Главная Новости

Новости

20.10.2015
Қазақстандық ЖҚЗ жерсеріктері Египет үшін ғарыштық түсірілімдер беретін болады

АСТАНА. ҚАЗАҚПАРАТ – Египет Араб Республикасының (ЕАР) делегациясы жұмыс сапарымен бес күн  Астанада болды. Қазақстан астанасына Қазғарыш саласы бойынша келген мысыр делегациясымен келіссөз Қазақстанның Ұлттық ғарыш орталығында өтті. 

ЕАР делегациясын  ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Аэроғарыш комитеті төрағасының орынбасары Еркін   Шаймағамбетов қарсы алды, ол Қазақстан мен Египеттің ғарыш саласында ұзақ мерзімді ынтымақтастықтың маңызды ниеттері бар екенін атап өтті. 

«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ президентінің міндетін атқарушы Марат Нұрғожин  қонақтарды Қазақстанда Жерді қашықтықтан зондтау (ЖҚЗ) ғарыш жүйесінің және жоғарыдәлдікті жерсеріктік навигация жүйесінің (ЖЖНЖ) ұлттық операторы болып табылатын компанияның қызметімен таныстырды. 

«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ Ғарыштық технологиялар вице-президенті Бағлан Қазиев  қазақстандық ЖҚЗ жерсеріктері жұмысының мысалында ел экономикасының әртүрлі салаларында ЖҚЗ ҒЖ қолдану мүмкіндіктерінің тұсаукесерін өткізді. 

Атап айтқанда, қонақтар ЖҚЗ ҒЖ деректерін энергетикалық секторда және ауылшаруашылықтағы жұмыс мониторингі үшін  қалай пайдалануға болатынын көрді. Сонымен қатар, «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ мамандары мысырлық мамандарға мысырлық тарап пайдалану үшін бейнелерді түсіндіру және өңдеу жөнінде теориялық және практикалық курстар өткізді. 

«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ баспасөз қызметі атап өткендей Egyptian Company for Applications and Remote Sensing компаниясы өкілдерінің келуінің негізгі мақсаты мысырлық тапсырыс берушілер, сондай-ақ басқа елдердегі олардың әріптестері үшін KazEOSat-1 және KazEOSat-2 қазақстандық жерсеріктерінен сандық бейнелер сатып алу болып табылады. 

Келіссөздер, кездесулер және Ұлттық ғарыш орталығына келу қорытындылары бойынша «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ президентінің міндетін атқарушы Марат Нұрғожин мен Egyptian Company for Applications and Remote Sensing компаниясының президенті Хусейн Шабан Мохаммед Эльшафи  Қазақстандағы Египет Араб Республикасы Елшісінің қатысуымен Египет аумағын ғарыштық түсіруге дистрибьюторлық келісімге қол қойды. 

Сонымен қатар, египет тарапы Астана қаласында ҚСК құру тәжірибесін пайдаланумен, өз елінің аумағында құрастыру-сынау кешенін (ҚСК) құруға қызығушылық білдірді. 

Қазақстандық және египет делегациясы «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ KazEOSat-1 қазақстандық жерсерігінен Египет Араб Республикасының жекелеген аумақтарының көрсетілетін (тестік) түсірілімдерін Egyptian Company for Space Applications and Remote Sensing компаниясына ұсынатынын уағдаласты.

1.jpg

2.jpg

3.jpg

4.jpg


Жобалар
ЖҚЗ
«Қазақстан Республикасының Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесін құру» жобасы
қосымша ақпарат
ЖСНЖ
«Қазақстан Республикасының жоғарыдәлдікті спутниктік навигация жүйесінің жерүсті инфрақұрылымын құру» жобасы
қосымша ақпарат
ҚұСК
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат
ТК 66
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат

Қазақстандағы ғарыш күндері

«Қазақстандағы ғарыш күндері» халықаралық семинары 2013 жылы  10 – 11 сәуірде Астана қ., «Rixos President Astana» қонақүйінде өткізілді. Семинар бірінші қазақстандық Жерді қашықтықтан зондтау жерсерігінің (ЖҚЗ ҒЖ) ұшырылуына арналды және жыл сайын 12 сәуірде атап өтілетін Адамның ғарышқа ұшқан халықаралық күніне орайластырылды. 
Толығырақ