Главная Новости

Новости

02.09.2015
«Союз ТМА-18» кемесінің ХҒС-пен түйісуін тікелей эфирде көрсетеді

БАЙҚОҢЫР. ҚАЗАҚПАРАТ - «Союз-ТМА-18М» ұшқыш басқаратын ғарыш кемесі Байқоңыр ғарыш айлағынан 2015 жылғы 2 қыркүйекте Астана уақыты бойынша 10 сағат 37 минутте сәтті ұшырылды, қазіргі уақытта ХҒС  екі тәуліктік схема бойынша жақындауда – деп хабарлайды Роскосмостің баспасөз қызметі. 

Кеше хабарлағандай, ішінде Роскосмос ғарышкері Сергей Волков, ЕҒА астронавті Андреас Могенсен (Дания) мен Қазғарыш ғарышкері Айдын Айымбетов бар ғарыш кемесінің ХҒС-ке жүру жолында 1989 жылы ұшырылған жапон зымыран-тасығыштың пайдаланылған 3-сатысының фрагменті пайда болған. 

Соқтығысуды болдырмау үшін  ресей ҰБО баллистиктері мен олардың НАСА  американдық әріптестері дәл траекторияны анықтау және  ХҒС-пен бүгінгі түйісу мүмкіндігін жасау бойынша бірлескен жұмыс жүргізді. 

Маневр  08:40 мск болды, объектімен қауіпсіз  айырылу 11:30-11:40 мск ұйымдастырылды. 

«Союз-ТМА-18М» кемесінің ХҒС-ке штаттық ұшуы жалғасуда  деп атап өтті баспасөз қызметі.
«Союз-ТМА-18М» ХҒС-пен түйісуі  бүгін 4 қыркүйекте, Астана уақыты бойынша 13 сағат 45 минутте болады.

Оны Роскосмостың сайтында тікелей эфирде және РОССИЯ-24 телеарнасында  бақылауға болатынын баспасөз қызметі хабарлайды.



Жобалар
ЖҚЗ
«Қазақстан Республикасының Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесін құру» жобасы
қосымша ақпарат
ЖСНЖ
«Қазақстан Республикасының жоғарыдәлдікті спутниктік навигация жүйесінің жерүсті инфрақұрылымын құру» жобасы
қосымша ақпарат
ҚұСК
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат
ТК 66
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат

Қазақстандағы ғарыш күндері

«Қазақстандағы ғарыш күндері» халықаралық семинары 2013 жылы  10 – 11 сәуірде Астана қ., «Rixos President Astana» қонақүйінде өткізілді. Семинар бірінші қазақстандық Жерді қашықтықтан зондтау жерсерігінің (ЖҚЗ ҒЖ) ұшырылуына арналды және жыл сайын 12 сәуірде атап өтілетін Адамның ғарышқа ұшқан халықаралық күніне орайластырылды. 
Толығырақ