Главная Новости

Новости

29.12.2015
Қазғарыш Торғайдағы ескі діни белгіні суретке түсірді және батыс мамандарды геоглифтерді зерттеуге тартады

АСТАНА. ҚАЗАҚПАРАТ - Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ Питтсбург  Университетінен (АҚШ) Рональд Лапорттың (Ronald Laporte) сұрауы бойынша өте қысқа мерзім ішінде Қостанай облысының аумағындағы геоглифтермен бір телімді суретке түсірді. «Біздің компания Үрпек ауылы (Қостанай облысының Амангелді ауданы) ауданындағы «свастиканың» бейнесін берді. Қазір геоглифтерді түгендеу үшін картаға түсіру және геогарфиялық ақпараттық жүйе (ГАЖ) құру үшін Лапорте мырза басқаратын халықаралық зерттеушілер тобымен хат-хабармен алмасып отырмыз. Топ Қазақстанның мамандарынан, сондай-ақ мен АҚШ (Питтсбург Университеті және НАСА)  мамандарынан құрылды. Жұмыс ғылыми сияқты, сондай-ақ іс жүзінде қызығушылық туғызады және Қазақстанда туризмнің дамуына, сонымен қатар мәдени-тарихи мұра нысандары ретінде геоглифтердің сақталуына ықпал ете алады», - деді компания президентінің м.а. Марат Нұрғожин.

Торғай геоглифтерін алғашқы ашқан Дмитрий Дей екенін еске салайық, ол бұны 8 жыл бұрын, 2007 жылы тапты. Содан бастап ол "Торғай дискавери" жобасын іске қосты. Бұдан басқа, осы жаңалық ашуға үлкен қызығушылық білдірген Питтсбург Университетінен (АҚШ) американдық мамандар байланысты. Д.Дейдің мақалалары Питтсбург Университетінің және Александрия кітапханасының (Мысыр) сайтында жарияланды. Кейін НАСА Америка ғарыш агенттігінің тарапынан қызығушылық туды, олар Торғай геоглифтерінің суреттерін бүкіл әлемге таратты. Сонымен қатар Д.Дей геоглифтермен байланысты жобаны "ЭКСПО-2017» көрмесіне дайындады, бұл туралы Қазақпарат ертеде хабарлады – қазақстандық шенеуніктер тарапынан әлі қызығушылық жоқ. 

8 жыл ішінде Торғай даласына бірнеше эскпедиция ұйымдастырылды, оның нәтижелері туралы Түркиядағы Еуропалық археологтар қауымдастығының форумында хабарланды, бұл осы іс-шараның басты таң қаларлық оқиғасы болды.

Бұдан басқа Торғай геоглифтері американдық блогерлердің 2015 жылғы ең жақсы жаңалық ашуларының тізіміне кірді.

Суретте: Үрпек аулы маңындағы «свастика», қазақстандық KazEOSat-1 жерсерігінен (24/10/2015ж.) алынған сурет.

Қазақстанның мәдени-тарихи мұрасын зерттеу мәселелері жөніндегі халықаралық деңгейдегі ынтымақтастық дамиды деп үміттенеміз.

null null


Жобалар
ЖҚЗ
«Қазақстан Республикасының Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесін құру» жобасы
қосымша ақпарат
ЖСНЖ
«Қазақстан Республикасының жоғарыдәлдікті спутниктік навигация жүйесінің жерүсті инфрақұрылымын құру» жобасы
қосымша ақпарат
ҚұСК
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат
ТК 66
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат

Қазақстандағы ғарыш күндері

«Қазақстандағы ғарыш күндері» халықаралық семинары 2013 жылы  10 – 11 сәуірде Астана қ., «Rixos President Astana» қонақүйінде өткізілді. Семинар бірінші қазақстандық Жерді қашықтықтан зондтау жерсерігінің (ЖҚЗ ҒЖ) ұшырылуына арналды және жыл сайын 12 сәуірде атап өтілетін Адамның ғарышқа ұшқан халықаралық күніне орайластырылды. 
Толығырақ