Новости — gharysh.kz
Главная Новости

Новости

28.09.2015
ЖЖНЖ орталығының бас инженері лайықты награда алды

АСТАНА. МЕНШІКТІ АҚПАРАТ – Қазақстанда қыркүйектің үшінші сәрсенбісінде атап өтілген Еңбек күні қарсаңында «Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясы» АҚ Жоғарыдәлдікті жерсеріктік навигация жүйесі орталығының бас инженері Амангелді Айнақұлов «Еңбек ардагері» медалімен марапатталды. 

Бүгін «Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясы» АҚ  президентінің м.а. Марат Нұрғожин Айнақұловқа ведомстволық награданы тапсырды. 

Компанияның басшысы бүкіл ұжымның атынан Амангелді Базаралыұлын, сіңірген еңбегін мойындай отырып, құттықтады және ЖЖНЖ орталығының бас инженері постында мықты денсаулық пен жаңа табыстар тіледі. 

А. Айнақұловтың жұмыс өтілі 48 жыл, оның 10 жылын ғарыш саласында істеді, «Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясы» АҚ 5 жыл. 

А.Б.Айнақұлов өзінің еңбек қызметін 1967 жылы Алматы облысы Андреев ауданының «Саратовский» совхозында жұмысшыдан бастады,1968 жылдан 1970 жылдар аралығында Кеңес армиясының қатарында, Орта Азия әскери округінің мотоатқыштар әскерінде қатардағы жауангер болып қызмет атқарды. 1976 жылдан бастап, Новосібір геодезия, аэрофототүсіру және картография инженерлері институтын аяқтағаннан кейін Қарағанды облысының кәсіпорындары мен ұйымдарында, «Астанабасжоспарда» жұмыс істеді. 

Әріптестері Амангелді Базаралыұлын өте жақсы маман, ынталы және жауапты қызметкер, жақсы жолдас ретінде біледі. Жасына қарамастан Айнақұлов әрдайым жігерлі, жинақты, тиянақты және сыпайы. ЖЖНЖ орталығы қызметкерлірінің пікірі бойынша Айнақұлов ЖЖНЖ ЖИ жобасын іске асыруға сүбелі үлес қосты. «Ол – кеңестік шынықтырудан өткен адам, талап қойғыш, принципшіл, адал», - дейді ол туралы «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ қызметкерлері.

Компания ұжымы А.Б.Айнақұловты лайықты наградамен құттықтайды!

IMG_0119.jpg

IMG_0126.jpg


Жобалар
ЖҚЗ
«Қазақстан Республикасының Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесін құру» жобасы
қосымша ақпарат
ЖСНЖ
«Қазақстан Республикасының жоғарыдәлдікті спутниктік навигация жүйесінің жерүсті инфрақұрылымын құру» жобасы
қосымша ақпарат
ҚұСК
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат
ТК 66
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат

Қазақстандағы ғарыш күндері

«Қазақстандағы ғарыш күндері» халықаралық семинары 2013 жылы  10 – 11 сәуірде Астана қ., «Rixos President Astana» қонақүйінде өткізілді. Семинар бірінші қазақстандық Жерді қашықтықтан зондтау жерсерігінің (ЖҚЗ ҒЖ) ұшырылуына арналды және жыл сайын 12 сәуірде атап өтілетін Адамның ғарышқа ұшқан халықаралық күніне орайластырылды. 
Толығырақ