Новости — gharysh.kz
Главная Новости

Новости

23.09.2015
Қазақстан мен Өзбекстан ғарыштық технологиялар саласында ынтымақтастықты жоспарлайды

АСТАНА. ҚАЗАҚПАРАТ - Өзбекстан KazEOSat-1 және KazEOSat-2 Жерді қашықтықтан зондтау қазақстандық жерсеріктерінен ғарыш түсірілімдерін сатып алуға мүдделі, деп хабарлайды «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ  (ҚҒС) баспасөз қызметі. 

«ҚҒС» ҰК» АҚ мамандары «KAZNEX INVEST»АҚ қолдауымен Өзбекстан астанасында ұйымдастырылған «Өзбекстан-Қазақстан: сауда миссиясы» бизнес-форумына қатысты. 

Бизнес-форум аясында қазақстандық ғарыш компаниясының қызметкерлері Мемкомгеология жанындағы «Жерді қашықтықтан зондтау және ГАЖ технологиялар орталығы» МК, Өзбекстан Ғылым академиясы Астрономиялық институтының, Ташкент ирригация және мелиорация институтының, Өзбекстан Республикасы Жер ресурстары, геодезия, картография және мемлекеттік кадастр жөніндегі мемлекеттік комитеті жанындағы Ұлттық геодезия мен картография орталығының, Геология және мұнай және газ кен орындарын барлау орталығы «ИГРНИГМ» ААҚ өкілдерімен кездесу өткізді. «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ мамандары форум қатысушыларына Өзбекстан аумағында Жерді қашықтықтан зондтау KazEOSat-1 және KazEOSat-2 қазақстандық ғарыш аппараттарының мүмкіндіктерін көрсетті. 

Сонымен қатар, тараптар ЖҚЗ және геоақпараттық технологиялар деректерін пайдалану саласындағы тәжірибемен алмасты, ЖҚЗ қазақстандық ғарыш аппараттарынан алынған түсірілімдерді пайдаланумен ғарыштық түсіру нәтижелерін қолдану жөніндегі бірлескен жобаларға қатысуды талқылады. 

Өткізілген келіссөздер қорытындылары бойынша Өзбекстанның мемлекеттік ұйымдары қазақстандық ғарыш аппараттарынан ЖҚЗ деректерін Өзбекстан аумағында пайдалануға үлкен қызығушылық білдірді.

Тараптар ынтымақтастық туралы тиісті келісімге, сондай-ақ ЖҚЗ жөніндегі дистрибьюторлық келісімге Астанада 2015 жылы 27 қарашада өтетін, «Қазақстандағы ғарыш күндері - 2015» алдағы III халықаралық семинарда қол қоюға ниетті.

IMG_2990.jpg

IMG_2992 (2).jpg

IMG_2983.jpg

IMG_2997.jpg


Жобалар
ЖҚЗ
«Қазақстан Республикасының Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесін құру» жобасы
қосымша ақпарат
ЖСНЖ
«Қазақстан Республикасының жоғарыдәлдікті спутниктік навигация жүйесінің жерүсті инфрақұрылымын құру» жобасы
қосымша ақпарат
ҚұСК
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат
ТК 66
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат

Қазақстандағы ғарыш күндері

«Қазақстандағы ғарыш күндері» халықаралық семинары 2013 жылы  10 – 11 сәуірде Астана қ., «Rixos President Astana» қонақүйінде өткізілді. Семинар бірінші қазақстандық Жерді қашықтықтан зондтау жерсерігінің (ЖҚЗ ҒЖ) ұшырылуына арналды және жыл сайын 12 сәуірде атап өтілетін Адамның ғарышқа ұшқан халықаралық күніне орайластырылды. 
Толығырақ