Новости — gharysh.kz
Главная Новости

Новости

30.09.2015
Қазақстандық ЖҚЗ жерсеріктері БҰҰ тапсырысы бойынша Арал теңізінің түбінде сексеуіл жағдайына мониторинг жүргізуде

АСТАНА. ҚАЗАҚПАРАТ - «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ «Арал теңізінің құрғатылған түбінде сексеуіл өсудің  қазіргі жағдайын  түгендеу және бағалау» бойынша қызметтерді көрсету конкурсын ұтып алды.  «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ қатысатын БҰҰ  даму бағдарламаларының жобасының бірі дәл осылай аталады.  

«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ Жерді қашықтықтан зондтау орталығының директоры  Айдар Қуатбаев хабарлағандай, тапсырыстың бірінші кезеңі орындалды. 

Сексеуіл отырғызу бойынша  картографиялық және атрибутивтік деректер жиналды,  қажетті  ғарыштық түсірілімдердің техникалық сипаттамалары анықталды,  ғарыштық түсірілімдерді іздеу, іріктеу  тапсырыс беру жүргізілді. Арал теңізінің  түбіне  ғарыштық түсірілім жүргізілді, қазақстандық KazEOSat-1 және KazEOSat-2  жерсеріктерінен  ғарыштық түсірілімдер  өңделді және дешифрленді. 

«Ғарыштық мониторингтің  алғашқы кезеңнің нәтижелері тапсырыс берушіге табысталды.  Осы аптада  біздің мамандар ЖҚЗ  орталығының инженері, осы жобаның  жетекшісі  Қанат Самархановтың  жетекшілігімен Қызылорда облысына  дала  зерттеулерін жүргізу үшін шықты.  Нәтижесінде  ғарыштық түсірілімдерді  дешифрлеу және талдау, сондай-ақ  далалық іздеу негізінде  векторлық қабаттардың геодеректер базасы құрылатын болады», - деп А. Қуатбаев баяндады. 

БҰҰ бағдарламасының тапсырысы бойынша  «Арал теңізінің құрғатылған түбінде сексеуіл өсудің  қазіргі жағдайын  түгендеу және бағалау» жобасын іске асыру  жылдың соңына дейін жалғасады. Алдағы уақытта  ғарыштық мониторингтің бірнеше кезеңдері бар,  ол  Арал аймағындағы  сексеуілдің объективті жағдайын  алуға және жойылып бара жатқан бұталарды сақтау бойынша шаралар қабылдауға  көмектеседі.

untitled.jpg

untitled-1.jpg


Жобалар
ЖҚЗ
«Қазақстан Республикасының Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесін құру» жобасы
қосымша ақпарат
ЖСНЖ
«Қазақстан Республикасының жоғарыдәлдікті спутниктік навигация жүйесінің жерүсті инфрақұрылымын құру» жобасы
қосымша ақпарат
ҚұСК
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат
ТК 66
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат

Қазақстандағы ғарыш күндері

«Қазақстандағы ғарыш күндері» халықаралық семинары 2013 жылы  10 – 11 сәуірде Астана қ., «Rixos President Astana» қонақүйінде өткізілді. Семинар бірінші қазақстандық Жерді қашықтықтан зондтау жерсерігінің (ЖҚЗ ҒЖ) ұшырылуына арналды және жыл сайын 12 сәуірде атап өтілетін Адамның ғарышқа ұшқан халықаралық күніне орайластырылды. 
Толығырақ