Новости — gharysh.kz
Главная Новости

Новости

12.09.2015
Мен де ұшқыш болғым келеді! – ғарышкердің баласы Әмір Аимбетов

АСТАНА. ҚАЗАҚПАРАТ – Бүгін жезқазған даласында ғарышкерлер қонған жерде  қарсы алушылар арасында қазақстандық ғарышкер Айдын Аимбетовтің баласы – Әмір де болды. 

Стартқа дейін бір ай бұрын біз Аимбетовтердің үйінде болдық және қазір Жұлдызды қалашықта дайындықта жүрген ғарышкердің отбасымен таныстық. 

Айдынның зайыбы - Лилия – Байқоңырдан шыққан. Ленинск  (қазір Байконыр) қаласында туған, сонда орта мектепті бітірген және содан кейін бүкіл отбасы Талдықорғанға көшкен. 

«Біз Байқоңырда кездескен жоқпыз, - деп күледі Лилия. – Талдықорғанда біз  Айдынның отбасымен көрші болдық, сонда таныстық. Менің әкем  әскери бөлімшеде жұмыс істеді, Айдын сонда Армавир жоғары әскери авиация училищесін аяқтағаннан кейін қызмет етті. Байқоңырда тұрғанда мен әрине  жұбайым ұшқыш немесе ғарышкер болғанын, бірақ бұл шын болсыншы деп армандайтынмын! Мені қолдаған Жаратушыма және тағдырыма ризамын». 

Аимбетовтердің балаларының тұңғышы, ұлы Әмір 17-де, ол астаналық 53 мектептің 11-сыныбында оқиды. Әмір әкесіне, әсіресе – қатты айқайламай, бірақ жылдам, команда бергендей анық сөйлеу үлгісімен ұқсайды. Жоғары сынып оқушысының бөлмесінде тұтас бір қабырға Әлемге арналған – ашық ғарыштың суретімен фотообоилар. «Мен де әкем сияқты ұшқыш болғым келеді. Бұл үшін жақсы білім алу, спортпен айналысу керек екенін білемін», - дейді Әмір. Бозбала төрт жыл каратэмен айналысады екен, осы спорт түрінен маңызды марапаттары бар екен, баскетболмен айналысады және мектепте жақсы оқиды. Бірнеше жыл Астананың авиамектебіне барады. 32 сағат ұшудың 18 сағатын ұшақты өзі басқарған. 

«Мен де ағам сияқты авиация жүйесінде жұмыс істегім келеді», - дейді  14 жасар қызы Диана. «Ғарышкер болу арманының жолында әкемізге қалай қиын болғанын көрдік. Біз үшін ол – барлығында, бұл еңбекке, адамдарға, өмірге деген қарым-қатынасында үлгі». 

Ең кіші және сүйікті қызы Даяна екінші сыныпта оқиды. «Мен әкемді жақсы көремін және ол әлемде ең күшті екенін білемін», - деп күлімдейді Даяна. Байқоңырда  әкесін шығарып салған уақытта Даяна ең күшті және сабырлы болды. Ғарышайлағындағы баспасөз конференциясынан кейін баланы қалың топ болып қоршаған журналистердің «соққысын» дәл өзіне ұстауға тұра келді.
«Бұл уақытта біздің баспасөзге қарайтын жайымыз болған жоқ, ұшуды уайымдап біз бірнеше күн ұйықтаған жоқпыз. Тек жақсылықты ойлауға тырыстық, бірақ неше түрлі ойлар келді», - дейді Лилия. Айдынның анасы, менің енем Жұмагүл ана да Байқоңырға келді. Сол кісінің аналық дуғасының арқасында барлығы ойдағыдай өтті». 

 «Біздің отбасымыздың басы Ақан Рыскельдіұлы қазір 74-те болар еді, ол кісі 8 жыл бұрын қайтыс болды. Ғарышқа ұшу үшін  Айдын барлық емтихандардан өткенін ол кісі білді және әрдайым баласына сенетін», - дейді Жұмагүл апай. Айдын – біздің отбасымызда  екінші бала, бірінші ұлымыз Айдар Айдыннан бірақ жас үлкен, ол ҚР Шекара әскерлері департаментінің әскери қызметшісі. Қызымыз Дина үй шаруашылығымен айналысады. Кіші ұлымыз Әлимир 33 жаста, ол «Эйр Астана» ұлттық компаниясында жұмыс істейді. 

Тап бүгін, Қазақстанда тойланып отырған Отбасы күні біз 12 жыл өзінің жұлдызды сағатын күткен, ғарышқа ұшуға дайындалып қана қоймай, өзінің зайыбы Лилиямен жақсы, мақтауға тұрарлық балаларын өсірген нағыз батыр, ұшқыш-ғарышкер, тамаша отағасы Айдын Аимбетовті ғарыштан қарсы алып отырғанымыз жай емес.

Мүмкін жақын арада Айдын Аимбетовтің, ұшқыш болам деп армандайтын баласы біздің қазақстандық ғарышкерлердің қатарын толтырар. 

Өмірбаян 

Аимбетов Айдын Ақанұлы 1972 жылы 27 шілдеде Қазақстан Республикасы Талдықорған облысы, қазір Алматы облысы, Талдықорған ауданының Өтенай ауылында (бұрын Заря Коммунизма) туды. Ұлты қазақ. 

Білімі:

1989 жылы Талдықорған қаласының №20 орта мектебін алтын медальмен аяқтады. Сол 1989 жылы Бас авиация маршалы П. С. Кутахов атындағы Армавир жоғары әскери авиациялық Қызыл ту училищесіне түсті, оны 1993 жылы «командалық тактикалық жойғыш авиациясы» мамандығы бойынша аяқтады және ұшқыш-инженер біліктілігін алды. 

