Главная Новости

Новости

28.10.2015
Парламентарийлер Қазақстанның Ұлттық ғарыш орталығында көшпелі отырыс өткізді

АСТАНА. ҚАЗАҚПАРАТ – ҚР Парламенті Мәжілісінің, сондай-ақ ғарыш қызметі жөніндегі заң жобасының жұмыс тобының өкілдері болып табылатын депутаттардың үлкен тобы Қазақстанның Ұлттық ғарыш орталығына (ҰҒО) келіп шықты. 

Парламентарийлер Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесінің (ЖҚЗ ҒЖ) жерүсті инфрақұрылымы, жоғарыдәлдікті жерсеріктік навигация жүйесі (ЖЖНЖ) кіретін ҰҒО жалпы қызмет етуімен танысты. Ғарыш аппараттарының құрастыру-сынау кешенінің құрылыс барысын көрді, ЖҚЗ ғарыш аппараттарын басқару және ғарыштық түсірілімдерді өңдеу орталықтарындағы «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ мамандарының жұмыс орындарына барып шықты. 

ҚР ИДМ Аэроғарыш комитеті төрағасының орынбасары Мейірбек Молдабекұлы мәжілісмендерге еліміздің ғарыш саласының дамуы қандай кезеңде екенін әңгімелеп берді. «Еліміздің маңызды ғарыш инфрақұрылымы құрылды, оны пайдалану және тиімді қолдану құқықтық және заңнамалық актілерді талап етеді», - деді М. Молдабеков депутаттарға. 

Ғарыш қызметі туралы заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі депутаттық жұмыс тобының мүшелері  «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ президентінің м.а. Марат Нұрғожиннің Қазақстан Республикасының мүдделерінде ғарыштық технологияларды қолдану туралы баяндамасын үлкен қызығушылықпен тыңдады. Атап айтқанда, қазақстандық ЖҚЗ жерсеріктерінің өнімдері мен қызметтерін ел экономикасының барлық салаларында іс жүзінде қолдану туралы сөз болды. 

Депутаттық жұмыс тобының көшпелі отрысына қатысқан Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму (ИДМ) вице-министрі Альберт Рау атап өткендей, бүгінгі таңда ғарыш қызметі туралы заң маңызды өзгерістер мен толықтыруларды қажет етеді және заң шығарушылар елдің ғарыш технологияларының масштабы мен мүмкіндіктерін өз көзімен көру аса маңызды. 

«Қазақстанның ғарыш қызметі жөніндегі ақпараттық жұмысты күшейту қажет, адамдар үшін, еліміз үшін ғарыштық технологиялардың мүмкіндіктері туралы қарапайым адам тілімен айту керек, тіпті біздер, депутаттар үшін көп жаңалық білдік», - деп бөлісті өз пікірімен ҚР Парламенті Мәжілісінің Экология және табиғатты пайдалану мәселелері комитетінің депутаты, жұмыс тобының төрағасы Тәңірберген Бердонғаров.

ҰҒО барып шығу қорытындылары бойынша ҚР Парламенті Мәжілісінің Экология және табиғатты пайдалану мәселелері комитетінің төрағасы Александр Милютин, Қазақстанның қазіргі заманғы ғарыштық инфрақұрылымы бар, ол елімізге әлемнің ғарыш державаларының қатарына кіру құқығын беретіні атап өтті. 

Қазғарыштың төрағасы Талғат Мұсабаев депутаттармен кездесу соңында заң шығарушыларға ғарыш қызметіне қалт етпейтін назарлары және Қазақстанның ғарыш саласын құру жолында Аэроғарыш комитетінің жұмысын қолдағандары үшін алғыс айтты.

Көшпелі отырыс нәтижелері бойынша депутаттар ғарыш ғызметі туралы заңды жетілдіру қажеттілігі туралы пікірімен бөлісті, себебі қолданыстағы заң құжатта ғарыш инфрақұрылымын құруға назар аударылған. «Қазір ғарыштық жерсеріктік жүйелерді, жерүсті ғарыш инфрақұрылымын тиімді пайдалану туралы көз қозғалуда, сөзсіз бұл тиісті заң шығару базасын талап етеді», - деп атап өтті мәжілісмендер.

DSC_2486.JPG

DSC_2509.JPG

DSC_2533.JPG

DSC_2573.JPG

DSC_2580.JPG

DSC_2635.JPG

DSC_2643.JPG

DSC_2661.JPG


Жобалар
ЖҚЗ
«Қазақстан Республикасының Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесін құру» жобасы
қосымша ақпарат
ЖСНЖ
«Қазақстан Республикасының жоғарыдәлдікті спутниктік навигация жүйесінің жерүсті инфрақұрылымын құру» жобасы
қосымша ақпарат
ҚұСК
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат
ТК 66
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат

Қазақстандағы ғарыш күндері

«Қазақстандағы ғарыш күндері» халықаралық семинары 2013 жылы  10 – 11 сәуірде Астана қ., «Rixos President Astana» қонақүйінде өткізілді. Семинар бірінші қазақстандық Жерді қашықтықтан зондтау жерсерігінің (ЖҚЗ ҒЖ) ұшырылуына арналды және жыл сайын 12 сәуірде атап өтілетін Адамның ғарышқа ұшқан халықаралық күніне орайластырылды. 
Толығырақ