Главная Новости

Новости

30.09.2015
Қазақстанда жерсеріктік навигациялық аппаратураның сәйкестігін бағалау зертханасы тіркелді

АСТАНА. ҚАЗАҚПАРАТ – 2015 жылы құрылған  навигациялық аппаратураның сәйкестігін бағалау зертханасын (СБЗ) Ұлттық аккредиттеу орталығы тіркеді деп хабарлайды «Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясы» АҚ баспасөз қызметі. 

Зертхана Жоғарыдәлдікті жерсеріктік навигация жүйесі (ЖЖНЖ) орталығының құрамына кіреді және GPS NavStar, ГЛОНАСС, Galileo ғаламдық навигациялық жерсеріктік жүйелердің және SBAS функционалдық қосымшасының сигналдары бойынша жұмыс істейтін, өлшеу құралы болып табылатын жерсеріктік навигациялық аппаратураны тексеру қызметтерін ұсынуға, сондай-ақ жерсеріктік навигацияның ғылыми зерттеулерін жүргізуге арналған. 

Біздің агенттігімізге «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ ЖЖНЖ орталығының СБЗ бастығы Арман Беймішек айтқандай жерсеріктік навигациялық аппаратураны тексеру навигациялық және жиіліктік-уақытша параметрлердің қателіктерін өлшеу, теңіз, құрлықтағы, авиация, ғарыш, геодезиялық және басқа арнайы қолданудың техникалық мүмкіндіктерін айқындау болып табылады 

Зертхананың ГНЖЖ (ГЛОНАСС/GPS/GALILEO/SBAS) сигналдарын ұқсастыру бірегей жүйесі бар, бұл ұшу аппараттарында, жер бетіндегі көлікте (ТЖ және авто), геодезиялық жабдықтарда, сондай-ақ болашақты жерсеріктік навигация түрлерін сынау кезінде қолданылатын жерсеріктік навигациялық аппаратураның дәл сипаттамаларына жасалатын өлшемдерді толық жүргізуге мүмкіндік береді. 

ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС 2015 жылғы 28 қыркүйектегі № 15-7540 бұйрығымен СБЗ «Сынау және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне жалпы талаптар» деген ҚР СТ ИСО/МЭК 17025-2007 талаптарына сәйкестікке тіркелді. Сонымен біздің зертханамыз тірке саласына сәйкес жерсеріктік навигациялық аппаратураны тексеру қызметтерін көрсету құқығын алды», - деп атап өтті А. Беймішев. 

Зертхананың қызметі туралы толығырақ ақпаратты www.los.kz. интернет-ресурсынан табасыз.

cdcy (10 of 10).jpg

DSCN1381.jpg

cdcy (3 of 10).jpg

DSCN1378.jpg


Жобалар
ЖҚЗ
«Қазақстан Республикасының Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесін құру» жобасы
қосымша ақпарат
ЖСНЖ
«Қазақстан Республикасының жоғарыдәлдікті спутниктік навигация жүйесінің жерүсті инфрақұрылымын құру» жобасы
қосымша ақпарат
ҚұСК
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат
ТК 66
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат

Қазақстандағы ғарыш күндері

«Қазақстандағы ғарыш күндері» халықаралық семинары 2013 жылы  10 – 11 сәуірде Астана қ., «Rixos President Astana» қонақүйінде өткізілді. Семинар бірінші қазақстандық Жерді қашықтықтан зондтау жерсерігінің (ЖҚЗ ҒЖ) ұшырылуына арналды және жыл сайын 12 сәуірде атап өтілетін Адамның ғарышқа ұшқан халықаралық күніне орайластырылды. 
Толығырақ