік Ғарышкерлерді даярлау орталығының басшылығына старт алдында қазақстандық ғарышкермен біраз уақыт араласуға мүмкіндік бергеніне алғыс айтты. Обсервациялық режимге байланысты кездесу «Ғарышкер» қонақүйінің мәжіліс залында шынының сыртында өтті. 

Қазғарыш басшысы старт алдындағы дайындық барысы, ғарышкердің тілектері туралы сұрады, бұл ұшу қазақстандық ғарышты дамыту жолында тағы бір маңызды қадам болатынын атап өтті. 

Айдын Аимбетов ҚР Президентімен телефон арқылы сөйлескені туралы Қазғарыш басшылығына айтты. «Елбасы бүкіл қазақ халқының атынан маған табысты ұшуды тіледі және мен осы міндетті абыроймен орындауға дайынмын», - деді ғарышкер. 

Қазір, ұшар алдында Айдан не сезінесің деген сұраққа ол «бұны түсіндіру қиын және оны тек Талғат Амангелдіұлы ғана түсіне алады», - деп жауап берді. «Қазір мен ғарышта үш рет болған және ашық ғарышта болудан Гинесс рекордтар кітабына енген Талғат Мұсабаевтың батырлығын нақты бағалаймын», - деп атап өтті Аимбетов. 

Қазақстандық ғарышкер ұшуының ғылыми бағдарламасының басшысы болып табылатын «Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы» (ҰҒЗТО) АҚ президенті Жұмабек Жантаев ҰҒЗТО мамандары барлық сегіз тәулік Ұшуды басқару орталығында болып, орбитада эксперименттер орындау кезінде Айдынды алып жүретінін атап өтті. 

«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ президентінің м.а. Марат Нұрғожин Аймбетовке компанияның мамандары Жерді қашықтықтан зондтау қазақстандық жерсеріктерінің көмегімен Байқоңырдан «Союз ТМА-18М» ғарыш кемесінің стартына мониторинг жүргізетінін айтты. 

Қазақстан делегациясы Айдын Аимбетовке табысты старт пен Жерге сәтті оралуын тіледі. Кездесу соңында Талғат Мұсабаев Айданға сарқыт – қазақ құртын тапсырды. 

Өзінің жеке ұсынымдары мен кеңестерін ғарышкер Мұсабаев Аимбетовқа он минутқа созылған қысқа аудиенция уақытында берді. 

Старт алдындағы дайындық кестесіне сай, жергілікті уақыт бойынша 21.00 сағатта ХҒС-ке кезекті экспедицияның негізгі және қосарлаушы экипаждары «Белое солнце пустыни» филмін көруге кетті. Фильмді көруге ғарышкерлер мен астронавттардың туыстары да шақырылды. 

«Ғарышкер» қонақүй кешенінің саяжолында Қазғарыш делегациясы экипаж командирі Сергей Волковтің әкесі – кеңес және ресей атақты ғарышкері Александр Волковті, Айдын Аимбетовтің зайыбы – Лилияны баласы Әмірмен және қызы Дианамен кездестірді. 

1 қыркүйекте жергілікті уақыт бойынша сағат 10.00-де, стартқа дейін тұра бір тәулік бұрын мемлекеттік комиссия ұшу туралы саоңғы шешім қабылдайды. Негізгі экипаж құрамында командир, ресей ғарышкері Сергей Волков, бортинженер, қазақ ғарышкері Айдын Аимбетов және алғашқы дат астронавты Андреас Могенсен.

ХҒС-ке кезекті экспедициямен «Союз ТМА-18М» көліктік ұшқыш басқаратын кеменің старты 2 қыркүйекте Байқоңыр кешенінің Гагарин алаңынан Астана қ. уақыты бойынша 10 сағат 37 минутта жоспарланып отыр.

Делегация Казкосмоса встретилась на Байконуре с Айдыном Аимбетовым - ЭКСКЛЮЗИВ Делегация Казкосмоса встретилась на Байконуре с Айдыном Аимбетовым - ЭКСКЛЮЗИВ Делегация Казкосмоса встретилась на Байконуре с Айдыном Аимбетовым - ЭКСКЛЮЗИВ Делегация Казкосмоса встретилась на Байконуре с Айдыном Аимбетовым - ЭКСКЛЮЗИВ Делегация Казкосмоса встретилась на Байконуре с Айдыном Аимбетовым - ЭКСКЛЮЗИВ Делегация Казкосмоса встретилась на Байконуре с Айдыном Аимбетовым - ЭКСКЛЮЗИВ


Жобалар
ЖҚЗ
«Қазақстан Республикасының Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесін құру» жобасы
қосымша ақпарат
ЖСНЖ
«Қазақстан Республикасының жоғарыдәлдікті спутниктік навигация жүйесінің жерүсті инфрақұрылымын құру» жобасы
қосымша ақпарат
ҚұСК
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат
ТК 66
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат

Қазақстандағы ғарыш күндері

«Қазақстандағы ғарыш күндері» халықаралық семинары 2013 жылы  10 – 11 сәуірде Астана қ., «Rixos President Astana» қонақүйінде өткізілді. Семинар бірінші қазақстандық Жерді қашықтықтан зондтау жерсерігінің (ЖҚЗ ҒЖ) ұшырылуына арналды және жыл сайын 12 сәуірде атап өтілетін Адамның ғарышқа ұшқан халықаралық күніне орайластырылды. 
Толығырақ