Новости — gharysh.kz
Главная Новости

Новости

09.10.2015
Қазақстанның ғарыш ведомствосы украиндық тараппен тығыз жұмыс істейтін болады - Н.Назарбаев

АСТАНА. ҚАЗАҚПАРАТ – Қазақстанның ғарыш ведомствосы украиндық тараппен тығыз жұмыс істейтін болады. Бұл туралы ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Украина Президенті Петр Порошенкомен Ақордада өткен кездесуден кейінгі брифинг барысында хабарлады. 

«Бүгін «Байқоңыр» ғарышайлағы жалгерлікте, біз бірге жұмыс істейміз. Қазақстан өз қажеттілігі үшін бірнеше жерсерік ұшырды, үш ғарышкер ғарышта болып келді. Біз «Бәйтерек» деп аталатын ресейлік-қазақстандық жобамен жұмыс істейміз, бірақ таза отынмен жеңілірек зымыран туралы мәселені шеше алмай қойдық. Біз украиндық достармен «Зенит», «Днепр» зымырандары бойынша әрдайым жұмыс жүргіздік, бірақ үш жақты тәртіпте уағдаласқан жоқпыз», - деді Н. Назарбаев.
ҚР Президенті Қазақстанның ғарыш ведомствосы украиндық тараппен тығыз жұмыс істейтінін, Украинада бар зымыран-тасығышты, қажет болғандықтан зерттейтінін атап өтті.

Өз кезегінде П.Порошенко Украинада ғарыш ынтымақтастығы үшін бірқатар жаңа жобалар барын мәлімдеді. Оның айтуынша Украинаның тәжірибесі мен технологиялары және Қазақстанның мүмкіндіктері екі елдің әлеуетінің синергиясына әкелуі мүмкін.


Жобалар
ЖҚЗ
«Қазақстан Республикасының Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесін құру» жобасы
қосымша ақпарат
ЖСНЖ
«Қазақстан Республикасының жоғарыдәлдікті спутниктік навигация жүйесінің жерүсті инфрақұрылымын құру» жобасы
қосымша ақпарат
ҚұСК
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат
ТК 66
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат

Қазақстандағы ғарыш күндері

«Қазақстандағы ғарыш күндері» халықаралық семинары 2013 жылы  10 – 11 сәуірде Астана қ., «Rixos President Astana» қонақүйінде өткізілді. Семинар бірінші қазақстандық Жерді қашықтықтан зондтау жерсерігінің (ЖҚЗ ҒЖ) ұшырылуына арналды және жыл сайын 12 сәуірде атап өтілетін Адамның ғарышқа ұшқан халықаралық күніне орайластырылды. 
Толығырақ