Главная Новости

Новости

18.09.2015
Қазақстанда ғарыш саласының мамандарын даярлайды

АСТАНА. ҚАЗАҚПАРАТ - Л.Гумилев атындағы Еуразия университеті ҮИИД МБ шеңберінде ғарыш саласының шамамен 80 маманын даярлап шығарады, деп хабарлады Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев. 

"ЕҰУ бүгінгі таңда жаңа ғарыш индустриясы үшін мамандар даярлайды, онда біз 2 бағытты таңдап алдық. Бұл қашықтықтан зондтау – қазір бізде 4 жерсерігіміз бар, оның 2-і қашықтықтан зондтаумен. Екінші бағыт – бұл ғарыш аппараттарын құрастыру-сынау кешені. Бізде ешқашан мұндай мамандар болған жоқ, енді болады, қазір жаңа бағдарлама бойынша  және ағылшын тілінде алғашқы 80 адам даярлануда ", - деп нақтылады Ә.Исекешев.

Идара басшысының деректері бойынша ҮИИД МБ шеңберінде 2020 жылға қарай жаңа форматта барлығы 60 мың адам даярланады. Олардың 19 мыңы жоғары білімді түлектер. Оларды жаңа бағдарлама бойынша біз ертеде іріктеп алған 10 колледж бен жоғары оқу орыны даярлайтын болады. «Индустриямыз жоғары білімді мамандармен қамтамасыз етілу үшін жыл сайын кадрлар даярлау қажет», - деп қорытындылады сөзін министр.


Жобалар
ЖҚЗ
«Қазақстан Республикасының Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесін құру» жобасы
қосымша ақпарат
ЖСНЖ
«Қазақстан Республикасының жоғарыдәлдікті спутниктік навигация жүйесінің жерүсті инфрақұрылымын құру» жобасы
қосымша ақпарат
ҚұСК
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат
ТК 66
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат

Қазақстандағы ғарыш күндері

«Қазақстандағы ғарыш күндері» халықаралық семинары 2013 жылы  10 – 11 сәуірде Астана қ., «Rixos President Astana» қонақүйінде өткізілді. Семинар бірінші қазақстандық Жерді қашықтықтан зондтау жерсерігінің (ЖҚЗ ҒЖ) ұшырылуына арналды және жыл сайын 12 сәуірде атап өтілетін Адамның ғарышқа ұшқан халықаралық күніне орайластырылды. 
Толығырақ