Главная Новости

Новости

30.10.2015
Марат Рахмалиұлы Нұрғожиннің "Vласть" интернет-журналына сұхбаты

От госструктур до граждан: кто сможет пользоваться и как будет работать система дистанционного зондирования земли в Казахстане

Өзіне меншікті ғарыш түсірілімін қалай жасауға болады және Қазақстанда ғарыш аппараттарын қашан жинай бастайды? «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ президентінің міндетін атқарушы Марат Нұрғожин осы және өзге жөнінде «Vласть» интернет-журналына берген сұхбатында әңгімелеп берді. 

Марат Рахмалиұлы, Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесі іске қосылды. Ол қалай жұмыс істейді және бүгінгі таңда осы жүйенің қолданылуы қалай? 

М.Н.: Республикамыздың Жерді қашықтықтан зондтау (ЖҚЗ) ғарыш жүйесі екі сегменттен: кеңістіктік айыру қабілеті жоғары «KazEOSat-1» (1 м) мен кеңістіктік айыру қабілеті орта (6,5м) «KazEOSat-2» екі оптикалық-электронды  ғарыш аппаратынан (ҒА), сондай-ақ жерсеріктерді жерүсті басқару кешенінен және ЖҚЗ деректерін қабылдау, өңдеу және соңғы тұтынушыларға таратуға арналған жерүсті мақсатты кешенінен тұрады. 

Бірінші ғарыш аппаратының өнімділігі тәулігіне 220 мың кв. км. Бұл аппаратты француз стратегиялық әріптесі Airbus Defence and Space Geo SA жасады. 

Екінші ғарыш аппараты – айыру қабілеті орта, оның ерекшелігі ол едәуір үлкен кеңістіктер мониторингіне арналған және ауыл шаруашылығы, төтенше жағдайлар мониторингіне, экологиялық мониторингке бағытталғандықта. Қармау алабының ендігі 77 км, бұл аса маңызды. Салыстырыңыз: егер айыру қабілеті жоғары аппараттың қармау алабының ендігі 20 км болса, бұл өте тар алап, 77 км – бұл шамамен 4 есе кең. Бұл аппараттың өнімділігі тәулігіне 1 млн кв. км.
Қазіргі уақытта жерүсті сегменті іске қосылды, бұл екінші құрамдауыш. Тап осы, қазір біз тұрған ғимаратта, ғарыш аппараттарын басқаратын операторлар, алынған түсірілімдерді өңдейтін және соңғы өнімге дейін, соңғы тұтынушыға дейін жеткізетін инженерлер жұмыс істейді. Осы құрылыс учаскесінде антенналық кешендер – екі күмбез орналастырылған, олар біздің аппараттармен байланыс жасайды. Әр аппарат біздің аумақтың үстінен тәулігіне шамамен 6 рет – 3 күндізгі сеанс және 3 түнгі жасайды. Осы антенналық кешендер арқылы жерсерік қай жерде және қашан түсіруді білу үшін басқарушы командалар беріледі, сондай-ақ түсірілген ақпаратты тастау жүргізіледі. Ал біз оны жерүсті құралдарымен өңдейміз және тұтынушыға жеткіземіз. 

Айыру қабілеті жоғары аппарат 2014 ж. 30 сәуірде Куру ғарышайлағынан (Француздық Гвиана) Еуропалық ғарыш агенттігінің «Вега» зымыран-тасымалдағышымен іске қосылады. Айыру қабілеті орта аппарат 2014 ж. 20 маусымда Ясный іске қосу базасынанің «Днепр» зымыран-тасымалдағышымен іске қосылды. Қазір екі аппарат та шттатық режимде ұшып жүр. Мемлекеттік комиссия айыру қабілеті жоғары аппаратты шілденің басында қабылдады,  айыру қабілеті орта аппарат тәжірибелік пайдалануды аяқтауда. Оны қазанның соңында қабылдауды жоспарлап отырмыз. Сонымен бірге, біздің әріптестерімізбен уағдаластық бойынша біз шілде айынан бастап екі ғарыш аппараттың коммерциялық пайдалануын жүзеге асырамыз. 

Олар іс жүзінде қалай қолданылуда? 

Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш аппараттарының бірнеше түрі бар. Біздің аппараттар оптикалық-электрондық аппараттарға жатады, себебі олар Жердің бетін түсіреді және осы түсірілімдердің негізінде біз шифрын аша және Жер бетінде не болып жатқанын анықтай аламыз. Екінші топ – бұл Жерді қашықтықтан зондтау радарлы ғарыш аппараттары. Бұл біздің жүйенің келешегі және қазір біздің компания радарлы аппараттың кескінімен жұмыс істеуде. Олар не үшін қажет? Олар оптикалық ғарыш аппараттарын толықтырады, бұдан басқа, радарлы жерсеріктер бұлтты ауа-райында және түнгі уақытта түсіру жүргізуге мүмкіндік береді. Әрине, оптика тек күндіз және бұлтсыз ауа-райында жұмыс істей алады. 

Үшінші топ – бұл метеожағдайдың болжамдарымен байланысты ЖҚЗ аппараттары, олар  өз алдына метеожерсеріктер. Қазақстан жаңа ғана ЖҚЗ жүйесін құруға кірісті және біз оптикалық-электронды аппараттар саласында бірінші тауашаны алдық. Бұл аппараттар экономиканың барлық салаларында қолданылады. 

