Главная Новости

Новости

06.11.2015
Қазғарыш Францияның Ұлттық ғарыштық зерттеулер орталығымен Ынтымақтастық туралы декларацияға қол қойды

АСТАНА. МЕНШІКТІ АҚПАРАТ – Қазақстан Республикасы Президентінің Францияға ресми сапары аясында ҚР ИДМ Аэроғарыш комитетінің (Қазғарыш) төрағасы Талғат Мұсабаев пен Француз Республикасының Ұлттық ғарыштық зерттеулер орталығының басшысы Жан-Ив Ле Галль Ғарыш жөнінде ынтымақтастықты дамыту саласындағы ниеттер туралы декларацияға қол қойды, деп хабарлайды Қазғарыштың баспасөз қызметі. 

«Құжат ҚР ИДМ Аэроғарыш комитеті мен Францияның Ұлттық ғарыштық зерттеулер орталығының арасындағы ынтымақтастықтың одан арғы қадамдарын айқындайды. Бүгінгі таңда біз француз әріптестерімізбен бірлесіп жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесін құру және ғарыш аппараттарының құрастыру-сынау кешенін салу жөнінде екі ірі жобаны іске асырып жатырмыз»,  - деді Қазғарыштың басшысы «Қазақпарат» халықаралық агеттігіне берген қысқа сұхбатында. 

Ресми іс-шаралар барысында Талғат Мұсабаев француздық ғарыш компанияларының өкілдерімен ғарыш саласындағы ықтымақтастықты дамыту мәселесі жөнінде бірқатар кездесулер өткізді, сондай-ақ «Француз индустриясының капитандары» деген «дөңгелек үстелдің» отырысына қатысты», - деп атап өтті Қазғарыштың баспасөз қызметі. 

Қазақстан Республикасы Президентінің Францияға ресми сапарының іс-шараларына қатысқан үлкен қазақстандық делегацияның құрамында «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ президентінің м.а. Марат Нұрғожин және  «Ғалам» БК директоры Аманжол Жаймырзин де болды.

20151106021251.jpg


Жобалар
ЖҚЗ
«Қазақстан Республикасының Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесін құру» жобасы
қосымша ақпарат
ЖСНЖ
«Қазақстан Республикасының жоғарыдәлдікті спутниктік навигация жүйесінің жерүсті инфрақұрылымын құру» жобасы
қосымша ақпарат
ҚұСК
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат
ТК 66
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат

Қазақстандағы ғарыш күндері

«Қазақстандағы ғарыш күндері» халықаралық семинары 2013 жылы  10 – 11 сәуірде Астана қ., «Rixos President Astana» қонақүйінде өткізілді. Семинар бірінші қазақстандық Жерді қашықтықтан зондтау жерсерігінің (ЖҚЗ ҒЖ) ұшырылуына арналды және жыл сайын 12 сәуірде атап өтілетін Адамның ғарышқа ұшқан халықаралық күніне орайластырылды. 
Толығырақ