Новости — gharysh.kz
Главная Новости

Новости

10.10.2015
Ғарыштан Жер - бұл тамаша әсемдік - Айдын Аимбетов

МӘСКЕУ. ЖҰЛДЫЗДЫ ҚАЛАШЫҚ. ҚАЗАҚПАРАТ - Кеше Ғарышкерлерді даярлау орталығында (ҒДО) өткен ұшудан кейінгі баспасөз конференциясында  ХҒК-ға 44-45 экспедиция командирі Геннадий Падалка, бару экспедицияның (БЭ-18) бортинженері Айдын Аимбетов (Қазғарыш) және БЭ-18 бортинженері Андреас Могенсен (Еуропа ғарыш агенттігі) өзінің ғарышқа ұшу қорытындылары туралы әңгімелеп берді. 

Экипаж Жерге 2015 жылы 12 қыркүйекте оралғанын еске салайық, ұшудан кейін оңалту кезеңі шамамен бір ай созылды. 

Осы ХҒС-ке бесінші ұзақ экспедициядан кейін Геннадий Падалка 878 тәулік - орбитада болу жиынтық ұзақтығы бойынша әлемнің рекод жасаушысы болды.   Айдын мен Андреас үшін 10 тәулікке созылған алғашқы ғарыштық ұшу болды. 

Орбитадағы өзінің жұмысы туралы айтқанда Геннадий Падалка шамамен 40% жұмыс уақытын алған өзінің кең ғылыми бағдарламасы болғанын атап өтті, сонымен қатар ол жылдық ұшуға қатысушылар Михаил Корниенко мен Скотт Келлидің эксперименттеріне қатысты. «Қысқаша айтқанда маған ағзада сұйықтың орын ауыстыруын зерттейтін fluidshift эксперименті есімде қалды. Бұл экспериментті біздің әріптестеріміз дайындады және оны іске асыру «Чибис» костюмының арқасында мүмкін болды», - дейді ол. 

Қазақстандық ғарышкер Айдын Аимбетов орбитада Қазақстан Республикасының бірқатар ғылыми зерттеулерін өткізгенін айтты, олардың арасында «Ураган», «Релаксация», «Кулоновский кристалл» және т.б. «Ресейлік әріптестердің көмегімен біз қанның биологиялық құрамын зерттедік. Шыққан нәтижелер ғарышта болғанда қанның құрамы шынымен өзгеретіні туралы айтады», - деп атап өтті Айдын Аимбетов. 

Андреас Могенсеннің ұшу бағдарламасында 15 эксперимент болды, олардың көбі ағзаның микрогравитацияға орай әрекет етуін, сондай-ақ жаңа технологиялардың дамуына ықпал ететін зерттеулермен байланысты. Дат астронавтының айтуынша Голландиядағы екі роботты қашықтықтан басқарған эксперименті оның есінде жақсы сақталып қалыпты. «Алынған нәтижелер Айдың, Марстың және басқа планеталардың беттерін зерттеуге көмектеседі», - деді Могенсен. 

Ең көп сұрақтар блогы орбитадағы жұмыс уақытында ғарышкерлердің алған әсеріне арналды. Мысалы, Геннадий Падалка романтика мен әсер ол үшін бірінші ұшуда болды, ал бесінші экспедиция жұмыс, кәсіби болды» дейді. 

«Салмақсыздық – бұл толық тыныштық. Ұшқанға дейін мен ұшқан ғарышкерлерден ғарыштан Жердің түрі – керемет, тамаша деп еститінмін. Бірінші рет иллюминатордан Жерді көргенде, шынымен бұл тамаша әсемдік екенін түсіндім», - деп бөлісті  өзінің бірінші ұшуының әсерімен қазақстандық ғарышкер Айдын Аимбетов. 

Ол үшін де ғарышқа ұшу бірінші рет болған Андреас Могенсеннің айтуынша «бұл бірегей тәжірибе болды және мен үшін бұл зор құрмет және стансада барлығымен жұмыс істеу үлкен ғанибет». 

Ғарышта болудағы өзінің жеке рекордын жаңарту ниеті туралы сұраққа жауап бере отырып, Падалка алтыншы экспедицияға баруға дайындығын білдірді. 

Ғарышкерлерді Жерге оралусыз, Марсқа жіберу бастамасына Айдын Аимбетов марстық ғарыштық миссияны бірегей деп есептейді, себебі ол беймәлім нәрсені ашады. «Кез келген ғарышкер мұндай ұшуға, бірақ Жерге оралумен келісер еді, мен де рақаттанып «барып қайтар» едім», - дейді Аимбетов.

Ұшудан кейінгі баспасөз-конференцияның соңында ғарышкерлер, олардың ғарыштық бағдарламасы толық аяқталғанын атап өтті.  Геннадий Падалка, Айдын Аимбетов пен Андреас Могенсен өз елдеріне, солардың арқасында табысты ұшқан барлық әріптестеріне, ХҒС-тегі достарына, ғарыш саласының мамандарына, ғалымдарға, жақындар мен туыстарына алғысын білдірді.

null 

null 

null 

null 

null 

null 

null


Жобалар
ЖҚЗ
«Қазақстан Республикасының Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесін құру» жобасы
қосымша ақпарат
ЖСНЖ
«Қазақстан Республикасының жоғарыдәлдікті спутниктік навигация жүйесінің жерүсті инфрақұрылымын құру» жобасы
қосымша ақпарат
ҚұСК
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат
ТК 66
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат

Қазақстандағы ғарыш күндері

«Қазақстандағы ғарыш күндері» халықаралық семинары 2013 жылы  10 – 11 сәуірде Астана қ., «Rixos President Astana» қонақүйінде өткізілді. Семинар бірінші қазақстандық Жерді қашықтықтан зондтау жерсерігінің (ЖҚЗ ҒЖ) ұшырылуына арналды және жыл сайын 12 сәуірде атап өтілетін Адамның ғарышқа ұшқан халықаралық күніне орайластырылды. 
Толығырақ