Ауыл шаруашылығы министрлігі үшін біз ылғалды жинаудан бастап, егіс жұмыстарын жүргізу, оны бақылау, қанша егілді, егін жинау мерзімі, өсіп-өну барысы, жасыл массаның индексін анықтаудың бірсыпыра қызметтерін көрсетеміз, бірқатар коэффициенттер негізінде өнімділікті болжауға болады. Бүгінгі таңда біз негізгі егін салушы өңірлеріміздің – Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақмола облыстарының және Қызылорда облысы бойынша – күріш өсіретін шаруашылықтардың астық жинауына мониторинг жүргіземіз. 

Күтілетін астық болжамын кімнен сұрау керек екенін білдік. 

Әрине, ғарыш жүйелері қателеседі, бұл мінсіз шешім емес. Дала жұмыстары көкейкесті болып қала береді, бірақ аз ауқымда. Біздің жоғарыдәлдікті аппарат өткен жылдардың болжамымен салыстырғанда, өте аз қателеседі. Биыл біз 7-10% ғана қателесеміз. Бұл деректерді шашу шегінде.  
Ең болмағанда бұл әкімдіктердің өзінің және басқа астық егуші щаруашылықтардың мониторинг пен бақылау құралы болады. 

Бұдан басқа ауыл шаруашылығы министрлігі үшін заңды және заңсыз орманды кесіп алу мониторингін жүргіземіз. Ормандарымыздың ауданының пайызын анықтау, осы ормандардың құрамын анықтау, осы ормандардың жағдайын (ауру немесе жоқ) анықтау, жайылымдар мониторингі, шөлейттену мәселелері – бұл Қазақстан үшін өзекті проблема. Мысалы, қазір біз БҰҰ жобасы шеңберінде Арал теңізінің түбіндегі сексеуілге мониторинг жөнінде шағын келісімшартты орындаймыз. Бұл 2004 жылдан бастап жүзеге асырылатын Дүниежүзілік Банк жобасының шеңберінде фитомелиорация жұмыстарының нәтижелерін түгендеу жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік береді. 

Су ресурстарының проблемасы – өзендердегі, көлдегі судың көлемімен байланысты мәселелер де көкейкесті. Түптеп келгенде бұны да, ЖҚЗ пайдаланумен өткізуге болады.  Яғни, ауылшаруашылық мәселелерін біздің аппараттарды қолданумен барынша қамтуға болады. Ғарыштық түсірілімдер бойынша Қазақстан Республикасы су кадастрын жаңарту үшін су нысандарын түгендеу және мониторингін өткізуге болады. 

Бұдан басқа, бізде жоғарыдәлдікті жерсеріктік навигация жүйесі енгізілді. Және дәлдігі жоғары навигациялық міндеттерді Жерді қашықтықтан зондтаумен үйлестіру Қазақстанда дәл егіншілік технологияларын енгізуге мүмкіндік береді. Үкімет мұндай міндетті ауыл шаруашылығы министрлігінің алдына қойды және біз осы мәселені бірге шешуге, әдістер мен тәсілдер ұсынуға тырысамыз. Ғылыми зерттеулер аясында біз дәл егіншілік енгізу тұжырымдамасын әзірледік және қазір осы аспектілер ауыл шаруашылығы министрлігінде қарауда. 

Егер Төтенше жағдайлар комитеті үшін түсірілімдер қажеттілігін қарасақ, әрине, бұның бәрі жер бетінде болатын төтенше үдерістер, су тасқынынан сельге дейін, өрттен автомобиль және теміржолдарды қар басуға дейін. Біздің үш – Қарағанды, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарымызда су тасқыны болғанда -  біз шұғыл түрде түсірілімдерді, ақпаратты т.ж. жөніндегі ахуалдық орталыққа бердік. Сель, мұздар, моренді көлдер жағдайы мәселелері Жерді қашықтықтан зондтау көмегімен шешіледі. Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығынан біздің әріптестеріміз жиырма жылдан астам осы мәселелермен айналысады, әдістемелер әзірледі. Қазір дәлірек аппараттарымыз бар және осы әдістемелерді біз ұқсас міндеттерді шешу үшін бейімдеуді жоспарлаймыз. 

Неліктен су тасқыны осылай болды? Мониторинг жұмыс істеп тұрды, деректерді сіздер ұсынып отырдыңыздар, ал уақытылы ескерту болған жоқ, адамдар соңғы сәтте ғана көшіріле бастады. ТЖК дұрыс ескермеді ме? 

Жоқ, мен олай болды деп айта алмаймын. Айтпақшы су тасқыны жағдайы бойынша. Бірде - бір адам құрбан болған жоқ.  ТЖК бұл жерде жедел жұмыс жасады. 

Адамдардың айтуы бойынша олар ауылдың бір шетінен қашып шығып жатқанда, ауылдың екінші шетіне су басып келе жатқан екен. 

Мен бұл жағдайды айта алмаймын. Біз қолымызда бар түсірілімдерді берген болатынбыз. Бедерлердің сандық үлгісін құру бұл басқа шаруа және судың жайылуына болжаулар жасау енді ғана көп жұмыс істеліп төселу үстінде. Барлық осы мәселелер дұрыс және өзекті болып келеді. Ол кезде қалай болғанын айта алмаймын, себебі мен ол жерде болған жоқпын, тек ғарыштан түсілім жасап, алғашқы сағаттар ішінде түсірілімдерді бердік, яғни егер таңертен антенналық посттарға түсірілген ақпараттар келсе, біздің мамандар 1-2 сағат ішінде су басқан аумақтардың көрінісімен дискілерде, тағы FTP-арналары бойынша ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетіне түсірілімдерді жіберіп отырды. Айтпақшы, түсірілімдердің жартысы біздің сайтта және  tengrinews.kz сайтына орналастырылды. 

