Новости — gharysh.kz
Главная Новости

Новости

07.10.2015
АҚШ геологиялық қызметі қазақстандық ЖҚЗ жерсеріктерінің жұмысы мысалында су ресурстарын басқаруды үйретті

АСТАНА. ҚАЗАҚПАРАТ - Астанада су ресурстарын басқару және Жерді қашықтықтан зондтау  деректерін  қолдану мәселесі бойынша  оқыту семинары өтті. 

Семинарды  МНТЦ – USAID Орталық Азия бойынша UNESCO бөлімшесінің USGS – американдық геологиялық қызметі «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ бірлесіп ұйымдастырды.  

Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының  мамандары мен өкілдерінен басқа  бұл семинардың жұмысына Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Ауғанстан, Пәкстаннан қонақтар барлығы 56 маман қатысты. 

Семинар  Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының мамандарын  және Орталық Азия елдерінің мамандарын ЖҚЗ деректерін түсіндіру әдістеріне оқытуға және  су ресурстарын басқарудың жаңа технологияларын зерттеуге бағыттталды.  

Оқу  Жер бетіне ғарыштық мониторинг  жүргізіп жатқан қолданыстағы KazEOSat-1 және  KazEOSat-2 қазақстандық ЖҚЗ жерсеріктері  мысалында жүргізілді. 

Сонымен қатар, семинар шеңберінде «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ ЖҚЗ орталығы базасында  Қазақстан Республикасы  мемлекеттік органдарының мамандарына  айыру қабілеті жоғары рельефтің   сандық модельдерін  пайдаланып  сел жағдайларын модельдеу әдістеріне қосымша  оқу жүргізілді.   

«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ  жетекші инженер -  ЖҚЗ орталығының  деректерін қабылдау және алғашқы өңдеу  тобының жетекшісі Берік Рахымжановтың айтуынша,  осы оқу барысында USGS  мамандары  қазақстандықтарға  USGS flash flood - сел жағдайларын модельдеу бойынша  бағдарламалық қамтамасыз етуді ұсынды, оны қазір мемлекеттік органдардың қызметкерлері  өз бетінше игеруде.  

Семинар қатысушыларына  Қазақстандағы  ғарыш саласының дамуы, атап айтқанда «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ  іске асырып жатқан жобалар туралы  жан-жақты ақпарат ұсынылды.  

Семинарды ұйымдастырушылардың бірі USGS  маманы, доктор Амер Сауд  атап өткендей қазақстандық ЖҚЗ ғарыш жүйесінің  мүмкіндіктері  ЖҚЗ деректерін  пайдалану мәселесі бойынша  тиімді ынтымақтасуға  мүмкіндік береді. 

Доктор Амер Сауд Қазақстанда болған кезінде  USGS  жұмыс тәжірибесімен бөлісіп қана қоймай,  қазақстандық мамандар  үшін кеңес  өткізді,  Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің және  Назарбаев университетінің  студенттеріне  әлемдегі  су ресурстарын мониторингілеу үшін  ғарыштық технологияларды пайдалану тақырыбы бойынша дәріс оқыды. 

Семинардың қорытындылары бойынша  «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ және USGS американдық геологиялық қызмет өкілдері Орталық Азия мен Қазақстанда ҚР ЖҚЗ ҒЖ және  USGS деректерін пайдалану негізінде  жобалардың тұрақты дамуының аймақтық  орталығын құруды қажет деп санайды

2.jpg

1.jpg


Жобалар
ЖҚЗ
«Қазақстан Республикасының Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесін құру» жобасы
қосымша ақпарат
ЖСНЖ
«Қазақстан Республикасының жоғарыдәлдікті спутниктік навигация жүйесінің жерүсті инфрақұрылымын құру» жобасы
қосымша ақпарат
ҚұСК
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат
ТК 66
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат

Қазақстандағы ғарыш күндері

«Қазақстандағы ғарыш күндері» халықаралық семинары 2013 жылы  10 – 11 сәуірде Астана қ., «Rixos President Astana» қонақүйінде өткізілді. Семинар бірінші қазақстандық Жерді қашықтықтан зондтау жерсерігінің (ЖҚЗ ҒЖ) ұшырылуына арналды және жыл сайын 12 сәуірде атап өтілетін Адамның ғарышқа ұшқан халықаралық күніне орайластырылды. 
Толығырақ