Главная Новости

Новости

23.10.2015
Минскте ТМД елдеріндегі ғарыш қызметі жөніндегі ынтымақтастық туралы хаттамаға қол қойылды

АСТАНА. МЕНШІКТІ АҚПАРАТ – Беларусь астанасы – Минскте – ТМД елдерінің атқарушы билік органдары өкілдерінің ғарыш қызметі саласындағы ынтымақтастық мәселелері жөніндегі екі күндік кеңес нәтижелері бойынша қорытынды хаттамаға қол қойылды деп хабарлайды Қазғарыштың баспасөз қызметі. 

ТМД елдерінің ғарыш қызметі саласындағы ынтымақтастық мәселелері жөніндегі VI кеңесі жұмысына Ресей, Қазақстан, Беларусь, Армения, Қырғызстан, Украина мен Әзербайджан өкілдік делегациялары қатысты. 

Қазақстан делегациясының құрамында ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Аэроғарыш комитеті (ҚР ИДМ АҒК) төрағасының орынбасары Еркін Шаймағамбетов, «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ президентінің м.а. Марат Нұрғожин, «Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы» АҚ президенті Жұмабека Жантаев және Қазғарыш мамандары болды. 

Кеңеске қатысушылар ғарыш саласындағы көп жақты ынтымақтастықтың шарттық-құқықтық базасын құру, ГЛОНАСС жүйесінің сигналдарын пайдаланатын ТМД елдерінің жерүсті инфрақұрылымын кіріктіру, төтенше жағдайлардың ғарыштық мониторингі мемлекетаралық жүйесін құру, ғарыш саласында саларалық және өндірістік кооперацияны дамыту және ауалшарушылық мақсатындаға жерлердің жерсеріктік мониторингінің бірлескен жүйесін құру мәселелерін талқылады. 

Кездесудің негізгі шешімдерінің бірі – әріптестер «Біріккен ғарыштық зерттеулер институты» халықаралық, үкіметаралық ғылыми-зерттеу ұйымын құру туралы келісім жобасын дайындай бастауды келісті. 

Қазғарыш төрағасының орынбасары Еркін Шаймағамбетов атап өткендей ТМД елдерінің атқарушы билік органдары өкілдерінің ғарыш қызметі саласындағы ынтымақтастық мәселелері жөніндегі Минсктегі кездесу өте тиімді болды.

«Қазақстан мен Беларуське келсек, біз Жерді қашықтықтан зондтау, навигация, бірлескен ғарыштық зерттеулер, кадрлар даярлау саласында белсенді қызмет етуге ниеттіміз. Ғарыш саласындағы әрекеттесу туралы үкіметаралық келісімнің жобасы дайын»,- деді ол.

null


Жобалар
ЖҚЗ
«Қазақстан Республикасының Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесін құру» жобасы
қосымша ақпарат
ЖСНЖ
«Қазақстан Республикасының жоғарыдәлдікті спутниктік навигация жүйесінің жерүсті инфрақұрылымын құру» жобасы
қосымша ақпарат
ҚұСК
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат
ТК 66
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат

Қазақстандағы ғарыш күндері

«Қазақстандағы ғарыш күндері» халықаралық семинары 2013 жылы  10 – 11 сәуірде Астана қ., «Rixos President Astana» қонақүйінде өткізілді. Семинар бірінші қазақстандық Жерді қашықтықтан зондтау жерсерігінің (ЖҚЗ ҒЖ) ұшырылуына арналды және жыл сайын 12 сәуірде атап өтілетін Адамның ғарышқа ұшқан халықаралық күніне орайластырылды. 
Толығырақ