Новости — gharysh.kz
Главная Новости

Новости

29.09.2015
Қазақстандық Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесі Германияда ұсынылды

АСТАНА. ҚАЗАҚПАРАТ - «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ өкілдері Штутгарт қаласындағы (Германия) «InterGeo – 2015» геодезия, геоинформатика және жерге орналастыру саласындағы, Еуропадағы аса ірі халықаралық көрме-конференцияға қатысты. 

Біздің агенттікке Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесінің өнімдері мен қызметтерін жылжыту басқармасының бастығы Гульнара Набиева  айтқандай Esri, Hexagon және Trimble сияқты аты әлемге әйгілі компаниялар осы көрменің демеушілері болды. Қазақстандық мамандар үшін InterGeo – 2015 қатысу «KAZNEX INVEST» экспорт және инвестициялар жөніндегі ұлттық агенттігі» АҚ қаржылық қолдауының арқасында мүмкін болды. 

Конференцияның жұмысына геодезия мен геоинформатика саласында қазіргі технологиялармен және жүйелі шешімдермен айналысатын барлығы 500 ұйымнан шамамен 15 мың өкіл қатысты. Бұл ретте олардың 140 тікелей ақпарат көзі ретінде INTERGEO тұғырын жүйелі түрде пайдаланатын БАҚ болды. 

«Алғашқы рет InterGeo – 2015 шеңберінде «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ қызметі, сондай-ақ ҚР ЖҚЗ ҒЖ мүмкіндіктері туралы әлемнің түрлі елдерінің 5 000 астам қатысушылар аудиториясының алдында тұсаукесер өткізілді», - дейді Г. Нәбиева. 

«KazEOSat-1» және «KazEOSat-2» қазақстандық ғарыш аппараттарынан алынған Жерді қашықтықтан зондтау өнімі мен қызметтері берілген 28 шаршы метр көрме стендті конференцияға келген мыңдаған қатысушы көрді, қазақстандық мамандар әлемнің 30 елінен келген 50 шетелдік ұйымның өкілдерімен келіссөз жүргізді.

«Біз халықаралық көрме ұйымдастыру және өткізу жөнінде жаңа тәжірибе алдық, бізге алдымызда Астанада өтетін «Қазақстандағы ғарыш күндері - 2015» халықаралық семинарға көптеген шетелдік қатысушы шақыру мүмкіндігі берілді, сонымен қатар біз ЖҚЗ жөніндегі ынтымақтастық мүмкіндігін талқыладық және әлемнің 10 елінен келген 15 компанияға қарау үшін дистрибьюторлық келісімдер жобаларын бердік», - деді сөзінің соңында Г. Нәбиева.

германия 1.jpg

IMG_9280.jpg

3.jpg

гульнара германия (2).jpg


Жобалар
ЖҚЗ
«Қазақстан Республикасының Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесін құру» жобасы
қосымша ақпарат
ЖСНЖ
«Қазақстан Республикасының жоғарыдәлдікті спутниктік навигация жүйесінің жерүсті инфрақұрылымын құру» жобасы
қосымша ақпарат
ҚұСК
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат
ТК 66
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат

Қазақстандағы ғарыш күндері

«Қазақстандағы ғарыш күндері» халықаралық семинары 2013 жылы  10 – 11 сәуірде Астана қ., «Rixos President Astana» қонақүйінде өткізілді. Семинар бірінші қазақстандық Жерді қашықтықтан зондтау жерсерігінің (ЖҚЗ ҒЖ) ұшырылуына арналды және жыл сайын 12 сәуірде атап өтілетін Адамның ғарышқа ұшқан халықаралық күніне орайластырылды. 
Толығырақ