Главная Новости

Новости

11.09.2015
«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ Жерді қашықтықтан зондтау қызметтерін ұсыну бойынша сыртқы нарыққа шықты

АСТАНА.  «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесінің (ЖҚЗ ҒЖ) қызметтері мен өнімін сыртқы нарыққа жылжыту бойынша белсенді жұмыс жүргізуде. 

Тек қыркүйек ішінде компания мамандары Беларусьтегі, Турікменстандағы, Өзбекістандағы бизнес-форумдардың жұмысына қатысты. Қазақстандық ЖҚЗ ғарыш жүйесі Штутгарт (Германия) қаласындағы геодезия, геоинформатика және жерге орналастыру саласындағы «InterGeo – 2015» Еуропадағы аса ірі халықаралық көрмеде ойдағыдай ұсынылды. 

Жер бетінің ғарыш түсірілімін 1 метрге дейін жоғары кеңістіктік айыру қабілетімен жүргізуге қабілетті жерді қашықтықтан зондтаудың «KazEOSat-1» қазақстандық ғарыш аппаратының өнімі мен қызметтері әріптестер мен әлеуетті клиенттердің үлкен қызығушылығын туғызды.   

Бүгін әлемде ірі ғарыштық державалар иесі болып табылатын 200-ден астам жерсерік ұшырылды. Қазақстандық мамандардың айтуынша қазіргі уақытта ғарыш түсірілімдерін тарату жұмыстары өте қатал бәсекелі жағдайда жүргізіліп отыр.  

Нарықты одан әрі дамыту үшін «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ сату және тапсырыс көлеміне қарай ірі шетелдік тұтынушыларға жеңілдіктер беру жүйесін енгізді және үнемі жетілдіруде. 

Сондай-ақ, қазіргі экономикалық жағдайда компания іштегі күштерді қайта топтастыруды және ЖҚЗ деректерін сыртқы нарыққа экспорттауды дамытуға баса назар аударуды жоспарлап отыр. Компаниямыздың жоспарларында жалпы сату көлеміндегі экспорт үлесін  50% арттыру. 

«Ғарышқа бөлінген шығыстар қолма-қол өтелмейтіні әлемдік практикадан белгілі. Бірақ ғарышты игеруге, ғарыштық технологияларды дамытуға арналған мемлекеттің кез келген шығындары сайып келгенде ғылыми-техникалық прогресске, еліміздің экономикасының дамуына, оның қорғаныс қабілеттігін қамтамасыз етуге үлкен пайда әкеледі», - деп есептейді «Қазақстан Ғарыш Сапары» компаниясының басшылығы. 

«KAZNEX INVEST» АҚ ЖҚЗ өнімі мен қызметтерін сыртқы нарыққа шығару үшін «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ-ға үлкен қолдау көрсетеді, осыған орай қазақстандық мамандар халықаралық көрмелер мен  конференцияларға қатысады.



Жобалар
ЖҚЗ
«Қазақстан Республикасының Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесін құру» жобасы
қосымша ақпарат
ЖСНЖ
«Қазақстан Республикасының жоғарыдәлдікті спутниктік навигация жүйесінің жерүсті инфрақұрылымын құру» жобасы
қосымша ақпарат
ҚұСК
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат
ТК 66
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат

Қазақстандағы ғарыш күндері

«Қазақстандағы ғарыш күндері» халықаралық семинары 2013 жылы  10 – 11 сәуірде Астана қ., «Rixos President Astana» қонақүйінде өткізілді. Семинар бірінші қазақстандық Жерді қашықтықтан зондтау жерсерігінің (ЖҚЗ ҒЖ) ұшырылуына арналды және жыл сайын 12 сәуірде атап өтілетін Адамның ғарышқа ұшқан халықаралық күніне орайластырылды. 
Толығырақ