Главная Новости

Новости

12.09.2015
Мемлекет Басшысы Айдын Аимбетовті жерге оралуымен құттықтады

АСТАНА. ҚАЗАҚПАРАТ – Қазақстанның Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Халықаралық ғарыш стансасынан  оралған «Союз ТМА-16М» ғарыш кемесінің халықаралық экипажын құттықтады. 

«Біз сендерге тілектес болдық, сендерді уайымдадық, күттік.  Әрине қазақстандықтар ғарышта болып келген үшінші ғарышкер Айдынды  уайымдады. Бұл Байқоңыр ғарышайлағының мерейтойы жылында айрықша мәнді. 1960 жылы әлемдегі ең ірі ғарышайлағының құрылысы басталды.  Тап осы ғарышайлағынан адам жердің тартылыс күшін жеңіп шықты. Ғарышқа ұшқан бірінші жерсерік, бірінші адам. Содан бастап біз Байқоңыр ғарышайлағынан ұшқандарды өзіміздің жерлестеріміз сияқты қабылдаймыз. Ұшу ойдағыдай өткеніне және ойдағыдай оралғандарыңызға  сіздермен бірге қуанамыз», - деді Нұрсұлтан Назарбаев. 

Президент атап өткендей, әлемде 200 мемлекет, «бірақ ғарышқа өз ғарышкерін ұшыру бақытына ие болғандар сирек. Біз осы сиректердің қатарындамыз. Роскосмостың, Ресей Федерациясы басшылығының қолдауымен біз ғарышкерлерді оқыттық және ұшырдық. Алғашқы - Тохтар (Әубәкіров – Қазақстанның алғашқы ғарышкері), екінші - Талғат (Мұсабаев), үшінші - Айдын. Біз өте қуаныштымыз, сендерді туған жерге оралуымен құттықтаймыз», - деп қосты ол. 

Сондай-ақ, Мемлекет Басшысы ғарышта болудан рекорд жасаған ресей ғарышкері Геннадий Падалканы да құттықтады. Өз кезегінде  астронавт жылы сөздер мен құшақ жайып қарсы алған үшін алғыс айтты.   

«Бүгін үш елдің халықаралық ғарыш экипажының өкілдері ұшу бағдарламасы аяқтап, қонақ жай қазақ жеріне оралды. Ұзын төсенішпен келе жатып көп жастарды көрдім. Бұл еліктеу үшін жақсы үлгі», - деп атап өтті  Геннадий Падалка.

Халықаралық экипажда Қазақстанның өкілі болу жоғары сеніміне ие болғаныма  қуаныштымын деді  Айдын Аимбетов. «Қазақстандық ғылыми эксперименттер бағдарламасы орындалды және Сіздің басшылығыңызбен еліміз алға жылжығанына және ғарыш қызметі дамығанына өте қуаныштымын»,- деді ол.

Данияның алғашқы  астронавты Андреас Могенсен ең соңында «бұл егер біз бірлесіп және ешқандай шекараларсыз жұмыс істесек көп нәрсеге қол жеткізетініміздің тамаша мысалы»,- деп қосты.


Жобалар
ЖҚЗ
«Қазақстан Республикасының Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесін құру» жобасы
қосымша ақпарат
ЖСНЖ
«Қазақстан Республикасының жоғарыдәлдікті спутниктік навигация жүйесінің жерүсті инфрақұрылымын құру» жобасы
қосымша ақпарат
ҚұСК
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат
ТК 66
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат

Қазақстандағы ғарыш күндері

«Қазақстандағы ғарыш күндері» халықаралық семинары 2013 жылы  10 – 11 сәуірде Астана қ., «Rixos President Astana» қонақүйінде өткізілді. Семинар бірінші қазақстандық Жерді қашықтықтан зондтау жерсерігінің (ЖҚЗ ҒЖ) ұшырылуына арналды және жыл сайын 12 сәуірде атап өтілетін Адамның ғарышқа ұшқан халықаралық күніне орайластырылды. 
Толығырақ