Главная Новости

Новости

12.09.2015
А.Айымбетов ғылыми тапсырмаларды орындады – ҚР Президенті

АСТАНА. ҚАЗАҚПАРАТ – «Айдын Айымбетов ғылыми тапсырмаларды орындады»,- деді Нұрсұлтан Назарбаев Халықаралық ғарыш стансасынан  оралған «Союз ТМА-16М» ғарыш кемесінің халықаралық экипажын астана әуежайында қарсы алу барысында. 

«Қатысқысы келетін көптеген мемлекеттердің арасында өз ғарышкерлерін ғарышқа ұшырғандардың қатарында біз жалғыз болмасақ та, аздың біріміз. Біреу емес үшеуін ұшырдық. Байқоңыр ғарышайлағындағы Ресей Федерациясымен біздің ынтымақтастық осындай жеміс берді. Ғарышқа арналған барлық шығындар бірден өтелмейді.  Бірақ бүкіл әлем ғарышты игеруге ұмтылады. Мәселе бүгінгі пайдада емес»,- деп атап өтті Президент, журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып. 

Президенттің айтуынша ғарыштық шығындар ғылыми-техникалық прогресс үшін өте үлкен пайда береді. «Ғарыштағы зерттеулерді жерде жасау мүмкін емес. Жердегі зерттеулердің тәжірибесін жинай отырып, ғалымдар үлкен жаңалықтар ашады. Сондықтан мемлекет ғарышқа жұмсайтын кез келген ақша өтеледі. Мұнда бүкіл әлем жарысуда. Және Ресей бірінші қатарда», - деп мәлімдеді Мемлекет Басшысы. 

Қазақстан жақын әріптесі Ресеймен  өзінің ғарыш агенттігі мен ғарыштық жұмысты дамытуға ниетті, деп атап өтті Н.Назарбаев. 

«Біз тағы да жай ұшып қана жүрмей, ғылыми  тапсырмаларды орындаған Айдын Аимбетовті құттықтаймыз. Олар өте қажет және керек. Төрт жерсерік ұшып жүр (орбитада). Біз оларды ұшырдық», - деп қорытындылады Президент.

null
null null null null null null null null null null null




Жобалар
ЖҚЗ
«Қазақстан Республикасының Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесін құру» жобасы
қосымша ақпарат
ЖСНЖ
«Қазақстан Республикасының жоғарыдәлдікті спутниктік навигация жүйесінің жерүсті инфрақұрылымын құру» жобасы
қосымша ақпарат
ҚұСК
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат
ТК 66
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат

Қазақстандағы ғарыш күндері

«Қазақстандағы ғарыш күндері» халықаралық семинары 2013 жылы  10 – 11 сәуірде Астана қ., «Rixos President Astana» қонақүйінде өткізілді. Семинар бірінші қазақстандық Жерді қашықтықтан зондтау жерсерігінің (ЖҚЗ ҒЖ) ұшырылуына арналды және жыл сайын 12 сәуірде атап өтілетін Адамның ғарышқа ұшқан халықаралық күніне орайластырылды. 
Толығырақ