Новости — gharysh.kz
Главная Новости

Новости

10.10.2015
Т.Мұсабаев ҚР ғарыш саласының даму жоспарлары мен келешегі туралы әңгімелеп берді

МӘСКЕУ. ҚАЗАҚПАРАТ – Қазір қазақстандық ғарышкер үшеу, бірақ осымен қазақстандық ғарышкерлердің тізімі бітпейді. Осындай пікірмен ҚР ИДМ Аэроғарыш комитетінің төрағасы Талғат Мұсабаев құрамында ресей ғарышкері, ХҒС-ке  43/44 экспедиция командирі Геннадий Падалка және бару экспедициясы (БЭ-18) мүшелері, қазақстандық ғарышкер Айдын Айымбетов және бірінші дат ғарышкері Андреас Могенсен бар экипажбен салтанатты кездесу барысында бөлісті. 

«Ғарышкерлерді ұшыруды бастаған кез келген ел оны аяқтамауы тиіс. Осы тамаша жұмысты жалғастыру үшін Қазақстанның барлық перспективалары бар деп ойлаймын»,- деді Т.Мұсабаев
«Қазір қазақстандық ғарышкер үшеу, бірақ осымен қазақстандық ғарышкерлердің тізімі бітпейді», - дап атап өтті ол. 

Қазақстандық аэроғарыш комитетінің төрағасы атап өткендей, бұл үшін Қазғарыштың жоспарларында ғарыш кеңістігіне ғарышкерлерді ұшыруға дайындау жөнінде бөлім бар. Т.Мұсабаев қазақстандық ғарыш бағдарламасының жоғары келешегін, сондай-ақ жүргізілген өнімді жұмысын атап өтті. Болашағы өте жақсы. Жеті жарым жыл ішінде үлкен қадам жасалды. Қазғарыш ғарыш саласының барлық жерүсті инфрақұрылымын дайындау жұмысын жүзеге асырды. Бұл телекоммуникациялық мақсаттағы ғарыш аппараттарын жерүсті басқару кешендері, резевті және негізгі кешендер, олар Алматы және Ақкөл жанында орналасқан. Бұл жерді қашықтықтан зондтау жүйелері. Жерсеріктерді Ұлттық ғарыш орталығының мамандары басқарады», - деді Т.Мұсабаев. 

Бұл жоғары, соның ішінде шетелде даярлық деңгейі бар мамандар екенін атап көрсетті. 

Т.Мұсабаев ғарыш саласында Қазақстанға жаңа деңгейге шығуға мүмкіндік беретін бірлескен қазақстандық-ресейлік жобаларды бөлек атап өтті. 

«Біз «Байқоңыр» ғарышайлағында «Ангара» зымыран тасығышы негізінде «Бәйтерек» зымыран-ғарыш кешенін бірлесіп құрып жатырмыз. Бұл мүлде жаңа зымыран-ғарыш кешені, ол Қазақстанға «ұшыратын» елдер қатарына тұруға мүмкіндік береді. Бүгінгі күні әлемде мұндай барлығы 11.  Сондықтан Қазақстан оларға жақын арада қосылуы тиіс» - деді қазақстандық аэроғарыш комитетінің төрағасы. 

Бұдан басқа, бұл тұрғыда ол Астана қаласында ғарыш аппараттарын құрастыру-сынау кешенін атап өтті. 

«Бұл өте үлкен зауыд, ол тестілеу элементтерін толық жүзеге асырумен әртүрлі мақсаттағы ғарыш аппараттарын құруды жүзеге асырады»,- деп хабарлады Т.Мұсабаев.

«ТМД аумағында мұндай кешен жоқ. Біз бірінші боламыз», - деп атап өтті қазақстандық аэроғарыш комитетінің төрағасы.

null null


Жобалар
ЖҚЗ
«Қазақстан Республикасының Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесін құру» жобасы
қосымша ақпарат
ЖСНЖ
«Қазақстан Республикасының жоғарыдәлдікті спутниктік навигация жүйесінің жерүсті инфрақұрылымын құру» жобасы
қосымша ақпарат
ҚұСК
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат
ТК 66
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат

Қазақстандағы ғарыш күндері

«Қазақстандағы ғарыш күндері» халықаралық семинары 2013 жылы  10 – 11 сәуірде Астана қ., «Rixos President Astana» қонақүйінде өткізілді. Семинар бірінші қазақстандық Жерді қашықтықтан зондтау жерсерігінің (ЖҚЗ ҒЖ) ұшырылуына арналды және жыл сайын 12 сәуірде атап өтілетін Адамның ғарышқа ұшқан халықаралық күніне орайластырылды. 
Толығырақ