Главная Новости

Новости

02.09.2015
ХҒС экипажімен «Союз ТМА-18М» зымыранның үшінші сатысынан ажырады

БАЙҚОҢЫР. ҚАЗАҚПАРАТ – Старттан кейін 10-шы минутта ғарыш кемесі зымыран тасығыштан бөлінді, «Союз ТМА-18М» жер маңындағы орбитаға шықты. 

«Үшінші сатының қозғалтқышы сөнді. Ұшқыш басқаратын «Союз ТМА-18М» КҰБК бөлінді. «Союз ТМА-18М» КҰБК ХҒС-пен түйісуі 4 қыркүйекте мәскеу уақытымен 10 сағат 42 минутта жүргізіледі», - деп хабарлады Твиттерде Роскосмостың баспасөз қызметі. 

Халықаралық ғарыш стансасына (ХҒС) құрамында кеме командирі, ресей ғарышкері Сергей Волков, бортинженер - алғашқы дат астронавты Андреас Могенсен мен Қазақстан Республикасының сынаушы-ғарышкері Айдын Аимбетов бар кезекті экспедиция аттанды. 

Іске қосу шаттық режимде өтті. Ғарышкерлер өздерін жақсы сезінуде, деп хабарлайды Ұшуды басқару орталығы. «Союз ТМА-18М» кемесінің ХҒС-пен түйісуі старттан кейін екі тәулік өткенсін жоспарлануда.

Экипаждың стартын жүздеген адамдар тамашалады, олардың арасында Қазақстанның вице-премьері Бердібек Сапарбаев, Қазғарыштың, Роскосмостың, Еуропа ғарыш агенттігінің басшылары, ғарышкерлердің туыстары мен жақындары да бар.



Жобалар
ЖҚЗ
«Қазақстан Республикасының Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесін құру» жобасы
қосымша ақпарат
ЖСНЖ
«Қазақстан Республикасының жоғарыдәлдікті спутниктік навигация жүйесінің жерүсті инфрақұрылымын құру» жобасы
қосымша ақпарат
ҚұСК
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат
ТК 66
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат

Қазақстандағы ғарыш күндері

«Қазақстандағы ғарыш күндері» халықаралық семинары 2013 жылы  10 – 11 сәуірде Астана қ., «Rixos President Astana» қонақүйінде өткізілді. Семинар бірінші қазақстандық Жерді қашықтықтан зондтау жерсерігінің (ЖҚЗ ҒЖ) ұшырылуына арналды және жыл сайын 12 сәуірде атап өтілетін Адамның ғарышқа ұшқан халықаралық күніне орайластырылды. 
Толығырақ