Главная Новости

Новости

21.10.2015
«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ мен «Совзонд» ресейлік компаниясы ғарыштық түсірілімдерді тарату жөніндегі келісімге қол қойды

АСТАНА. ҚАЗАҚПАРАТ_-  2015 жылғы маусымнан бастап «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ («KFC») компаниясы Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесінің (ЖҚЗ ҒЖ) өнімдері мен қызметтерін сыртқы және ішкі нарықтарға тарату бойынша коммерциялық қызметіне кірісті. 

«KFC» ҰК» АҚ кеңістікті айыру қабілеті жоғары KazEOSal-1 және кеңістікті айыру қабілеті орта KazEOSat-2 - екі ЖҚЗ жерсерігінің операторы екені белгілі. 

Жақында «KFC» ҰК» АҚ ғарыштық түсірілімдерді тарату жөнінде ресейлік ірі компания «Совзонд» ЖШС-пен дистрибьюторлық келісім жасасты. 

Он бес жыл ішінде Ресейде геоақпараттық технологиялар және ғарыштық мониторинг саласында негізгі интегратор болған «Совзонд» компаниясы қызметінің негізгі бағыттарының бірі тапсырыс берушілерді барлық қолданыстағы ресейлік және шетелдік жерсеріктерден алынатын кеңістікті айыру қабілеті жоғары және аса жоғары ЖҚЗ деректерімен қамтамасыз ету болып табылады. 

Статистикаға сәйкес, «Совзонд» ресейлік компаниясы Ресейде ғана емес, бүкіл әлемде нарықтың осы секторында көшбасшылардың бірі болып табылады. 

«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ  президентінің м.а. Марат Нұрғожин атап өткендей, 2014 жылы қарашада «Совзонд» ЖШҚ «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ-мен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, бір жылдан кейін қазақстандық және ресейлік компаниялар ғарыштық технологияларды тиімді пайдалану жолында тағы да бір маңызды қадам жасады. 

Тараптардың пікірі бойынша, ЖҚЗ деректерін тарату жөніндегі «Совзонд» тәжірибесі қазақстандық жерсеріктерден алынған ғарыштық түсірілімдердің Ресей аумағында іске асырылуын ғана қамтамасыз етіп қоймай, қазақстандық мамандарға Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесінің өнімдері мен қызметтерін тарату бойынша коммерциялық қызметте дағдылар алуға көмектеседі.

ASTANA_20140502_PS_palace.jpg


Жобалар
ЖҚЗ
«Қазақстан Республикасының Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесін құру» жобасы
қосымша ақпарат
ЖСНЖ
«Қазақстан Республикасының жоғарыдәлдікті спутниктік навигация жүйесінің жерүсті инфрақұрылымын құру» жобасы
қосымша ақпарат
ҚұСК
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат
ТК 66
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат

Қазақстандағы ғарыш күндері

«Қазақстандағы ғарыш күндері» халықаралық семинары 2013 жылы  10 – 11 сәуірде Астана қ., «Rixos President Astana» қонақүйінде өткізілді. Семинар бірінші қазақстандық Жерді қашықтықтан зондтау жерсерігінің (ЖҚЗ ҒЖ) ұшырылуына арналды және жыл сайын 12 сәуірде атап өтілетін Адамның ғарышқа ұшқан халықаралық күніне орайластырылды. 
Толығырақ