Жақсы, ЖҚЗ мүмкіндіктеріне қайта келейік. Бұл жерсеріктер тағы не істей алады? 

ТЖК үшін біз өрттер бойынша мониторинг жасаймыз, өткен жылы және осы жылы жазғы кезеңде дала және орман өрттерінің жағдайлары бойынша ақпараттар ұсындық, және тағы солай. Бұл өрттің шығу көзін, көлемін, таралу бағытын анықтауға мүмкіндік береді, және нақты жедел шаралар қабылданады. 

Қоршаған ортаның мониторингін жасау да маңызды. Мысалы, әлемде елеулі мәселе болып келе жатқан қатты тұрмыстық қалдықтардың үйінділері. Қалалардың айналасындағы үлкен аумақтар осы қоқыстарды қабылдауға мәжбүр, ал бұл қоқыстарды қайта өңдеу қажет. Біз бұл жағдайды қадағалаймыз. Қазір Астана әкімдігінің тапсырысы бойынша біз шағын жоба жасаудамыз, ол қалай осы тұрмыс қалдықтарына және олардың көбею процесіне  мониторинг жасауға болатындығы, сосын оны қалай реттеу және осы қоқыстарды қайта пайдалану үшін және осы қалдықтарға арналған аудандарды өсірмеу үшін дұрыс басқарушылық шешім қабылдау керектігі жайында.   

Сондай-ақ, ғарыштан ілеспе газды заңсыз жағуды бақылауға, сәйкес бұзушылықтарды анықтауға болады. Біз бас прокуратурамен жер құрылысы жөнінде тығыз жұмыс жасаймыз – біз ғарыштан сол немесе одан басқа жер телімдерінің құрылыс салуға рұқсат берілген зоналарға жататындығы, немесе жерлерді басып алу жүріп жатқандығын түсіре аламыз. Сондай-ақ, көршілес шетел аумақтарын түсіруге, егіншілік болжамын анықтауға, көршілес аумақтардағы төтенше жағдайлардың жүру барысына мониторинг жүргізуге және соларға жол бермеу, мысалы ҚР аумағына өрттің және басқа төтенше жағдайлардың таралуына қарсы ескерту шараларын өткізуге болады. 

Ғарыш түсірілімдерін қолданудың ең маңыздыларының бірі – бұл біздің тәуелсіз мемлекетіміздің қауіпсіздігі. 

Білесіз бе, ауылшаруашылығы жерлеріне мониторинг жүргізуді мен түсінемін, ал жерсеріктерден алынатын түсірілімдер, сіз Астана әкімдігінің жобасы туралы айттыңыз, қалайша ТШҚ пайдаға асыруға  көмектеседі. Мәселе бізде пайдаға жарататын жер жоқ, бізде тек қоқыс үйінділері бар. Сіздер тек қай жерде қоқыс үйіндісі пайда болғандығы, ал мына жерде көбейіп жатқаны туралы фактілерді белгілейсіздер ғой. 

Әңгіме осы жөнінде болып жатыр ғой – біз сол зоналарды табамыз, сол тұрмыстық қоқыстарға пайдаланылатын жер көлемін анықтаймыз, ал шешімді ақпаратқа ие болған адам шешу керек.  Ол көлемін білгендіктен жағдайдың қауырттығын немесе мүмкіндік болса тағы қабылдауды жалғастыру  керек екендігін көреді. Олар сәйкес шешеім қабылдаулары керек. Шын мәнінде, түсірілімдер – бұл шешім қабылдайтын менеджерлер үшін бастапқы ақпарат. Бірақ қосымша өңдеудің (ЖҚЗ деректерін тақырыптық өңдеу) арқасында біз түсірілімдерді картографиялық өнімге және т.б. айналдыра аламыз. 

Міне картографиялық жұмыстар түсініктілеу және көңілге қонымды. 

Иә, дәл осы ғарыштық түсірілімдер карталардың нақты тура жасалуына мүмкіндік береді, үлкен аумақтарды қамтуға және 1:5000 масшабтағы карталарды да және кішілеулерін де ғарыш түсірілімі негізінде жасауға болады.  Біз осы жұмысты – Астана, Алматы, Оңтүстік Қазақстан әкімдіктері, осы жылы Атырау облысының әкімдігі үшін жасадық. 

Түптеп келгенде, радарлы аппаратты ұшырғалы бері және оптикалық-электрондық аппаратпен сәйкестігімен пайдалы қазбаларды жүргізу және бағалау жүргізуге болады. Жер астында тереңде жатқан кез-келген тау жынысы жердің бетінде қандай да бір белгілермен көрінеді. Айтпақшы осы белгілер арқылы жер сілкінісін де болжауға болады. Қазір біз АҚШ геологиялық қызметімен тығыз байланыста жұмыс істейміз, олар сарапшы бөліп берді, бірқатар кеңестер жүргізілуде, біз геология комитеті үшін геологиялық міндеттерді шешу үшін ЖҚЗ деректерін қолданудың атқарымы шеңберінде пилоттық жоба дайындағымыз келеді. 

