Главная Новости

Новости

12.09.2015
Қазақстанның Президенті ХҒС-тен қайтып оралған «Союз» экипажын қарсы алды

АСТАНА. ҚАЗАҚПАРАТ - Қазақстанның Президенті Нұрсұлтан Назарбаев астана әуежайында Халықаралық ғарыш стансасынан  оралған «Союз ТМА-16М» ғарыш кемесінің халықаралық экипажын қарсы алды, деп хабарлайды Қазақпарат тілшісі. 

Бұған қоса, экипажды әуежайдың ресми делегацияларға арналған залында қазақстандық ғарышкердің зайыбы мен қыздары, отандық және шетелдік журналистер, меморгандар өкілдері күтіп алды. 

Астронавтар журналистерге арнап брифинг беруге дайын. 

«Бүгін тағы бір қазақ жігіті Айдын Аимбетов ғарышқа ұшты және туған жеріне аман оралды. Біз оны жезқазған даласында қарсы алдық. Ғарышкерлер айтатындай ұшу штатты түрде өтті. Қазғарыштың басшысы ретінде бүкіл ұжыммен дайындаған осы жұмысты  - бұл тағы да бір қазақстандық ғарышкерді ұшыруды аяғана дейін жеткізгенімізді мақтаныш етемін. Қазақстандық ғарышкер Мемлекеттік туды Президентке табыстайтынын айта отырып, «Өте үлкен және өте күрделі ғылыми бағдарлама орындалды», - деп хабарлайды Қазғарыш басшысы Талғат Мұсабаев. 

Оның айтуынша, Айдын Аимбетов өзін жақсы сезінеді. «Ол жерге оралуға  ұмтылды, оны туған жері қолдады. Ол бүкіл халыққа және еліміздің Президентіне осы тамаша мереке үшін алғысын айтады», - деп қосты Талғат Мұсабаев. 

«Бірқатар эксперименттер өткізілді, оларды Жерде өңдеу қажет. Зерттеулер нәтижелері туралы айту ертерек. Аимбетов біз оған дайындаған сегіз ғылыми эксперименттің ғылыми бағдарламасын орындады (...) Сегіз күн бізге жеткілікті болды деп айта алмаймын. Бірақ біз үлкен жұмыс жүргіздік», - деп хабарлады журналистерге ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Аэроғарыш комитеті жанындағы Ұлттық ғарыштық технологиялар орталығының президенті Жұмабек Жантаев.
Ол Қазақстанның мұз айдындарының еру жылдамдығына зерттеулер жүргізілгенін атап өтті, оның нәтижелері климат жағдайы жөнінде қорытындылар шығаруға мүмкіндік береді. Бұдан басқа, «кулондық кристалл» деп аталатын кристалды алу эксперименті жер үшін жаңа заттар ашуға мүмкіндік береді. Жоғарғы атмосфераның нажағайлы белсенділігін және оның ғарыш аппараттарына, борттық жабдықтарға  ықтимал әсерін бақылау жөнінде эксперимент жүргізілді. Сондай-ақ, құбыр жүргізу желілеріне мониторинг жүргізілді. 

Қазақстандық ғарышкер Айдын Аимбетовпен, жаңа ғарыштық рекорд жасаушы Геннадий Падалкомен (Роскосмос), сондай-ақ Данияның бірінші астронавті Андрес Могенсенмен кеме капсуласы Астана уақыты бойынша шамамен сағат жетіде Қарағанды облысының Жезқазған қаласынан оңтүстік шығысқа қарай қонды.

Қазғарыш хабарлағандай ғарышкерлер денсаулығының жағдайы өте жақсы. Астанаға барар алдында олар медициналық тексеруден өтті.

null  null null null null




Жобалар
ЖҚЗ
«Қазақстан Республикасының Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесін құру» жобасы
қосымша ақпарат
ЖСНЖ
«Қазақстан Республикасының жоғарыдәлдікті спутниктік навигация жүйесінің жерүсті инфрақұрылымын құру» жобасы
қосымша ақпарат
ҚұСК
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат
ТК 66
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат

Қазақстандағы ғарыш күндері

«Қазақстандағы ғарыш күндері» халықаралық семинары 2013 жылы  10 – 11 сәуірде Астана қ., «Rixos President Astana» қонақүйінде өткізілді. Семинар бірінші қазақстандық Жерді қашықтықтан зондтау жерсерігінің (ЖҚЗ ҒЖ) ұшырылуына арналды және жыл сайын 12 сәуірде атап өтілетін Адамның ғарышқа ұшқан халықаралық күніне орайластырылды. 
Толығырақ