Главная Новости

Новости

22.09.2015
KazEOSat-1 қазақстандық жерсерігі Жаңаөзендегі өртті суретке түсіріп алды

АСТАНА.ҚАЗАҚПАРАТ – KazEOSat-1 Жерді қашықтықтан зондтау (ЖҚЗ) қазақстандық жерсерігі Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының маңындағы өрттің ғарыштық түсірілімдерін жасады. 

Бұрын хабарланғандай, 18 қыркүйекте Қарақиян ауданындағы мұнай қалдықтарын құятын қамбаның, алаңы 5000 шаршы метр аумағында басталған өрт қазір саябырлады. 

«Оқиға 18 қыркүйекте 17 сағат 05 минутта болды, 19 қыркүйекте тал түсте ғарыш аппараты Маңғыстау облысы аумағының үстінде болды және берілген тапсырма бойынша біздің мамандар өрт болып жатқан жерді түсіріп алды. Түсірілімдер өңделді және ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Төтенше жағдайлар комитетіне тапсырылатын болады», - деп хабарлады біздің агенттікке «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ баспасөз қызметі. 

«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ құрамында KazEOSat-1» (кеңістікті айыру қабілеті жоғары 1 м), «KazEOSat-2» (кеңістікті айыру қабілеті орта - 6,5м.) екі оптикалық ғарыш аппараты, ЖҚЗ ҒА жерүсті басқару кешені және ЖҚЗ ҒЖ ғарыш деректерін қабылдау және өңдеу жерүсті мақсатты кешені бар Қазақстан Республикасы Жерді қашықтықтан зондтау толыққанды ғарыш жүйесінің меншік иесі екені белгілі. 

KazEOSat-1 айыру қабілеті жоғары жерсерік 2014 жылы 30 сәуірде ұшырылды.  Белсенді  тіршілік ету мерзімі - 7 жылдан кем емес. Панхроматикалық режимдегі жергілікті линиядағы айыру қабілеті –1м, мультиспектрлі режимдегі жергілікті кеңістікті айыру қабілеті – 4м. Мультиспектрлі арналар саны – 4, стереотүсіру мүмкіндігі бар; Қамту алабы – 20 км кем емес. Қайта түсіру кезеңі (Қазақстан аумағындағы нүктелер) – 5 күн надирде және 35 градусқа дейін қисайғанда 2-3 тәулік. 

KazEOSat-2 айыру қабілеті орта жерсерік 2014 жылы 20 маусымда ұшырылды. Белсенді  тіршілік ету мерзімі - 7 жылдан кем емес. Мультиспектрлі режимдегі жергілікті кеңістікті айыру қабілеті – 6,5м, Мультиспектрлі арналар саны – 5, стереотүсіру мүмкіндігі бар; Қамту алабы – 77 км кем емес. Қайта түсіру кезеңі (Қазақстан аумағындағы нүктелер) – 4 тәулік.

zhanaozen.jpg
zhanaozen_1 (2).jpgzhanaozen_2109_light.jpg


Жобалар
ЖҚЗ
«Қазақстан Республикасының Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесін құру» жобасы
қосымша ақпарат
ЖСНЖ
«Қазақстан Республикасының жоғарыдәлдікті спутниктік навигация жүйесінің жерүсті инфрақұрылымын құру» жобасы
қосымша ақпарат
ҚұСК
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат
ТК 66
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат

Қазақстандағы ғарыш күндері

«Қазақстандағы ғарыш күндері» халықаралық семинары 2013 жылы  10 – 11 сәуірде Астана қ., «Rixos President Astana» қонақүйінде өткізілді. Семинар бірінші қазақстандық Жерді қашықтықтан зондтау жерсерігінің (ЖҚЗ ҒЖ) ұшырылуына арналды және жыл сайын 12 сәуірде атап өтілетін Адамның ғарышқа ұшқан халықаралық күніне орайластырылды. 
Толығырақ