Алайда бұл радарлы жерсеріктер ұшырылғаннан кейін ғана мүмкін болады ғой? 

Иә, бірақ біз бұны қазір де жасай аламыз. Біздің компания басқа елдердің барлық ғарыштық топтарының Қазақстандағы дистрибьюторы болып табылады, сондықтан біздің саланың міндеттерін шешу үшін өзімізге жетпейтін қажет ақпараттарды біз өз әріптестерімізден мүмкіндігінше сатып ала аламыз. Одан басқа, ашық таулы жұмыстар үшін ашық кендердің ернеулерінің жағдайларын анықтайтын жұмыстардың  әзірлемелері контурларын анықтау, көлемін анықтау, қандай салмақ анықталғаны сияқты міндеттерді шешеміз. Нысандардың құрылыстарына мониторинг жүргізуге болады, мысалы біз өз бастамамызбен ЭКСПО құрылысына мониторинг жүргіземіз. Жедел ақпарат құрылыс жұмыстарының динамикасы қалай жүріп жатқанын күндер бойынша көрсетеді, яғни белгілі уақыт аралығында, бір жыл бұрын не болғаны, екі ай бұрын не болғаны  және қазіргі кезде құрылыста  қандай жағдай болғанын және т.б. көрсетеді. 

ЭКСПО – ға қарай жұмыс динамикасы қалай? 

Динамика жақсы. Бізде алдыңғы жылдағы түсірілімдер бар, аппаратты ұшырғандағы, яғни 2014 жылдың мамыр айынан бастап. Бос қара жер болатын. Қазір құрылыс белсенді жүріп жатқандығы көрініп тұр, іс керек бағытқа қозғалуда. Бұл басшылар мен топ-менеджерлер үшін, олар тиісті шешімдер қабылдайды. 

ЖҚЗ жұмыстарының ең көп бөлігі ұлттық қауіпсіздік мүддесінде қорғаныс министрлігі үшін, сыртқы барлау үшін жасалады. Біздің жерсеріктер тек қана Қазақстанды ғана түсірмейді ғой, олар барлық әлемді түсіреді. 80% ресурстар – бұл әлемнің басқа территорияларының, 20% Қазақстан территориясының түсірілімі. Сондықтан біздің қарулы күштердің арнайы тапсырмалары бойынша біз ішкі қажеттіліктер үшін әлемнің кез-келген аумағы туралы ақпарат ұсына аламыз.  Және бүкіл әлемде ЖҚЗ ғарыштық жерсеріктері, маркетингтік талдау бойынша 60-65% ұлттық қауіпсіздікке жұмыс істейді, 20-25% мемлкететтік органдарға, жергілікті атқарушы органдарға жұмыс істейді, 10-12% коммерциялық құрылымдарға жұмыс істейді. Қажеттіліктердің құрылымы осындай.  

Сонымен біздің ЖҚЗ жүйесінің болашағы қандай? 

Қазіргі кезде болашақта болатын жаңа жобалар әзірленуде, және де біз кез-келген деңгейдегі ынтымақтастыққа дайынбыз. Жеке тұлғалар тұтынушы болады. Үш тауаша бар - В2В («бизнес үшін бизнес»), В2С («клиенттер үшін бизнес») немесе B2G («бизнес және мемлекет»). ЖҚЗ жобасы қазіргі кезде екі тауашаны толтырды – мемлекет және кәсіпорындар (бизнес) үшін біз үлкен нарықты игеріп және оларға ақпаратты  iPad, ұялы телефондарға және т.б. ұсынғымыз келеді. Бұл нарық әлі игерілмеген, ол өз алдына «терең мұхит» тәрізді, бұл жерде ЖҚЗ жақсылап коммерцияландыруға болады. 

Яғни жүйе табыс алып келе бастайды ғой? 

Іс жүзінде барлық ЖҚЗ жүйелеріне мемлекет қолдау көрсетеді.  Өйткені олар мысалған алғанда жерсеріктік байланыс технологиялары сияқты коммерцияландырылмайды. Байланыс технологиялары 2-3 жылда өтеледі, ал ЖҚЗ деректері – жоғары зияткерлік өнім. Түсірілімді өңдеу қажет, геометрикалық және радиометрикалық түзету жүгізу қажет, географиялық байланым, яғни алғашқы және стандартты өңдеу жүргізу қажет, одан әрі тақырыптық өңдеу жүргізу қажет. Бұл маңызды жұмыс, бұл осы түсірілімдерді өңдейтін, ақырғы өнімді жасайтын біздің инженерлердің зияткерлік еңбегі. 

Жарты жұмысты автоматтандыруға мүмкіндік беретін сәйкес бағдарламалық жабдықтау бар, бірақ қолмен де жасайтын жұмыстар да жеткілікті. Біздің аппараттардың түсірілім жасағанда артықшылықтары бар: кадрлық түсірілімнен («KazEOSat-1» үшін 60 км ұзындықты және 20 км ендікті қамтиды, «KazEOSat-2» үшін 90 км ұзындықты және 77 км ендікті қамтиды), жолақ түсірілімнен («KazEOSat-1» үшін 2000 км ұзындықты және и 20 км ендікті,   «KazEOSat-2» үшін 4000 ұзындықты және 77 км ендікті қамтиды) басқа стерео – түсірілім режимі де бар. Яғни біз бедердің сандық үлгісін және жергілікті жердің сандық үлгісін тез арада ала аламыз, ол мониторинг жасауға мүмкіндік береді, мысалы белгілі аймақтарды су басу, өзен су тасқынын қай жаққа бұрады, кент жаққа ма немесе керісінше су тасқыны басқа арнамен кетеді (яғни су алдымен барлық төменгі жерлерді толтырады сосын ғана жоғары жатқан телімдерді су баса бастайды). Немесе тоғандармен болған жағдайлар – алдын - ала тоғанды су басуды болжап және күні бұрын шешім қабылдауға болады.  

