Новости — gharysh.kz
Главная Новости

Новости

13.10.2015
Қазақстандық және голландық мамандар Жерді қашықтықтан зондтау саласында қызмет істеуге уағдаласты

АСТАНА. ҚАЗАҚПАРАТ – Нидерланд ғарыш офисінің (НҒО) делегациясы Қазақстанға реми сапары шеңберінде Астанада Ұлттық ғарыш орталығына барды.  

НҒО директоры Херритом Ньюпорт басқарып келген голландтық  делегацияны, орталық офисі ҰҒО аумағында орналасқан «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ өкілдері қарсы алды. 

Қонақтарды қарсы алған ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Аэроғарыш комитеті (ҚР ИДМ АҒК) төрағасының орынбасары Мейірбек Молдабеков қолданыстағы уағдаластықтардың негізінде Қазғарыш пен НҒО жерсеріктік жерді қашықтықтан зондтау технологияларын ауыл шаруашылықта,  экологияда, энергетика мен инфрақұрылымда қолдануды қоса алғанда, ғарыштық және геоақпараттық салаларда қызмет ету үшін жақсы мүмкіндіктері бар екенін атап өтті. 

«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ президентінің міндетін атқарушы Марат Нұрғожин  қонақтарды Қазақстан Республикасы Жерді қашықтықтан зондтау (ЖҚЗ) ғарыш жүйесінің және жоғарыдәлдікті жерсеріктік навигация жүйесінің (ЖЖНЖ) ұлттық опреаторы болып табылатын компанияның қызметімен таныстырды. 

Нидерланд ғарыш офисінің директоры, ҚР ИДМ Аэроғарыш комитетінің басшылығымен кездесу уақытында голландтық Жерді қашықтықтан зондтау  технологияларының мүмкіндіктері ұсынылғанын және осы саладағы ұзақ мерзімді ынтымақтастық мәселесі қаралғанын атап өтті. «Ендігі сөз Нидерланд Корольдігінің ғарыш саласының кәсіпорындары қазіргі заманғы ЖҚЗ ғарыш жүйесі бар «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ-мен кооперацияның нақты жолдары туралы», - деді Х. Ньюпоорт.  

Тараптар келіссөз қорытындылары бойынша бірлескен ілкі жобалар тізбесін әзірлеуді уағдаласты. Мамандар Қазақстанда ЖҚЗ деректерін қолдану және экономиканы дамыту үшін ғарыштық технологияларды пайдалану жөнінде бірлескен кәсіпорын құру мақсатында бизнес-жоспар әзірлеу үшін бірлесіп жұмыс істейтін болады. 

ҰҒО-ға ресми сапардың соңында «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ мен NEVASCO голландтық компания-кооперативтің басшылары ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.

Голландтық ғарыш саласының 60-тан астам шағын және орта кәсіпорындары, зерттеу институттары мен университеттері бар. Осы саладағы ғылыми-зерттеу ізденістерге шығыс экономиканың бұл секторының  1/3 көлеміне жетеді.

1.jpg

2.jpg


Жобалар
ЖҚЗ
«Қазақстан Республикасының Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесін құру» жобасы
қосымша ақпарат
ЖСНЖ
«Қазақстан Республикасының жоғарыдәлдікті спутниктік навигация жүйесінің жерүсті инфрақұрылымын құру» жобасы
қосымша ақпарат
ҚұСК
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат
ТК 66
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат

Қазақстандағы ғарыш күндері

«Қазақстандағы ғарыш күндері» халықаралық семинары 2013 жылы  10 – 11 сәуірде Астана қ., «Rixos President Astana» қонақүйінде өткізілді. Семинар бірінші қазақстандық Жерді қашықтықтан зондтау жерсерігінің (ЖҚЗ ҒЖ) ұшырылуына арналды және жыл сайын 12 сәуірде атап өтілетін Адамның ғарышқа ұшқан халықаралық күніне орайластырылды. 
Толығырақ