Новости — gharysh.kz
Главная Новости

Новости

08.12.2015
«Ғалам» Қазақстан-Француз кәсіпорнының жаңа басшысы тағайындалды

АСТАНА. ҚАЗАҚПАРАТ - Баубек Оралмағамбетов «Ғалам» ЖШС бас директоры болып тағайындалды деп хабарлайды «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ баспасөз-қызметі.

Қазақстан-Француз кәсіпорнының жаңа басшысы қызметіне тағайындау туралы шешім «Ғалам» ЖШС қатысушылары (құрылтайшылары) жиналысы хаттамасының негізінде қабылданды және Қадағалау кеңесінің мүшелерімен бекітілді деп атап өтті баспасөз қызметі. 

Б. Оралмағамбетовті 2015 жылғы 2 желтоқсаннан бастап тағайындау туралы бұйрыққа «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ президентінің м.а., «Ғалам» ЖШС Қадағалау кеңесінің төрағасы  Марат Нұрғожин қол қойды.

Баубек Оралмағамбетов - 32 жаста, Мәскеу авиация институтының түлегі. Жоғары оқу орнын аяқтағаннан кейін Хруничев атындағы ресей ғарыш орталығының конструкторлық бюросында, одан кейін «Бәйтерек» Қазақстан-Ресей кәсіпорнының мәскеу өкілдігінде жұмыс істеді. 

2012 жылдан бастап Астанада тұрады, ҚР Ұлттық ғарыш агенттігінің ғарыш инфрақұрылымын дамыту департаменті директорының орынбасары, директоры қызметін атқарды. «Ғалам» ЖШС бас директоры болып тағайындалғанға дейін ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Аэроғарыш комитетінде жобаларды сүйемелдеу басқармасына басшылық етті. 

Бірлескен кәсіпорынның қағидаларына сәйкес «Ғаламды» бес жыл басқарған  «Ғалам» ЖШС алғашқы бас директоры Аманжол Жаймырзин қазір құрметті демалыста. 

БК құрылтайшылары болып табылатын «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ мен Airbus Defence and Space француз компаниясының басшылары бірлескен жұмыс үшін А. Жаймырзинге алғыс айтты және жас басшыға табыс тіледі.

«Ғалам» ЖШС Қазақстан-Француз кәсіпорыны Астанада салынып жатқан ғарыш аппараттарының құрастыру-сынау кешенін құру және пайдалану жөніндегі жобаны іске асыру үшін құрылды. «Ғалам» ЖШС жарғы капиталының үлесі «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ-да 72 %, Airbus Defence and Space 27, 5 % және бірлескен кәсіпорынның жарғы капиталының 0,5 % мемлекетке тиесілі.



Жобалар
ЖҚЗ
«Қазақстан Республикасының Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесін құру» жобасы
қосымша ақпарат
ЖСНЖ
«Қазақстан Республикасының жоғарыдәлдікті спутниктік навигация жүйесінің жерүсті инфрақұрылымын құру» жобасы
қосымша ақпарат
ҚұСК
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат
ТК 66
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат

Қазақстандағы ғарыш күндері

«Қазақстандағы ғарыш күндері» халықаралық семинары 2013 жылы  10 – 11 сәуірде Астана қ., «Rixos President Astana» қонақүйінде өткізілді. Семинар бірінші қазақстандық Жерді қашықтықтан зондтау жерсерігінің (ЖҚЗ ҒЖ) ұшырылуына арналды және жыл сайын 12 сәуірде атап өтілетін Адамның ғарышқа ұшқан халықаралық күніне орайластырылды. 
Толығырақ