Талғат Мұсабаев ЖҚЗ жобасы өтімді, табысты болуы тиіс деп бірнеше рет айтқан және атқарылымдар да бар сияқты. Қандай атқарылымдар?Қай жерде және қашан өтеле бастайды?  Cіз бұл уақытқа қарай белгіленеді дейсіз. 

Біріншіден, ЖҚЗ аппараттары – едәуір күрделі, ғылымды қажетсінетін аппараттар. Тиісінше олардың құны да аз емес. Екіншіден, мен айтқандай, ЖҚЗ деректерін өңдеу үшін жоғары зияткерлік әлеует пен тиісті бағдарламалық жабдықтама қажет. Бұның бәрі Қазақстанда бар. Біз жобамыздың шеңберінде 45 инженерді оқыттық: олардың 24 инженер-конструктор, сондай-ақ инженерлер де (21 маман) даярланды және қазіргі кезде, 2014 жылдан бастап олар екі ғарыш аппаратын басқарып отыр, бүкіл әлемнің аумағын түсіруді апта сайын жоспарлау жүргізілуде және түсірілімдер өңделуде, себебі инженер қызметкерлер құрамы жұмыс істеуде.  Коммерцияландыру мәселесіне келсек. Бірінші кезеңде, Қазақстан нарығы өзінше «тәрбиелі» болу үшін, біз оны дайындауымыз қажет. Біздің тұтынушыларымыз әлі дайын емес, себебі бұл едәуір күрделі өнім. Бұл сүретті алып альбомға салып қою емес. Түсіріліммен одан әрі жұмыс істеу керек. Әр мемлекеттік орган өзінің тікелей міндеттетін шешу үшін ғарыш түсірілімдерун пайдалана алады. Бүгінгі таңда түсірілімдерді өңдеу және тұтынушыларға түпкілікті өнімді беру жүктелген, алайда барлық әлемдік практикада сияқты экономиканың әр саласында және тиісті компанияларда түсірілімдерге тақырыптық өңдеу жүргізе алатын және Жерді қашықтықтан зондтау деректерін пайдаланудан нақты кіріс таба алатын өз мамандары болады. Осы тұрғыда біз кешенді бағдарламаны жасап жатырмыз және мемлекеттік органдармен бірге  тұтынушыны  ЖҚЗ  деректерін тиімді пайдалана білуне дайындаймыз, бұл Қазақстан ішіеде коммерцияландыруды ұлғайтуға әкеледі. 

Әлемдік практикаға келсек – әлем дайын. Қазір біздің бірқатар дистрибьюторларымыз бар, біздің түсірілімдерді шетелге сатамыз. ТМД шеңберінде бірқатар дистрибьюторларымыз бар, бұл Ресей, Белоруссия, Украина, Киргизия, Түрікменстан, Өзбекістан компанияларының өкілдері. Түсірілімдерді алғашқы сату өтті: Украина, Белоруссия және Ресей. 

Бірақ Ресейдің өзінің ЖҚЗ жүйесі бар емес пе. 

Тиісті талдау жүргізілді, ол осы кезеңде Қазақстан айыру қабілеті жоғары «KazEOSat-1» аппаратымен осындай жоғары технологиялары бар он елдің қатарына кіргенін көрсетті. 

Әр аппараттың өз түсіру кезеңділігі бар, сондықтан жерсеріктер тобымен бірден үлкен аумақты түсіруге болады. Сондықтан ресейліктер қазақстандық түсірілімдермен түсіру кезінде осы орбитаға түспеген аумақтарды толлықтырады, себебі әр жерсерік тәулігіне  14-15-ке дейін айналым жасайды.
Сондай-ақ, Қазақстанда, қажет болса басқа аппараттардың түсірілімдерні сатып алатын болады, бұл әлемдік тәжірибе. 

Біз жылдың екінші жартысында ғана аппараттарды коммерциялық пайдалануға қабылдағандықтан, әрине маркетингтік стратегияны әлі әзірлеудеміз. Біздің түсірілімдер шетелде қажет болатынын және Қазақстан ЖҚЗ түсірілімдерінің экспортында өз тауашасын алатынын мен білемін және сенімдімін. Әрине пайдалы әсер болады, бірақ 100% емес. 

Жалпы пайда туралы болмаса, тым болмағанда осындай жобалардың өтімділігі жөнінде айтуға бола ма ?

Осы кезеңде өтімділік әлі іске аспайтын мәселе. Осы алғашқы екі жылда коммерциялық пайдалану, өтімділікке жеткізуге мүмкіндік беретін қандай тетіктер бізде болатынын көрсетеді. Осымен жұмыс істеудеміз. 

