Новости — gharysh.kz
Главная Новости

Новости

24.11.2015
БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗ «Қазақстандағы ғарыш күндері -2015»

2015 жылы 27 қарашада Астана қ. ҚР Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесінің (ҚР ЖҚЗ ҒЖ) және жоғарыдәлдікті жерсеріктік навигация жүйесінің  жерүсті инфрақұрылымын (ЖЖНЖ ЖИ) қолдану мүмкіндіктеріне және жүмысының алғашқы нәтижелеріне арналған «Қазақстандағы ғарыш күндері - 2015» халықаралық семинары өтеді. 

Қазақстан астанасында үшінші рет өтетін ғарыш форумына Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесінің, оларды өңдеу құралдарының әлемдік өнім берушілері, сондай-ақ геоақпараттық жүйелер мен ЖҚЗ деректерін әзірлеушілері және пайдаланушылары келеді. 

Семинарды ұйымдастырушы ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Аэроғарыш комитеті, «Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясы» АҚ болып табылады. 

Ұйымдастыру комитетінің ақпараты бойынша семинарға қатысуын  үш жүз елуден астам қазақстандық және  Франция, Германия, АҚШ, Израиль, Ұлыбритания, Швейцария, Испания, Норвегия, Нидерланд, Жапония, Канада, Египет, Оңтүстік Африка, Корея, Қытай, Иран, Ресей,  Украина, Белоруссия шетелдік мамандары растады. 

ЖҚЗ ҒЖ және ҚР жоғарыдәлдікті жерсеріктік навигация жүйесінің  жерүсті инфрақұрылымының (ЖЖНЖ ЖИ) ұлттық операторы болып табылатын «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ қызметкерлері жаңа ғарыштық технологиялармен жұмыс істеу тәжірибесімен бөліседі, Қазақстан экономикасының салалық міндеттерін шешу үшін ЖҚЗ ҒЖ қолдану өз бағдарламасын ұсынады, ЖЖНЖ ЖИ және қазіргі геоақпараттық технологиялар мүмкіндіктері туралы айтып береді. 

Семинар қатысушыларын ҚР Инвестициялар жене даму министрлігінің, ҚР ИДМ Аэроғарыш комитетінің басшылары, сондай-ақ форумның платина және аллдын демеушілері болған Airbus Defence and Space француз компаниясының,  IABG неміс компаниясының, SSTL ағылшын  компаниясының өкілдері құттықтайды. 

«Биыл «Қазақстандағы ғарыш күндері - 2015» халықаралық семинар демеушілерінің саны өткен жылмен салыстырғанда 2 есе өсті, шамамен 10 қазақстандық БАҚ ақпараттық қолдау көрсетуге дайындығын білдірді, бұл қазақстандық ғарыш форумының танымалдығын дәлелдейді», - деп атап өтті семинарды ұйымдастыру комитетінде. 

Халықаралық семинардың жұмысы еліміздің экономикасының, қорғаныс және ұлттық қауіпсіздігінің түрлі салаларында ЖҚЗ мен ЖЖНЖ деректерін қолдануға арналған төрт секцияда өтеді, осы тақырыптағы мастер кластарды әлемдік аты бар ЖҚЗ деректерінің өнім берушілері жүргізеді. 

«Қазақстандағы ғарыш күндері - 2015» халықаралық семинардың негізгі ұйымдастырушылары мен қатысушылары он-лайн режимінде журналистердің сұрақтарына жауап береді деп күтілуде. Ғарыш форумының алаңына көшпелі брифингті бас ақпараттық демеуші – ҚР Медиа орталығының орталық коммуникациялар қызметі ұйымдастырады. 

«Қазақстандағы ғарыш күндері - 2015» халықаралық семинар 27 қарашада, таңертең сағат 10-да, Қазақстан Республикасы, Астана қ., Тәуелсіздік көш., 52 мекенжайы бойынша орналасқан Тәуелсіздік Сарайында басталады.   

Тіркеу, қатысушыларға арналған кофе-брейк сағат 8.30-дан бастап. 

Журналистерге арналған брифинг 12 сағат 30 минутқа жоспарлануда. 

«Қазақстандағы ғарыш күндері - 2015» халықаралық семинар уақытында қатысушылар  Тәуелсіздік Сарайының әкімшілігі ұсынған көрмелерге барып шыға алады. 

Қазғарыштың баспасөз қызметі:  Нұркенов Әсет Дүйсенбекұлы, тел:+77012883936, 742476,
«ҚҒС» ҰК» АҚ баспасөз қызметі: Нұрғалиева Сара Қабиқызы,
 тел: +77017373206, 769414,  sarahinfo@mail.ru


Жобалар
ЖҚЗ
«Қазақстан Республикасының Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесін құру» жобасы
қосымша ақпарат
ЖСНЖ
«Қазақстан Республикасының жоғарыдәлдікті спутниктік навигация жүйесінің жерүсті инфрақұрылымын құру» жобасы
қосымша ақпарат
ҚұСК
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат
ТК 66
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат

Қазақстандағы ғарыш күндері

«Қазақстандағы ғарыш күндері» халықаралық семинары 2013 жылы  10 – 11 сәуірде Астана қ., «Rixos President Astana» қонақүйінде өткізілді. Семинар бірінші қазақстандық Жерді қашықтықтан зондтау жерсерігінің (ЖҚЗ ҒЖ) ұшырылуына арналды және жыл сайын 12 сәуірде атап өтілетін Адамның ғарышқа ұшқан халықаралық күніне орайластырылды. 
Толығырақ