Главная Новости

Новости

08.12.2015
Қазақстан мамандары Көшбасшылық жөніндегі Африка конференциясына қатысты

АСТАНА. ҚАЗАҚПАРАТ – «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ делегациясы компания президентінің м.а. Марат Нұрғожиннің басшылығымен Шарм-эль-Шейх қ. (Египет) өткен «ALC-2015» Көшбасшылық жөніндегі 6-шы Африка конференциясына қатысты. Көшбасшылық жөніндегі Африка конференциясы ғарыштық зерттеулер мен технологияларды қолдану саласында африкааралық ынтымақтастықты жылжыту үшін Африка елдерінің аумағында екі жыл сайын өткізілетін іс-шара болып табылады. Қазақстандық делегация басшысының сөйлеген сөзі конференция қатысушыларының үлкен қызығушылығын туғызды. «Ғарыштық технологияларды Қазақстан Республикасының мүддесінде қолдану» М.Нұрғожиннің баяндамасы ғарыш технологияларын игеруде елдің бүгінгі жетістіктеріне және африкалық елдермен ынтымақтастық мүмкіндіктеріне арналды. Атап айтқанда қазақстандық ЖҚЗ жерсеріктерінен ғарыш түсірілімдеріне тапсырыстар туралы сөз болды. 

Египет Араб Республикасының (ЕАР) Қашықтықтан зондтау және ғарыш ғылымдары жөніндегі ұлттық басқармасының шақыруымен келген «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ ЕАР ғарыш ведомствосының, Ғарыштық қосымшалар мен Жерді қашықтықтан зондтау египет компаниясының өкілдерімен кездесу өткізді. 


Шарм-эль-Шейхте египеттіктермен кездесу, сондай-ақ осыған дейін «Қазақстандағы ғарыш күндері» халықаралық семинар шеңберінде Астанада өткен келіссөз қорытындылары бойынша «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ мен Египет Араб Республикасының Қашықтықтан зондтау және ғарыш ғылымдары жөніндегі ұлттық басқармасы Жерді қашықтықтан зондтау және ғарыш ғылымдары саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Біздің агенттікке М.Нұрғожин айтқандай  Алжир, Эфиопия, Нигерия, Кения африка елдерінің белсенді түрде ғарыш индустриясын құру, оны дамыту бойынша ұзақ мерзімді жоспарлары бар және олар Қазақстанның ғарыш технологияларын дамыту бойынша тәжірибесін қабылдауға дайын.

31123122.jpg

1212.JPG

121212.JPG


Жобалар
ЖҚЗ
«Қазақстан Республикасының Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесін құру» жобасы
қосымша ақпарат
ЖСНЖ
«Қазақстан Республикасының жоғарыдәлдікті спутниктік навигация жүйесінің жерүсті инфрақұрылымын құру» жобасы
қосымша ақпарат
ҚұСК
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат
ТК 66
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат

Қазақстандағы ғарыш күндері

«Қазақстандағы ғарыш күндері» халықаралық семинары 2013 жылы  10 – 11 сәуірде Астана қ., «Rixos President Astana» қонақүйінде өткізілді. Семинар бірінші қазақстандық Жерді қашықтықтан зондтау жерсерігінің (ЖҚЗ ҒЖ) ұшырылуына арналды және жыл сайын 12 сәуірде атап өтілетін Адамның ғарышқа ұшқан халықаралық күніне орайластырылды. 
Толығырақ