Главная Новости

Новости

28.12.2015
Астанада «Қазақстандағы ғарыш күндері -2015» халықаралық семинар табысты өтті

АСТАНА. БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ – 2015 жылы 27 қарашада Астанада Тәуелсіздік Сарайында «Қазақстандағы ғарыш күндері - 2015» халықаралық семинары өтті, ол ҚР Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесінің (ҚР ЖҚЗ ҒЖ) және жоғарыдәлдікті жерсеріктік навигация жүйесінің жерүсті инфрақұрылымы (ҚР ЖЖНЖ ЖИ) жұмысының нәтижелеріне арналды.  

 Бұл іс-шараға Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесінің, оларды өңдеу құралдарының әлемдік өнім берушілерінің 400-ден астам өкілі, геоақпараттық жүйелер мен ЖҚЗ деректерін әзірлеушілер мен пайдаланушылар,  Франция, ГФР, АҚШ, Израиль, Ұлыбритания, Швейцария, Испания, Норвегия, Нидерланд, Жапония, Канада, Египет, Оңтүстік Африка, КХР, Оңтүстік Корея, Иран, Ресей, Украина мен Белоруссиядан шетел мамандары қатысты. 

Семинар ұйымдастырушылары Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Аэроғарыш комитеті (Қазғарыш),  «Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясы» АҚ («ҚҒС» ҰК» АҚ) болды. 

Ғарыш форумының қатысушыларын Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі Ә.Ө.Исекешев  пен Қазғарыш төрағасының орынбасары құттықтады. 

Жалпы отырыста ҚР ғарыш технологияларын қолдану туралы негізгі баяндамамен «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ президентінің м.а. Марат Нұрғожин, сондай-ақ семинардың «платина» және «алтын» демеушілері болған «Airbus Defence and Space» француз компаниясының,  «IABG» неміс компаниясының, «SSTL» ағылшын  компаниясының өкілдері сөз сөйледі. 

ҚР ЖҚЗ ҒЖ және ҚР ЖЖНЖ ЖИ ұлттық операторы болып табылатын «ҚҒС» ҰК» АҚ қызметкерлері жаңа ғарыш технологияларымен жұмыс істеу тәжірибесімен бөлісті, Қазақстан экономикасының салалық міндеттетрін шеу үшін ҚР ЖҚЗ ҒЖ қолдану өз бағдарламасын ұсынды, ҚР ЖЖНЖ ЖИ және қазіргі геоақпараттық технологиялар мүмкіндіктері туралы айтып берді. 

«Өткен жылмен салыстырғанда биыл «Қазақстандағы ғарыш күндері» халықаралық семинар демеушілерінің саны 2 есе өсті, бұл қазақстандық ғарыш форумының танымалдығын дәлелдейді», - деп атап өтті іс-шараның ұйымдық комитетінде. 

Халықаралық семинардың жұмысы еліміздің экономикасының тәртүрлі салаларында, қорғаныс пен ұлттық қауіпсіздігінде ЖҚЗ мен ЖЖНЖ деректерін қолдануға арналған 4 секциямен өтті. Бұл іс-шараның аясында осы  тақырып бойынша мастер-класстар өткізілді, семинарда ЖҚЗ деректерінің әлемге аты танымал өнім берушілер компанияларының өкілдері модераторлар болды. 

Халықаралық семинардың қорытындылары бойынша «ҚР Президентінің жанындағы орталық коммуникациялар қызметінің» көшпелі брифингі ұйымдастырылды және өткізілді. 

Тікелей эфирде журналистердің сұрақтарына Қазғарыш төрағасының орынбасары М.М. Молдабеков, «Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясы» АҚ президентінің м.а. М.Р.Нұрғожин, Airbus Defence and Space аға вице-президенті Хьюг Лапорт Вейвада жауап берді. 

Іс-шарада 150-ден астам журналист, Қазақстанның БАҚ 25 өкілі тіркелді. 

Ғарыштық технологияларды пайдалану мәселелерін талқылайтын басты алаң болатын «Қазақстандағы ғарыш күндері» халықаралық семинарынан тікелей репортажды  «Хабар», «24КЗ» теларналары жүргізді.

IMG_0914.jpg

IMG_0948.jpg
IMG_0964.jpg
IMG_0975.jpg
IMG_0993.jpg
IMG_1138.jpg
IMG_1189.jpg
IMG_1147.jpg
IMG_1338.jpg


Жобалар
ЖҚЗ
«Қазақстан Республикасының Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесін құру» жобасы
қосымша ақпарат
ЖСНЖ
«Қазақстан Республикасының жоғарыдәлдікті спутниктік навигация жүйесінің жерүсті инфрақұрылымын құру» жобасы
қосымша ақпарат
ҚұСК
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат
ТК 66
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат

Қазақстандағы ғарыш күндері

«Қазақстандағы ғарыш күндері» халықаралық семинары 2013 жылы  10 – 11 сәуірде Астана қ., «Rixos President Astana» қонақүйінде өткізілді. Семинар бірінші қазақстандық Жерді қашықтықтан зондтау жерсерігінің (ЖҚЗ ҒЖ) ұшырылуына арналды және жыл сайын 12 сәуірде атап өтілетін Адамның ғарышқа ұшқан халықаралық күніне орайластырылды. 
Толығырақ