Новости — gharysh.kz
Главная Новости

Новости

23.12.2015
Тапсырыс беруші Қазақстан Республикасының Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесін толық қабылдады

АСТАНА. ҚАЗАҚПАРАТ - «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ делегациясы Гилфорд қ.  (Ұлыбритания) жұмыс сапарынан қайта оралды, онда орта кеңістікті айыру қабілетімен Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш аппаратының (АҚО ЖҚЗ ҒА) соңғы қабылдауы өтті. 

Біздің агенттікке делегация басшысы, «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ президентінің м.а. Марат Нұрғожин айтқандай қабылдау SSTL британ компаниясының – айыру қабілеті орта ғарыш жүйесінің (АҚО ҒЖ) бас қосалқы мердігерінің аумағында жүргізілді және қазақстандық және британдық мамандар командаларының соңғы 6 жыл ішіндегі жұмыс қорытындыларын шығарды. 

АҚО ҒЖ қабылдау қорытындылары бойынша жүйе өнімділігі ең көп мағынаға тең екені анықталды, қазақстандық оператордың атынан «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ АҚО ЖҚЗ ҒА пайдалануды барлық қағидалар бойынша басқарады. 

Келісімшартқа сәйкес АҚО жерсерігіне меншік және тәуекелдер құқығы тапсырыс беруші - «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ-ға толық тапсырылды, бұл тапсырыс берушіге енді АҚО жүйені коммерциялық мақсатта пайдалануға мүмкіндік береді. 

Сонымен қатар, қазақстандық тарапқа АҚО жүйесі бойынша ноу-хау коммерциялық емес лицензиясы тапсырылды, оның шеңберінде қазақстандық мамандар ЖҚЗ ҒЖ құруға мердігердің құжаттамасын пайдалана алады. 

«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ мен SSTL компаниясы арасындағы ағылшын тарапы бір жыл ішінде АҚО жерсеріктен түсірілімдерді кепілді негізде сатып алатыны туралы уағдаластық тағы да бір маңызды қорытынды болды, бұл туралы тиісті келісімшартқа қол қойылды. 

ЖҚЗ ҒЖ екі оптикалық-электронды ғарыш аппаратын  (ҒА): кеңістікті айыру қабілеті жоғары (1м) «KazEOSat-1», кеңістікті айыру қабілеті орта (6,5м) «KazEOSat-2», сондай-ақ жерсеріктерді жерүсті басқару кешенін және ЖҚЗ деректерін қабылдау, өңдеу және тұтынушыларға тарату кешенін қамтитынын еске салайық. 

Кеңістікті айыру қабілеті жоғары KazEOSat-1 бірінші қазақстандық жерсерік 2014 жылы іске кірістірілді және орбитада табысты қызмет етуде.  

Кеңістікті айыру қабілеті орта KazEOSat-2 екінші қазақстандық жерсерік 2015 жылғы қазаннан бастап тәжірибелік пайдалану кезеңін өтті, енді жерсерік Қазақстанның меншігіне өтті. 

Сондай-ақ, Гилфордқа сапар барысында қазақстандық және британдық мамандар соңғы қабылдаудан, «KazEOSat-2» сақтандырудан, орбитаны түзету бойынша оқудан кейін АҚО ҒЖ техникалық сүйемелдеу  және басқа мәселелерді талқылады. 

ҚР ЖҚЗ ҒЖ ел аумағының шұғыл мониторинтік ақпаратын алуда, сондай-ақ ҚР экономика салаларының, қорғаныс қауіпсіздігі мен ұлттық қауіпсіздігі міндеттерін шешу үшін ЖҚЗ деректерін алуда Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін қамтамасыз етуге арналған.

«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ президентінің м.а. Марат Нұрғожин атап өткендей АҚО ҒЖ қорытынды қабылдау кезеңі  Қазақстан Республикасының Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесін тапсырыс беруші толық қабылдағанын және ол Қазақстанның меншігі болғанын білдіреді.


12.png
IMG_3349.jpg

IMG_3362.jpg


Жобалар
ЖҚЗ
«Қазақстан Республикасының Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесін құру» жобасы
қосымша ақпарат
ЖСНЖ
«Қазақстан Республикасының жоғарыдәлдікті спутниктік навигация жүйесінің жерүсті инфрақұрылымын құру» жобасы
қосымша ақпарат
ҚұСК
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат
ТК 66
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат

Қазақстандағы ғарыш күндері

«Қазақстандағы ғарыш күндері» халықаралық семинары 2013 жылы  10 – 11 сәуірде Астана қ., «Rixos President Astana» қонақүйінде өткізілді. Семинар бірінші қазақстандық Жерді қашықтықтан зондтау жерсерігінің (ЖҚЗ ҒЖ) ұшырылуына арналды және жыл сайын 12 сәуірде атап өтілетін Адамның ғарышқа ұшқан халықаралық күніне орайластырылды. 
Толығырақ