Егер әлімдік практиканы қарасақ, бұл жүйелердің бірлағы демеуқаржылық болып табылады. Мәселен бірінші кезекте тұтынушылардың 80-85%, егер жинақтасақ – бұл мемлекеттің өзі. Мемлекет түсірілімдерді сатып алуға, сондай-ақ жүйені құруға да ақша бөлуге тиіс болып шығады. Сондықтан біз түсірілімдерді мемлекеттік органдарға тегін беруді ұсынамыз, сонымен біз осы проблеманы саналы шешуге әкелеміз. Бұл ұсыным қолданды және қазір 2016-2017 жылдар бюджеті шеңберінде қазір парламентте қарауда. 

Біздің ЖҚЗ жүйемізде екі жерсерік бар. Егер салыстырсақ, осындай ресйелікте – бесеу. Яғни біз бастапқыдан ұтыстамыз ба? 

Жоқ біз ұтылмаймыз. ЖҚЗ ресйелік тобында геостационарлық орбитада орналасқан және үлкен аумақты түсіретін метео-жерсеріктердің айтарлықтай күшті тобы бар. Ресей жүйені кеңейтуді шындап ниеттеніп отыр және 2025 жылға қарай олар қолданыстағы ЖҚЗ тобын радарлы аппараттармен, алдын ала деректер бойынша 15-20 ғарыш аппараттына дейін кеңейтуге ниетті. Бірақ ерекшелік Ресей аумағы Қазақстан аумағынан 10 есе үлкендікте. Қазақстан үшін, біздің экономикалық міндеттеремізді шешу үшін біздің екі аппаратымыз жеткілікті. Қазір біз үшінші аппаратпен жұмыс жүргізудеміз. Бұл ғылыми-технологиялық аппарат, біздің жоспарларымыз бойынша оны біз2016-2017 жылы іске қосамыз. Кеңістікті айыру қабілеті 22 м. болады. Ол өте үлкен аумақты қамтитын болады, қамту алабы 300 км. Бұл ЖҚЗ үшінші аппараты болады. Және біз төртінші – радарлық аппарапен жұмыс істеудеміз. Әзірше біз Франциядағы, Канада мен Англиядағы әріптестерімізбен серіктестікте оның техникалық келбеті мен инвестициялық ұсыныстарды қарап жатырмыз. 


Қазір ғарыш қызметі жөніндегі заңнамаға түзетулер пакеті парламентте. Онда нормалардың көбі ЖҚЗ жүйесіне, оны ІІМ, қорғаныс министрлігінде, ауыл шаруашылықта қолдануға қатысты. Бұл түзетулер не үшін қажет болды, мемлекеттік органдар жүйені пайдаланғысы келмей ме? 

Бірінші кезекте біз ғарыш қызметі туралы заңға өзгерістер енгіздік, бұл заң белгілі уақыт жұмыс істеді, әрине өзгертуге тиіс белгілі сәттер анықталды. Бұл заң қабылданған кезде біздің жүйелер әзірлеу сатысында еді. Енді біз жүйені құрғанда, қабылдағанда, белгілі тәжірибе алғанда жерді қашықтықтан зондтау ұлттық операторының заң шығару функцияларын,ұлттық ғарыштық байланыс операторының, жоғарыдәлдікті жерсеріктік навигация жүйесінің ұлттық операторының функцияларын анық жазу қажет екенін түсіндік. Бұл жобалар қазір қолдануда, инфрақұрылымы бар және бұл функцияларды жазу қызметтерді сауатты, дұрыс беруге мүмкіндік береді. 

ЖҚЗ шеңберінде мемлекеттік мониторинг міндеттерін шешу үшін ЖҚЗ технологиялары аса тиімді құрал болып табылады. Қазіргі заңдарда мемлекеттік мониторинг ғарыштық түсірілімдерді және ЖҚЗ жазылмаған, онда аэротүсірулер, мониторинтің басқа әдістері болды. Бүгінгі таңда ғарыш жүйесі құрылды және біз ғарыштан ЖҚЗ технологияларын экономиканың түрлі салаларындағы мемлекеттік мониторинг міндеттерін шешуге енгізуді ұсынамыз. Бұл мемлекеттік органдарға түсірілімдерді бөтен ғарыш жүйелерінен емес, бұл қызметтерді Қазақстан ішіндегі ұлттық оператордан сатып алуға мүмкіндік береді. Яғни бұл мемлекет мүддесінде біздің еліміз құрған жүйені жүктеуге мүмкіндік береді. Және технология заңды түрде жазылғанда, меморгандар оларды қоолдану тиімділігіне дұрысырақ қарайтын болады. 

Бұл технология осы не өзге мемлекеттік міндеттерді шешу кезінде мемлекеттік мониторинг құралының бірі ретінде жазылғаны маңызды. Бұл менгеджер үшін дұрыс шешім қабылдауға мүмкіндік беретін аспап. 

Бүгін негізінде ғарыштан ең көп құрылатын кеңістіктік ақпарат жататын геоақпараттық жүйелер дамуда. Көптеген елдер ұлттық кеңістіктік деректер инфрақұрылымын жасады. Бұл деректер нақты координаттарға байланған. Мысалы, біздің деректер базамыз бар, ол адамның бойы мен салмағын сипаттайды, егер оны нақты тұратын жерге, орналасқан жерге байласа, онда бұл геокеңістікті ақпарат болады. Қазақстан да өзінің ұлтық кеңістіктік деректер инфрақұрылымын құру жобасына кірісті. Негізі – жер кадастры бар. Егер оны ЖҚЗ деректерінің көмегімен кеңістіктік деректер қатарына ауыстырсақ, сіз "Гуглде" ақпаратты көретіндей, Қазақстанды бүкіл жолдарымен, коммуникацияларымен және тағы басқаны осындай ракурста, тиісті қабаттарды беттестіріп, көре аламыз. 

