Новости — gharysh.kz
Главная Новости

Новости

07.09.2015
«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ ғарыш қызметтерін сыртқы нарыққа жылжыту бойынша жұмыстарды жалғастыруда

Ашхабадта Түркімен-Қазақстан бизнес форумы өтті, онда   Қазақстан мен Түркіменстанның жетекші министрліктері мен салалық ведомстволарының өкілдері қатысты.  

Кездесудің жеке тақырыбы ғарыштық технологиялар саласында  тығыз байланысты орнату  болды.
Бұл саладағы серіктестік  аса өзекті болып табылады,  себебі сол  жылы Түркіменстанның алғашқы  жасанды байланыс жерсерігі іске қосылды. 

«ТуркіменӘлем 52.0Е»  (TurkmenSat-1) жерсерігін SpaceX американдық компаниясы Канаверал (Флорида штаты) мүйісіндегі ғарыш айлағынан ұшырды. Алғашқы түркімен жерсерігі Түркімен аумағынан 35,7 мыңнан астам километр биіктікте және Еуропа, Орталық Азия және кейбір Африка аудандарының аумақтарына телекоммуникациялық дабыл таратады. Жерсерікті жерүсті басқару үшін  Жерсерікті басқару орталығы құрылды. 

Біздің компания форумда 1 метрге дейінгі жоғары кеңістіктік айыру қабілетімен  бүкіл жер бетін ғарыштық түсіруге қабілетті  айыру қабілеті жоғары «KazEOSat-1» қазақстандық ғарыш аппаратынан алынатын  жерді қашықтықтан зондтау  өнімдері мен қызметтері туралы тұсау кесер өткізді.  

Қазақстан мен Түркіменстан жерсеріктерін ұшыру – бұл ғаламдық мәселелерді шешуде тамаша мүмкіндік. Ғарыштағы бірлескен халықаралық қызмет әлемдік энергетикалық жеткізілімдерге, көлік коммуникацияларына кең мониторинг пен бақылауды тиімді жүзеге асыруға, табиғи апаттар тәуекелдерінің, қару-жарақтың заңсыз таралуының алдын алуға, үлкен аумақтардың экологиясын бақылауға мүмкіндік береді.

Түркіменстан ғарыш - бұл біздің елдер арасындағы  бейбітшілік пен өзара түсіністік аумағы  деген  сенушілікті бөліседі. 

Фото 2.jpg

ФОто 1.jpg


Жобалар
ЖҚЗ
«Қазақстан Республикасының Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесін құру» жобасы
қосымша ақпарат
ЖСНЖ
«Қазақстан Республикасының жоғарыдәлдікті спутниктік навигация жүйесінің жерүсті инфрақұрылымын құру» жобасы
қосымша ақпарат
ҚұСК
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат
ТК 66
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат

Қазақстандағы ғарыш күндері

«Қазақстандағы ғарыш күндері» халықаралық семинары 2013 жылы  10 – 11 сәуірде Астана қ., «Rixos President Astana» қонақүйінде өткізілді. Семинар бірінші қазақстандық Жерді қашықтықтан зондтау жерсерігінің (ЖҚЗ ҒЖ) ұшырылуына арналды және жыл сайын 12 сәуірде атап өтілетін Адамның ғарышқа ұшқан халықаралық күніне орайластырылды. 
Толығырақ