Новости — gharysh.kz
Главная Новости

Новости

24.10.2015
Жас ғарышкерлер мектебі өзінің ұстазы Айдын Аимбетовпен кездесуді күтуде

АСТАНА. ҚАЗАҚПАРАТ  - Сынаушы-ғарышкер Айдын Аимбетов үшін «қызу» күндер басталды:  кездесулер, сөз сөйлеу, сұхбаттар. Ғарышқа сәтті ұшып барып және Қазақстанға қайта оралғаннан кейін халық қаһарманының уақыты сағат сайын тіркеп жазып қойылған. «Бұл ғарышқа қарағанда, өте үлкен жүктеме», - деп күледі Айдын. 

Үйге оралғаннан кейінгі екі аптада соншама оқиғалар өтті: Мемлекет Басшысымен ұмытылмас кездесу,еліміздің ең жоғары наградасы - «Қазақстан Республикасының Халық Каһарманы» Алтын Жұлдызымен және «Отан» орденімен марапаттау, ғылыми зерттеу бағдарламасының нәтижелері бойынша Қазғарыштың және Қазақстанның ғалымдарының алдында есеп беру, Қорғаныс миниистрлігінен әріптестермен кездесу, ондаған кездесулер, сұхбаттар. 

«Мен осы күнге дейін Нұрсұлтан Әбішұлымен кездесудің әсеріндемін. Оның әкелік қамқорлығы, көңілі, қарапайымдылығы мені қатты таңғалдырды! Маған біздің қазақстандық ғарышкерлердің қатарын толықтыру және ҚР бесінші ғарыштық бағдарламасын лайықты орындау зор құрметі берілгеніне мақтанамын және бақыттымын», - дейді А. Аимбетов. 

Болашақ жоспарлары туралы сөз қозғағанда ғарышкер  Аимбетов білімі мен тәжірибесі қажет болған жерде жұмыс істеуге дайын екенін тағы да атап өтті. 

Жақын күндерде Айдын Аймбетовті оқушылармен, студенттермен, Қазғарыш мамандарымен, журналистермен ондаған кездесулер күтіп тұр. «Сәрсенбіде біз менің тәлімгерім, Қазғарыш басшысы, аты аңызға айналған ғарышкер Талғат Мұсабаевпен астаналық медиа-орталықта БАҚ өкілдерімен кездесуді жоспарлап отырмыз», - дейді А. Аимбетов. 

Айдын өзінің қол тумасын – астаналық Оқушылар сарайы жанында үш жыл бұрын құрған жас ғарышкерлер мектебі (ЖҒМ) туралы да ұмытпайды. 

Үш жыл ішінде ЖҒМ ғылыми-ғарыштық үйірмесіне үш жүзден астам бала келіп кетті. Айдын Ақанұлы аптасына үш рет өткізетін сабаққа 50-ден астам бала келеді. 

«Тап осы балалардан болашақ ғарышкерлер мен ғарыш техникасының конструкторлары шығатынына мен сенімдімін. ЖҒМ басты міндеті авиация мен ғарышнама мүдделерінде оқушыларға білім беру және кәсіби бағдарлау, адамгершілік пен отан сүйгіштік тәрбиелеу болып табылады», - дейді  А. Аимбетов.

«Әзір менің уақытымның лимиті қатал және біз биыл сабақты әлі бастаған жоқпыз. Бірақ жұмысымызды жалғастырамыз деп ойлаймын  және мен өз оқушыларыммен рахаттана кездесіп, оларға тәжірибемнің және жеке сезімдерімнің негізінде ғарыш туралы айта алармын», - дейді ғарышкер Аимбетов.

null 
null null nullnull null null


Жобалар
ЖҚЗ
«Қазақстан Республикасының Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесін құру» жобасы
қосымша ақпарат
ЖСНЖ
«Қазақстан Республикасының жоғарыдәлдікті спутниктік навигация жүйесінің жерүсті инфрақұрылымын құру» жобасы
қосымша ақпарат
ҚұСК
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат
ТК 66
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат

Қазақстандағы ғарыш күндері

«Қазақстандағы ғарыш күндері» халықаралық семинары 2013 жылы  10 – 11 сәуірде Астана қ., «Rixos President Astana» қонақүйінде өткізілді. Семинар бірінші қазақстандық Жерді қашықтықтан зондтау жерсерігінің (ЖҚЗ ҒЖ) ұшырылуына арналды және жыл сайын 12 сәуірде атап өтілетін Адамның ғарышқа ұшқан халықаралық күніне орайластырылды. 
Толығырақ