«Зерде» холдингіндегі біздің әріптесмтеріміз ҰҒАЖ ұлттық геоақпараттық жүйе жобасымен жұмыс істеуде. ЖҚЗ деректерің осы жүйенің негізі  болады, бұл ақпараттық технологиялар, дұрыс және көкейкесті ақпарат. 

Немесе  «үлкен ағаң саған қарап отыр ма»? 

Егер ЖҚЗ азаматтық технологиялары туралы айтсақ, олар автомобильдің типі және т.б. сияқты нысандарды айыруға мүмкіндік береді. Біздің жүйе ьұны жасауға мүмкіндік береді. Ғарыштан адамдарды бақылау мәселелері шешілмейді (яғни түсірілімдегі бір 1 м тең). Бұны тек кинода көрсетеді. 

Бұл міндеттерді  навигация мәселелері шешеді. Мысалы, біз осы жылы ауыл шаруашылығы министрлігі үшін, шегірткемен күресу жұмысын жүзеге асыратын кәсіпорынның бірі үшін осындай жұмыс жүргіздік. 1200-ден астам қызметкер далада жұмыс істеді және дезинфекциялық жұмыстар жүргізді, тиісті құрамдарды шашу және тағы басқа  арқылы шегірткемен күресті. Біздің мониторинг жүйесі осы қызметкерлерді мониторингтеуге мүмкіндік берді – олар жұмысқа шықты ма, жұмыс аймағында ма, қайта ауытқыды. Олардың тиісті білезіктері болды және біз серверіміз арқылы күннің басында, ортасында және күннің соңында – үздіксіз мониторинг режимінде ақпарат бердік. Және сіздер білесіздер, шегіртке Қазақстанға кірмеді. Бұл ғарыштық технолоогияларды пайдаланумен мемлекетке көмек. 

Қазір түзету мекемелерінде тиісті мониторинг жүйесі енгізілуде. Сонымен түрмелердің жүктемесі азайтылуда. ҚР ІІМ де осы жобамен жұмыс істейтінін білемін және біз шешімдер беруге дайынбыз.
Дегенмен, ғарыш мониторингінің деректері сынға ұшырады ғой. Мысалы, бір жыл бұрын – өнімді бағалауға қатысты. Мониторинг деректерінің шындықтан өте алыс болғанын көбі айтты. 

Иә, бұл проблема болды. Бірақ мынаны түсіндіргім келеді – бұл жұмысты біздің компания жүргізген жоқ және біздің деректер қолданылған жоқ, себебі аппараттарымыз тәжірибелік пайдалануда және орбитада сынау жағдайында болды. Сондықтан біз өткен жылы деректер берген жоқпыз. Онда басқа аппараттардан – кеңістікті айыру қабілеті 1 км-ден 250 метрге дейін айыру қабілеті төмен аппараттардан алынған деректер қолданылған. Биыл ауыл шаруашылығы министрі  ғарыштық мониторинг жөнінде кеңесті өзі үш рет өткізді, мен оның өзімен кездестім, осы жылдың міндеттері айқын қойылды және қазір біз осы міндеттер шеңберінде жұмыс істеп жатырмыз. Біз айыру қабілеті жоғары аппараттарды қолдана отырып, болжау нақтылығын қалай көтеруге болатынын көрсеттік. Сөз түсім болжамы туралы ғана емес қой. Өткен жылы объективті себептер болды. Әрине қазір солтүстік өңірлердің үсті бұлтты, бұл да ақпарат беру шұғылдығына кедергі келтіреді. Біз облыстар бойынша, аудандар бойынша  ақпарат бердік, енді шаруашылық жүргізуші субъектілер бойынша міндет тұр. Ал осы субъектілердің шекаралары тіпті жер кадастрында  дұрыс көрсетілмеген. Бірақ біз бұл міндетпен жұмыс істеудеміз. 

Сіз ЖҚЗ азаматтық бағыты туралы әлденеше рет еске алдыңыз. Жалпы азаматтарға арналған жерсерік – бұл қалай? Ғарыштан селфи ме? 

Бизнес саласының тұтынушылары – бұл ірі компаниялар: жер қойнауларын пайдаланушылар, экологиялық компаниялар, көлік, авто- және теміржол, құрылыс компаниялары. 

Кеңістікті құрылыстар мониторингі мәселелері – мемлекет үшін  және бизнес үшін аса маңызды. Бүгінгі таңда біз Астана әкімдігі үшін ілкі жоба жасадық – «Алаш» көпірін, оның динамикасын мониторингтейміз   және сонымен оны пайдаланудың қауіпсіздігін арттырамыз. Белгілі жүктемелер аса жоғары деформацияға әкелгенде – тиісті шешімдер қабылдауға болады. 

Шағын және орта бизнес үшін тауаша бар. Бізге көптеген адамдар жер телімдері мәселелері жөнінде, осы аумақтардың шекараларын дәл анықтау қажет болғанда бірнеше рет өтінген. Мүндай міндеттерді, әсіресе аумақ шекараларының дәлдігі, осы шекараларды беттестіруді ғарыштан айқындауға болады. 

