Новости — gharysh.kz
Главная Новости

Новости

30.10.2015
Қазақстанда Орталық Азияның TechConnect.Tech аса ірі стартап-конференциясы өтеді

Безымянный.jpg

12 қарашада Астанада Орталық Азиядағы аса ірі стартап-конференция,  TechConnect.Tech инновациялық конгресі өтеді. Оны Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі, Ұлттық технологиялық даму агенттігі,  “Болашак” Қазақстан Республикасы Президентінің Халықаралық стипендиясының стипендиаттар қауымдастығы мен    HappyFarm халықаралық бизнес-акселератор ұйымдастырды. 

Конференция туралы мұнда оқыңыз. 

Қазақстан астанасындағы іс-шарада 150 инвестор, ең жақсы 100 стартап негізін қалаушы және Орталық Азиядан, АҚШ, Еуропа мен ТМД-дан 1500 қонақ кездеседі. 

Конференцияны Қазақстанның премьер-министрі Кәрім Мәсімов ашады. TechConnect.Tech конференциясында венчурлы инвестициялар мен инновациялардағы 20 әлемдік сарапшы баяндамашы болады. Олардың арасында инвесторлар Каушал Чокши (Cross Border Angels халықаралық инвесторлар желісі), Марта Эмерсон (Scaale Group венчурлы қор) және Игорь Шойфот (TMT Investments венчурлы қор). Қонақтармен бизнесті дамытудың инновациялық стратегияларымен маркетинг пен әлеуметтік медиадағы атақты сарапшы Мартин Шервингтон, “The Lean Entrepreneur” бестселлерінің авторы Брент Купер және басқалары бөліседі. Конференцияның спикерлері туралы мұнда көбірек білуге болады. 

Оқиға шеңберінде тақырыптық панельдер мен баяндамалардан басқа Қазақстанның премьер-министрімен және үкімет мүшелерімен, елдің аса ірі компанияларының басшыларымен және Еуропаның және ТМД-ның IT-кәсіпкерлерімен кездесулер ұйымдастырылады. Еуропадан, АҚШ, ТМД және Орталық Азиядан 100 стартап өз жобаларын Экспо аймағында ұсынады. 

Конференцияның $25 000 басты жүлдесін Стартаптар шайқасын (Startup Battle) жеңіп алған команда алады. Шайқасқа қатысуға өтінімді кез келген стартап осы бетте бере алады. Тіркелген қатысушылардың арасынан кәсіби жюри 10 ең жақсы стартапты таңдайды, ұйымдастырушылар оларға  тегін трансфер мен Астанада тегін тұру және Кремний алқабынан келген менторлардың қарқынды питч-тренингитерін ұсынады. 

Сонымен қатар, 90 стартап таңдалады, олар өз жобаларын конференцияда тегін көрсету мүмкіндігіне ие болады. Ұйымдастырушылар оларға Астанада конференцияның отель-әріптестерінде тұруға 70% жеңілдік береді. 

«Биыл Қазақстан ғаламдық инновациялық конгресті алғалшқы рет жаңа форматта өткізеді. Іс-шараға әлемнің және еліміздің барлық түпкірлерінен бірнеше жүз жас инноваторлар, стартаптар, кәспкерлер келеді. Олар өз идеяларын бейінді халықаралық инвесторларға, венчурлы қорларға, акселераттар мен бизнес-періштелерге көрсетеді. Конгресс уақытында ИТ-саласының әлемдік кәсіпқойларының дәрістері өтеді, олар инновацияларды дамытудың әлемдік трендтері туралы айтып береді», - дейді Ұлттық технологиялық даму агенттігінің басқармасы төрағасының орынбасары Жұматай Салимов. 

Оқиғаны және Facebook-те қадағалаңыз.



Жобалар
ЖҚЗ
«Қазақстан Республикасының Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесін құру» жобасы
қосымша ақпарат
ЖСНЖ
«Қазақстан Республикасының жоғарыдәлдікті спутниктік навигация жүйесінің жерүсті инфрақұрылымын құру» жобасы
қосымша ақпарат
ҚұСК
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат
ТК 66
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат

Қазақстандағы ғарыш күндері

«Қазақстандағы ғарыш күндері» халықаралық семинары 2013 жылы  10 – 11 сәуірде Астана қ., «Rixos President Astana» қонақүйінде өткізілді. Семинар бірінші қазақстандық Жерді қашықтықтан зондтау жерсерігінің (ЖҚЗ ҒЖ) ұшырылуына арналды және жыл сайын 12 сәуірде атап өтілетін Адамның ғарышқа ұшқан халықаралық күніне орайластырылды. 
Толығырақ