Новости — gharysh.kz
Главная Новости

Новости

02.09.2015
Бортында қазақстандық ғарышкер бар «Союз» зымыран-тасығыштың 500-ші ұшырылуы жүргізілді

БАЙҚОҢЫР.ҚАЗАҚПАРАТ - 2015 жылы 2 қыркүйекте Астана уақытымен  10 сағат 37 минутта «Союз ТМА-18М» ғарыш кемесі Байқоңыр ғарышайлағынан ұшып шықты. 

Бұл «Гагариндік старттан» зымыран-тасығыштың 500-ші ұшуы деп хабарлайды Қазақпарат тілшісі оқиға орнынан. 

Халықаралық ғарыш стансасына (ХҒС) құрамында кеме командирі, ресей ғарышкері Сергей Волков, бортинженер - алғашқы дат астронавты Андреас Могенсен мен Қазақстан Республикасының сынаушы-ғарышкері Айдын Аимбетов бар кезекті экспедиция аттанды. 

Іске қосу шаттық режимде өтті, деп хабарлады Байқоңыр ғарышайлағынан ұшуды қамтамасыз ету қызметтері. Байқоңыр ғарышайлағында күзгі жақсы ауа-райы тұр, +23 градус жылы. Расында, Байқоңырдың әдетте бұлтсыз аспанын шашыраңқы бұлттар торлады. 

Экипаждың стартын жүздеген адамдар тамашалады, олардың арасында Қазақстанның вице-премьері Бердібек Сапарбаев, Қазғарыштың, Роскосмостың, Еуропа ғарыш агенттігінің басшылары, ғарышкерлердің туыстары мен жақындары да бар. 

Баласын ұзақ ғарыш сапарына шығарып салуға Айдын Аимбетовтің анасы Аимбетова Жұмагул апа, Сергей Волковтің әкесі – ғарышкер Александр Волков, экипаждың барлық үш мүшесінің әйелдері мен балалары келді. 

Айдынның зайыбы Лилия Аимбетова айтқандай «қазір біз ешқандай құттықтауларды қабылдамаймыз, олар ХҒС-ке келгеннен кейін ғана алаңдамаймыз». 

Қазақ ғарышкері Айдын Аимбетовтің және Дания астронавты Андреас Могенсеннің, сондай-ақ қазір орбитада жұмыс істеп жатқан ресей ғарышкері Геннадий Падалканың жерге оралуы 2015 жылдың 12 қыркүйегіне жоспарланып отыр. Салтанатты қарсы алу Астана қаласының әуежайында Қазақстан Республикасы Президентінің қатысуымен өтеді деп күтілуде. 

Бұрын телефонмен сөйлесу барысында Мемлекет Басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ғарышкерге Халықаралық ғарыш стансасына табысты экспедицияны және алдына қойылған барлық міндеттерді іске асыруды тілегенін еске түсірейік. 

Әңгімелесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев А.Аимбетовтің ғарышқа алдағы ұшуы – отандық ғарышнаманың одан әрі дамуына серпіліс беретін айрықша мәнді оқиға екенін және халықаралық аренада Қазақстанның имиджін нығайтуға қызмет ететінін атап өтті. Айдын Аимбетов ХҒС бортына Қазақстан Республикасының туын, Қазақстан халқы ассамблеясының және «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінің туларын алды. 

Айдын Аимбетов 1972 жылы 27 шілдеде Талдықорған облысы, қазір Қазақстан Республикасының Алматы облысы Талдықорған ауданының Заря Коммунизма (қазір Өтенай) ауылында туды. 1989 жылы Армавир жоғары әскери авиация училищесіне түсті және «ұшқыш-инженер» біліктілігін алумен, 1993 жылы аяқтады. 2002 жылы 9 қарашада ресей өкілдерінің қатысуымен ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстан Республикасы ғарышкеріне кандидаттарды іріктеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында А.Аимбетов Қазақстан Республикасы ғарышкерлер жасағына қосуға ұсынылды. 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 қазандағы № 1304 қаулысымен А.Аимбетовке Қазақстан Республикасының ғарышкері мәртебесі берілді.

Қазақстан мен Ресей арасындағы уағдаластыққа сәйкес А.Аимбетов 2015 жылғы мамырдың соңынан бастап Гагарин атындағы ҒДО даярлықтан өтті.   Маусымның 20-27 аралығында ХҒС американдық сегментін зерттеу мақсатында ол НАСА Джонсон атындағы Ғарыш орталығында Хьюстон (АҚШ) болды.

1  

4 
2 3 

1 2 3


Жобалар
ЖҚЗ
«Қазақстан Республикасының Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесін құру» жобасы
қосымша ақпарат
ЖСНЖ
«Қазақстан Республикасының жоғарыдәлдікті спутниктік навигация жүйесінің жерүсті инфрақұрылымын құру» жобасы
қосымша ақпарат
ҚұСК
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат
ТК 66
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат

Қазақстандағы ғарыш күндері

«Қазақстандағы ғарыш күндері» халықаралық семинары 2013 жылы  10 – 11 сәуірде Астана қ., «Rixos President Astana» қонақүйінде өткізілді. Семинар бірінші қазақстандық Жерді қашықтықтан зондтау жерсерігінің (ЖҚЗ ҒЖ) ұшырылуына арналды және жыл сайын 12 сәуірде атап өтілетін Адамның ғарышқа ұшқан халықаралық күніне орайластырылды. 
Толығырақ