Новости — gharysh.kz
Главная Новости

Новости

23.09.2015
Қазақстандық ғарышкер Айдын Аимбетов Жұлдызды қалашықта оңалтудан өтуде

АСТАНА. ҚАЗАҚПАРАТ Қазақстандық ғарышкер Айдын Аимбетов 10 тәуліктік ғарыштық ұшудан кейін Жұлдызды қалашықта оңалту курсын өтуде. Оңалту жақсы өтуде деп хабарлайды Қазғарыштың баспасөз қызметі. 

Қазғарыш ұсынған суретте Айдын Аимбетов электрокардиограммадан және қанды биохимиялық талдау үдерісін өтуде. 

Салмақсыздықта барлық бұлшық еттер семіп қалатыны және жүректі ұдайы бақылау керек екені белгілі. Салмақсыздықта кез келген ғарышкердің қанының мөлшері 30-40 % азаяды және ғарыштық ұшудан кейін мамандар қан құрамы қалпына қалай келетінін тексереді деп Қазғарыштың баспасөз қызметі суреттерге түсінік береді. 

Қазақстанға Айдын Аимбетов оңалту курсы аяқталғаннан кейін үстіміздегі жылдың қазан айының ортасында оралады деп күтілуде. 

2.jpg 1.jpg


Жобалар
ЖҚЗ
«Қазақстан Республикасының Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесін құру» жобасы
қосымша ақпарат
ЖСНЖ
«Қазақстан Республикасының жоғарыдәлдікті спутниктік навигация жүйесінің жерүсті инфрақұрылымын құру» жобасы
қосымша ақпарат
ҚұСК
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат
ТК 66
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат

Қазақстандағы ғарыш күндері

«Қазақстандағы ғарыш күндері» халықаралық семинары 2013 жылы  10 – 11 сәуірде Астана қ., «Rixos President Astana» қонақүйінде өткізілді. Семинар бірінші қазақстандық Жерді қашықтықтан зондтау жерсерігінің (ЖҚЗ ҒЖ) ұшырылуына арналды және жыл сайын 12 сәуірде атап өтілетін Адамның ғарышқа ұшқан халықаралық күніне орайластырылды. 
Толығырақ