2006 жылы И.Жансүгіров атындағы Жетысу мемлекеттік университетінің физика-математикалық факультетінің, «физика және информатика» мамандығы бойынша толық курсын аяқтап шықты.
Әскери қызмет: 

1993 жылғы мамырдан бастап Қазақстан Республикасы Қарулы күштер қатарында қызмет етті: 

1993-1994 жылдары Жамбыл облысы Луговая стансасы 64207 ә/б, ұшқыш болып қызмет етті; 

1994-2000 жылдары Талдықорған қаласында  21751 ә/б аға ұшқыш болып қызмет етті; 

2000-2003 жылдары Талдықорған қаласында  21751 ә/б Су-27 авиациялық эскадрильяның авиация бөлімінің командирі болып қызмет етті; 

А. Аимбетовтің  470 сағаттан артық ұшуы бар. Ол 4 түрлі ұшақты игерді (Л-39, Миг-23, МиГ-23МЛД, Миг-27, Су-27). А.Аимбетов парашютпен 360 ретен артық секірген, парашюттік-десанттық даярлық нұсқаушысы болып табылады. Сүңгуір-офицер. 

Ғарыштық даярлық:

Ғарышкерлер жасағына кіруге бірінші өтінішін 1993 жылы берді. А.Аимбетов Ғарышкерлер жасағына кіруге қайта өтінішін 2001 жылы 5 мамырда берді. 2002 жылғы жазда бірлескен ғарыштық ұшу өткізу туралы қазақстандық ресейлік уағдаластықты іске асыру шеңберінде А.Аимбетов Мәскеудегі ИМБП комиссиясынан өтті. 

Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Қазақстан Республикасы ғарышкеріне кандидаттар іріктеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 2002 жылы 9 қарашадағы ресейлік өкілдердің қатысуымен өткен отырысында  А.Аимбетов Қазақстан Республикасының ғарышкерлер жасағына енгізуге ұсынылды. 

А.Аимбетов 2002 жылы 17 желтоқсанда Бас медициналық комиссиядан (БМК) өтті және арнайы жаттығуларға рұқсат алды. 

2003 жылы 29 мамырда Росавиакосмостің Мемлекеттік ведомствоаралық комиссиясының (МВК) шешімімен ғарышкерге ресей кандидаттары тобының құрамында А.Аимбетовті даярлау туралы шешім қабылданды. 

2003 жылы 16 маусымда А.Аимбетов РГНИИ ЦПК-да Жалпы ғарыштық даярлықтан (ЖҒД) өте бастады. ЖҒД аяқталуына орай 2005 жылы 28 маусымда ол ЦПК-да мемлекеттік емтихандарды «өте жақсы» бағамен тапсырды. Ведомствоаралық біліктілік комиссияның (ВБК) шешімімен 2005 жылы 5 шілдеде оған «ұшқыш-сынақшы» біліктілігі берілді. 

2005-2009 жылдары Халықаралық ғарыш стансасына ұшу бағдарламасы жөніндегі топта даярлығын жалғастырды. 

2008 жылы қазан айында Қазақстан мен Роскосмос арасында 2009 жылы күзде «Союз» кемесінде қазақстандық ғарышкерді ұшыру туралы келіссөз басталғаннан кейін негізгі экипаж мүшесіне кандидат ретінде қаралды. Ұшу 2009 жылы 30 қыркүйекке жоспарланды. Ғарышкерлерді даярлау орталығында даярлықты аяқтағаннан кейін ол Қазғарыш жүйесінде жұмысын жалғастырды. 

2009-2010 жылдары А.Аимбетов Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі төрағасының кеңесшісі болып жұмыс істеді. 

2010-2011 жылдары ол Қазғарыштың ғарыш қызметін дамыту департаменті директорының қызметін атқарды. 

2011 жылғы наурыздан бастап ол Қазғарыштың «Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар» АҚ «Сұлтанғазин атындағы ғарыштық зерттеулер институты» ЕЖШС-те ғарыштық технологияларды ақпараттық-біліммен қамтамасыз ету бөлімі бастығының орынбасары қызметін атқарды.   

2014 жылғы сәуірден бастап А.Аимбетов Қазғарыштың «Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар» АҚ «Ғарыштық зерттеулер институты» ЕЖШС директорының орынбасары болды. 

2012 жылғы көктемнен бастап А.Аимбетов Астана қаласындағы Оқушылар сарайында Жас ғарышкерлер мектебінде сабақ берді, «3D модельдеу» үйірмесіне басшылық етті. 

Қазақстан Республикаксы Үкіметінің 2012 жылғы 12 қазандағы № 1304 қаулысымен А.Аимбетовке Қазақстан Республикасының ғарышкері мәртебесі берілді.

Әскери атағы: ҚР полковник ВВС РК (в 2008г.)

null null null null null null null null




Жобалар
ЖҚЗ
«Қазақстан Республикасының Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесін құру» жобасы
қосымша ақпарат
ЖСНЖ
«Қазақстан Республикасының жоғарыдәлдікті спутниктік навигация жүйесінің жерүсті инфрақұрылымын құру» жобасы
қосымша ақпарат
ҚұСК
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат
ТК 66
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат

Қазақстандағы ғарыш күндері

«Қазақстандағы ғарыш күндері» халықаралық семинары 2013 жылы  10 – 11 сәуірде Астана қ., «Rixos President Astana» қонақүйінде өткізілді. Семинар бірінші қазақстандық Жерді қашықтықтан зондтау жерсерігінің (ЖҚЗ ҒЖ) ұшырылуына арналды және жыл сайын 12 сәуірде атап өтілетін Адамның ғарышқа ұшқан халықаралық күніне орайластырылды. 
Толығырақ