Главная Новости

Новости

18.09.2015
Қазақстандық ЖҚЗ жерсеріктері астық – 2015 жинауға мониторинг жүргізуде

АСТАНА.ҚАЗАҚПАРАТ – «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ  ауылшаруашылық өндіріске ғарыштық мониторинг жүргізуде. 

Бұл туралы біздің агенттікке «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ Геоақпараттық технологиялар орталығының директоры Оңғарбек Әліпбеки хабарлады.   

«Жұмыс ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетімен жасасқан шарт негізінде көктемде бастылып қойды», - дейді О.Әліпбеки 

Ауылшаруашылық мониторингі нысандарының қатарына негізгі дәнді дақылдар өсіретін аудандар: Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстары, сондай-ақ күріш егетін Қызылорда облысы кірді. 

Ғарыштық мониторинг бірнеше кезеңмен өткізілді, олар агроөндірістің негізгі фазаларымен сай келді. 

Мониторингтің бірінші кезеңіне жаздық дәнді дақылдар  топырағының метрлік қабатындағы көктемгі ылғалды жерсеріктік бағалау кіреді. Мониторинг нәтижелері бойынша топырақтың метрлік қабатындағы өнімді ылғалдың оңтайлы запастары Солтүстік Қазақстан облысының үлкен бөлігінде, Ақмола облысының Астрахан, Бурабай, Еңбекшілдер, Есіл, Зеренді, Қорғалжын, Шортанды, Целиноград,Сандықтау аудандарының және Қостанай облысы Қостанай ауданының аумағында бар текені анықталды. Қостанай облысы Амангелді, Наурызым, Жангелді аудандарының егіс алқаптарында ылғалдың запастары жеткіліксіз деп анықталды. Зерттеліп жатқан қалған аумақта  топырақтың метрлік қабатындағы өнімді ылғалдың запастары қанағаттанарлық деп белгіленген. 

«Ғарыштық мониторинтің екінші кезеңіне егіс алқаптарын жерсеріктік бағалау кірді және отандық жерсеріктерді қолдану егістіктердің шекаралары мен аудандарын талдап тексеруге мүмкіндік берді. Өсіп-өну кезеңінде егістіктер жағдайына мониторинг, ластануын бағалау, өнімділікті және Жерді қашықтықтан зондтау деректері бойынша бидайдың жалпы көлемін болжау жүргізілді. Осының барлығы ғарыштық мониторинг қызметтеріне кіреді» - дейді геоақпараттық технологиялар директоры. 

Мысалы, ЖҚЗ деректері бойынша, Қазақстанның солтүстік облыстарында ауылшаруашылық дақылдар егістігінің шамамен 80% өсіп-өну жағдайлары бойынша қанағаттанарлық және жақсы жағдайда. Егістіктердің ең жақсы жағдайы Солтүстік Қазақстан облысында екені белгіленді. 

«Қазіргі уақытта «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ мамандары ғарыштық мониторингтің төртінші кезеңін тапсыруға дайындалуда – бұл жазғы ауылшаруашылық дақылдардың жинау ауданын жерсеріктік бағалау», - дейді О.Әліпбеки. 

Геоақпараттық технологиялар орталығы тақырыптық өңдеу бөлімінің бастығы Гүлнар Қабжанова бізге ЖҚЗ деректерінің негізінде бөлім мамандары күн сайын жаңартып отыратын егістіктер картасын көрсетті.  «Мұнда астық жинаудың шынайы көрінісі берілген, суретте әртүрлі түстермен жиналған және жиналмаған егістіктер көрсетілген. Бұл нақты ақпарат Ауыл шаруашылығы министрлігіне жұмыстарды бақылау және егін жинау кампаниясын табысты аяқтау үшін қажет», - деді Г.Қабжанова.

«Астық- 2015 ғарыштық мониторингінің соңғы қорытындылары 2015 жылдың 10 қарашасында шығарылады. Барлық жоспарланған жұмыстар сатып алынатын қызметтердің техникалық сипаттізімдеріның талаптары сақталуымен уақытында және толдық көлемде орындалуда», - деді сөзінің соңында «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ Геоақпараттық технологиялар орталығының директоры Оңғарбек Әліпбеки.

уборка урожая.jpg


Жобалар
ЖҚЗ
«Қазақстан Республикасының Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесін құру» жобасы
қосымша ақпарат
ЖСНЖ
«Қазақстан Республикасының жоғарыдәлдікті спутниктік навигация жүйесінің жерүсті инфрақұрылымын құру» жобасы
қосымша ақпарат
ҚұСК
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат
ТК 66
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат

Қазақстандағы ғарыш күндері

«Қазақстандағы ғарыш күндері» халықаралық семинары 2013 жылы  10 – 11 сәуірде Астана қ., «Rixos President Astana» қонақүйінде өткізілді. Семинар бірінші қазақстандық Жерді қашықтықтан зондтау жерсерігінің (ЖҚЗ ҒЖ) ұшырылуына арналды және жыл сайын 12 сәуірде атап өтілетін Адамның ғарышқа ұшқан халықаралық күніне орайластырылды. 
Толығырақ