Мүмкін біреулер ғарыштан жасалған өз үйінің түсірілімін алғысы келер! Бірақ бұл технологиялар бір орында тұрмайды. Ертең сізде, менде қандай қажеттілік пайда болатынын мен бүгін айта алмаймын. Ұялы телефондардағы карталар – ЖҚЗ негізінде. Сондықтан, қажеттілік өседі деп ойлаймын. 

Яғни мен, мысалы GPS арқылы чип бойынша өз итімді қадағалай отырып ЖҚЗ пайдаланамын ба? 

Иә, сіз картаны пайдаланасыз, ол ЖҚЗ негізінде алынған. Біз жоғарыдәлдікті жерсеріктік навигацияны неге енгіздік? GPS жерсеріктері бізге ұялы телефонда біздің орналасқан жерімізді шамамен көрсете алады. Онда дәлдік 3, 10, 15 метрден бастап. Бұдан басқа, оны реттеуге болады – осы топтардың иелері қажетті сәтте бұрмалау енгізе алады. Жоғарыдәлдікті навигация – бұл  дифференциалды стансалар желісі, олар Қазақстан аумағында 60. Стансалар еліміздің аумағының 94% дәлдікті метрге дейін арттыруға мүмкіндік береді,  стансалар ауданындағы  30-50 км радиуста дәлдік сантиметрге дейін ұлғаяды. Дәл геодезия үшін, көршілер арасында телімді анықтау үшін, қоршау қайда тұруға тиіс – бұның бәрі геодезиянің міндеттері. Жылжымалы көлік мониторингі міндеттерін шешкенде, бұл міндеттерді жылдам шешу қажет болғанда – мысалы, теміржол көлігі жүріп келеді, ақау анықталды, төсемнің қай жерінде ақау барын, сантиметрлік дәлдікпен белгілеуге болады – бұны жасауға жоғарыдәлдікті навигация мүмкіндік береді. 

Осы жүйені құрудың соңғы нүктесі бар ма? 

Сірә, аяқталған жүйелер жоқ. Можно говорить о хороших решениях, которые применяются в АҚШ, Канада, бірқатар еуропалық елдерде қолданылатын жақсы шешімдер туралы айтуға болады, осыған Ресей, Үндістан,  Қытай, Қазақстан жақындауда. Бірақ технологиялар үнемі жетілуде. Өзіміздің конструкторлық бюромызды енгізумен біз барлық өзгерістер толқынында боламыз. 

5-6 жылдан кейін ЖҚЗ саласында айтарлықтай серпіліс болады деп ойлаймын, себебі бұл нарық өсуде және қатты өсуде. 

Және конструкторлық бюроны іске қосу қашан жоспарланып отыр? 

Қазір біз тәжірибелі өндірісті осында өрістетіп отырмыз. Біз пластикпен емес, металл ұнтақтармен жұмыс істейтін 3D принтерді іске қостық және қазір құрамдас бөліктер өндірісіне арналған технологияларды пысықтаудамыз. Жылдың аяғына қарай біз кәбіл өнімін, ғарыш аппараттараның қабығын құрастыратын таза үй-жайларды енгіземіз, ал келесі жылдың соңында тәжірибелі өндіріспен ЖЖНЖ енгіземіз. Мұнда инженерлер жұмыс істейді және біздің әріптестеріміздің тапсырыстарын жасайтын болады. Біздің әріптесіміз - Airbus Defence and Space Geo SA - технологиялар трансфертін жасауды міндеттенеді, және алғашқы бес жылда әріптестер осында тапсырыстарды орналастыру үшін 60 млн. евро инвестиция салады. Бұл шамамен, біздің жоспарлар бойынша 2017-2018 жылдар. 

Яғни бұрын болжанғандай бұл «бұрауыш» өндірісі болмайды? 

Иә, алғашқыда осылай жоспарланған, біз құрастыру және сынау болатын құрастыру-сынау кешенін құруға келісімшартты ғана жасастық. Бірақ бұл сынаулар бірегей. Ғарыш кеңістігін имитациялайтын термо-вакуумдық камераның ғана диаметрі  8 метр, тереңдігі 10 метр. Бұл төмен вакуум және температура ғарыштағыдай -180/+150.

Сосын, біз құрастыру және сынау – бұл аппарат құнының 8-10% ғана екенін түсінгенде, біз конструкторларды оқыттық және аппараттар өндірісіндегі қазақстандық мазмұнды 50-55% жеткізуді шештік. Біздің әріптестерге Қазақстанда өндірісті шоғырландыру пайдалы. Және біз осы бағытта мақсатты жұмыс істейміз.


Жобалар
ЖҚЗ
«Қазақстан Республикасының Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесін құру» жобасы
қосымша ақпарат
ЖСНЖ
«Қазақстан Республикасының жоғарыдәлдікті спутниктік навигация жүйесінің жерүсті инфрақұрылымын құру» жобасы
қосымша ақпарат
ҚұСК
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат
ТК 66
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат

Қазақстандағы ғарыш күндері

«Қазақстандағы ғарыш күндері» халықаралық семинары 2013 жылы  10 – 11 сәуірде Астана қ., «Rixos President Astana» қонақүйінде өткізілді. Семинар бірінші қазақстандық Жерді қашықтықтан зондтау жерсерігінің (ЖҚЗ ҒЖ) ұшырылуына арналды және жыл сайын 12 сәуірде атап өтілетін Адамның ғарышқа ұшқан халықаралық күніне орайластырылды. 
Толығырақ