Новости — gharysh.kz
Главная Новости

Новости

09.10.2015
Жұлдызды қалашықта құрамында қазақстандық ғарышкер Айдын Айымбетовпен халықаралық экипажға құрмет көрсетуде

МӘСКЕУ – ЖҰЛДЫЗДЫ ҚАЛАШЫҚ. ҚАЗАҚПАРАТ  - Бүгін Жұлдызды қалашықта құрамында ресей ғарышкері, ХҒС-ке  43/44 экспедиция командирі Геннадий Падалка және бару экспедициясы (БЭ-18) мүшелері, қазақстандық ғарышкер Айдын Айымбетов және бірінші дат ғарышкері Андреас Могенсен бар экипажбен салтанатты кездесу өтуде. 

Ғарыштық ұшудан және ғарышкерлерді оңалтудан кейінгі осы дәстүрлі кездесулер баспасөз-конференциясынан басталады. Шамамен екі сағат ішінде Геннадий Падалка, Айдын Аимбетов және Андреас Могенсен журналистердің сұрақтарына жауап берді. 

Күндіз тұра сағат 12-де ХҒС-43/44 және БЭ-18 экипажының мүшелері, мемлекеттік комиссия мүшелері, Роскосмос, Қазғарыш өкілдері, қонақтар, ғарышкерлердің туыстары Ю.А.Гагариннің ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Сосын оркестірдің әуенімен барлық қатысушылар Ғарышкерлер Үйіне келді, онда оларды нан мен тұзбен қарсы алды 

Жұлдызды қалашықта екінші күн дымқыл қар жауып тұр, соған қарамастан ғарышкерлерді  ғарыштық қалашықтың тұрғындары, балалар, жастардан құрылған «жанды дәліз» салтанатты қарсы алды. 

Ғарыштық үшу қорытындыларына арналған салтанатты кездесуге, Мәскеуге ҚР ИДМ Аэроғарыш комитетінің төрағасы Талғат Мұсабаев бастаған Қазғарыштың делегациясы келді.
Экипажға құрмет көрсету үшін ғарышкерлердің жақындары мен туыстары шақырылды. Құрметті қонақтардың қатарында ғарышкер Айдын Аимбетовтің анасы  - Жұмагүл, сондай-ақ оның зайыбы Лилия болды. 

Салтанатты кездесу қатысушыларының назарына Роскосмос телестудиясының бейнефильмі ұсынылды, онда экипажды ұшуға дайындау, қызықты ұшу кезеңдері және ғарыштық миссияның қорытындылары туралы айтылды. 

Содан кейін батырлар мен басшылар, құрметті қонақтар президиумге өтті. 

Кездесудің салтанатты бөлігін  Ю.А.Гагарин атындағы ҒДО бастығы  Юрий Лончаков ашты. 

Өзінің сөйлеген сөзінде экипаж командирі, ғарышта болудан әлемдік рекорд жасаған Геннадий Падалка, экипаж мүшелері, ғарышқа алғашқы рет ұшқан Айдын Аимбетов пен Андреас Могенсен орбитадағы өзінің әсерлері және жұмыс нәтижелері туралы айтып берді. 

Роскосмос пен Қазғарыштың басшылары, құрметті қонақтар экипаж мүшелерін табысты ұшумен құттықтады. 

Осы минуттарда ХҒС-43/44 және БЭ-18 экипажының мүшелерімен салтанатты кездесу аяқталуда, ғарышкерлер автограф беруде және бірге фотоға түсуде. 

Қазғарыштың тіркеуі бойынша осы салтанатты іс-шараны қазақстандық БАҚ-тар – «Хабар» агенттігі, 24-KZ телеарнасы және «Казахстанская правда» газеті жариялады, олардың репортаждарын біз бүгін көре аламыз.

Бірнеше күннен кейін өзінің ғарыштық бағдарламасын табысты аяқтаған Айдын Аимбетов Астанаға оралады. Оның алдында ғарышқа үшу тәжірибесін ескере отырып, Қазғарышта жұмыстың жаңа кезеңі күтуде. Өзінің оқытушысын – Айдын Ақанұлын, астаналық оқушылар сарайында бірнеше жыл бұрын өзі құрған жас ғарышкерлер мектебінің оқушылары тағатсыздана күтуде.

null 

null

null

null 

null 

null 

null




Жобалар
ЖҚЗ
«Қазақстан Республикасының Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесін құру» жобасы
қосымша ақпарат
ЖСНЖ
«Қазақстан Республикасының жоғарыдәлдікті спутниктік навигация жүйесінің жерүсті инфрақұрылымын құру» жобасы
қосымша ақпарат
ҚұСК
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат
ТК 66
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат

Қазақстандағы ғарыш күндері

«Қазақстандағы ғарыш күндері» халықаралық семинары 2013 жылы  10 – 11 сәуірде Астана қ., «Rixos President Astana» қонақүйінде өткізілді. Семинар бірінші қазақстандық Жерді қашықтықтан зондтау жерсерігінің (ЖҚЗ ҒЖ) ұшырылуына арналды және жыл сайын 12 сәуірде атап өтілетін Адамның ғарышқа ұшқан халықаралық күніне орайластырылды. 
Толығырақ