Главная Новости

Новости

04.12.2015
Қазғарыш делегациясы APRSAF 22-сессиясына қатысады

АСТАНА. ҚАЗАҚПАРАТ – ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Аэроғарыш комитетінің (ИДМ АҒК) төрағасы Талғат Мұсабаев басқарған Қазғарыш делегациясы жұмыс сапарымен Индонезияда. 

Осы күндері Бали аралында ғарышта әрекеттесу арқылы бірлескен шешімдерді талқылау үшін Азия-Тынық мұхит ғарыш агенттіктерінің 22-сессиясының (APRSAF-22) қатысушылары жиналды. APRSAF-22-де Қазғарыш делегациясында Т.Мұсабаевтан басқа, 

ИДМ АҒК төрағасының орынбасары Мейірбек Молдабеков, «Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы» АҚ (ҰҒЗТО) президенті Жұмабек Жантаев, В.Г. Фесенков атындағы Астрофизикалық институт директорі Шыңғыс Омаров, «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ Геоақпараттық технологиялар орталығының директорі Оңғарбек Әліпбеки, Қазғарыш кәсіпорындарының мамандары болды. 

Индонезия мен Жапония тең төраға болған APRSAF-22 жұмысына 15-тен астам ел қатысты. Сессияның «Ғарышта әрекеттесу» арнайы форумы стихиялық апаттар салдарларын жою және Азия-Тынық мұхит өңірінде қолдау жүйесі мәселелеріне арналды. 

Қазғарыш өкілдері форумның ғарыштық технологияларды қолдану, ғарыштық ортаны пайдалану, ғарыштық білім беру жөніндегі мәселелерді талқылау бойынша барлық төрт секциясының жұмысына қатысты. 

Сессияның жалпы отырысында Қазақстанда ғарыштық технологияларды қолдану туралы баяндамамен Қазғарыштың басшысы ҚР ИДМ АҒК төрағасы Талғат Мұсабаев сөз сөйледі. ҚР ИДМ АҒК төрағасы бүгін Қазақстан Республикасының 4 ғарыш аппаратынан және қазіргі заманғы басқару кешендерінен тұратын КazSat байланыс және хабар тарату, сондай-ақ KazEOSat Жерді қашықтықтан зондтау екі толыққанды ғарыштық жерсеріктік жүйесі бар екенін атап өтті. 

«Біздің еліміз ғарыш қызметін дамытудың жаңа деңгейіне шықты – ғарыштық технологияларды тиімді қолдану, осы мәселелерде әлемдік тәжірибені пайдалану», - деді ол. Қазғарыштың іске асырып жатқан және келешекті жобалары туралы ақпарат APRSAF-22 қатысушыларының үлкен қызығушылығын туғызды.


20151204155628.jpg

20151204155624.jpg


Жобалар
ЖҚЗ
«Қазақстан Республикасының Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесін құру» жобасы
қосымша ақпарат
ЖСНЖ
«Қазақстан Республикасының жоғарыдәлдікті спутниктік навигация жүйесінің жерүсті инфрақұрылымын құру» жобасы
қосымша ақпарат
ҚұСК
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат
ТК 66
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат

Қазақстандағы ғарыш күндері

«Қазақстандағы ғарыш күндері» халықаралық семинары 2013 жылы  10 – 11 сәуірде Астана қ., «Rixos President Astana» қонақүйінде өткізілді. Семинар бірінші қазақстандық Жерді қашықтықтан зондтау жерсерігінің (ЖҚЗ ҒЖ) ұшырылуына арналды және жыл сайын 12 сәуірде атап өтілетін Адамның ғарышқа ұшқан халықаралық күніне орайластырылды. 
Толығырақ