Главная Новости

Новости

30.12.2015
Қазғарыштың түсірілімдері Торғай геоглифтерінің арналуын түсінуге көмектеседі - Дмитрий Дей

АСТАНА. ҚАЗАҚПАРАТ – Бұл туралы Қазақпаратқа торғай геоглифтерін бірінші ашқан қостанайлық зерттеуші Дмитрий Дей хабарлады.

Бұрын хабарланғандай, «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ (Қазғарыш) Питтсбург Университетінен (АҚШ) Рональд Лапорттың (Ronald Laporte) сұрауы бойынша Қостанай облысы аумағындағы геоглифаминнің бір учаскесін түсіру жүргізілді.

«Біздің компания Үрпек ауылы (Қостанай облысының Амангелді ауданы) ауданындағы «свастиканың» бейнесін берді. Қазір геоглифтерді түгендеу үшін картаға түсіру және геогарфиялық ақпараттық жүйе (ГАЖ) құру үшін Лапорте мырза басқаратын халықаралық зерттеушілер тобымен хат-хабармен алмасып отырмыз. Топ Қазақстанның мамандарынан, сондай-ақ мен АҚШ (Питтсбург Университеті және НАСА)  мамандарынан құрылды. Жұмыс ғылыми сияқты, сондай-ақ іс жүзінде қызығушылық туғызады және Қазақстанда туризмнің дамуына, сонымен қатар мәдени-тарихи мұра нысандары ретінде геоглифтердің сақталуына ықпал ете алады», - деді компания президентінің м.а. Марат Нұрғожин. Бұдан басқа, Дмитрий Дей НАСА Америка ғарыш агенттігі түсірген суреттерді: «Мен Рон (Рональд Лапорте - ред.ескерту) Қазғарышпен келіссөз жүргізгенін білдім, хаттарды оқыдым (команда мүшесі ретінде). Ынтымақтастық туралы уағдаласқанымызға қуаныштымын. NASA, әрине жақсы ғой, бірақ Қазақстан тарапынан жобаға қатысу көбірек болса, нәтиже туралы Қазақстанда жасалды деген сияқты сенімді және маңғаздана айтуға болар еді. Қазғарыштың әлеуеті жоғары. Және бұл бірінші кезекте инфрақызыл сәуле шығарумен түсірілемдер жасау мүмкіндігі» деп түсіндірді.

Дейдің пікірі бойынша бұл жаңалықты туристерді тартуда және оларға қызмет көрсетуде сауатты пайдалануға болады. Қостанай облысының әкімдігі бағдарламаны әзірлегені және осыған бизнес жұртшылықты тартқаны өте маңызды. Бұдан басқа, ғылыми жұртшылықтың мүддесі, белсенді зерттеулер осы ескі археологиялық ескерткіштерді бұзудың алдын алады. Бұрын айтылғандай, торғай геоглифтеріне экстрасенстер мен тауап етушілер толып кетті, олар оның жойылуына ықпал етеді, сондай-ақ жол салушылардың да геоглифтерге келтіретін зияны аз емес – жолды жөндеу кезінде Торғайда Қоғай кресті бұзылды. Торғай геоглифтерін алғашқы ашқан Дмитрий Дей екенін еске салайық, ол бұны 8 жыл бұрын, 2007 жылы тапты. Содан бастап ол "Торғай дискавери" жобасын іске қосты. Бұдан басқа, осы жаңалық ашуға үлкен қызығушылық білдірген Питтсбург Университетінен (АҚШ) американдық мамандар байланысты. Д.Дейдің мақалалары Питтсбург Университетінің және Александрия кітапханасының (Мысыр) сайтында жарияланды. Кейін НАСА Америка ғарыш агенттігінің тарапынан қызығушылық туды, олар Торғай геоглифтерінің суреттерін бүкіл әлемге таратты. Қараша айында НАСА Торғай өңірінің ғарыш фотосуреттерін Халықаралық ғарыш стансасында ғарышкерлерге арналған міндеттер тізіміне енгізді. Дмитрий Дей қостанайлық археологтармен бірлесіп 8 жыл ішінде Торғай даласына бірнеше эскпедиция ұйымдастырылды, оның нәтижелері туралы Түркиядағы Еуропалық археологтар қауымдастығының форумында хабарланды, бұл осы іс-шараның басты таң қаларлық оқиғасы болды. Торғай геоглифтерінің ашылуына арналған бірінші конференцияны қостанайлық археологтар 2010 жылы Қазақпараттың баспасөз-орталығында ұйымдастырды.

Бұдан басқа Торғай геоглифтері американдық блогерлердің 2015 жылғы ең жақсы жаңалық ашуларының тізіміне кірді.

Бұдан басқа, Торғай геоглифтері американдық блогерлердің 2015 жылғы ең жақсы жаңалық ашуларының тізіміне кірді, Үлкен Ашутас кресті Fast Company американдық баспаның нұсқасы бойынша 2015 жылдың ең жақсы суреттерінің бірі.

Қазіргі уақытта «геоглиф» термині жерге салынған ұзындығы 4 метрден артық геометриялық немесе мүсінді өрнектерді белгілеу үшін кеңінен пайдаланылады. Геоглифтер салудың екі тәсілі бар – өрнектің периметрі бойынша топырақтың үстіңгі бетін алу арқылы, не керісінше өрнектің сызығы өтуге тиіс жерде топырақ немесе тастар салу. Көптеген геоглифтердің үлкендігі соншалықты, оларды (Наска геоглифтері, Торғай геоглифтері) ұшар биіктіктен ғана көруге болады. Бүгін Қостанай облысында орналасқан геоглифтердің бірнеше түрі белгілі: квадрат (Үштоғай квадраты); свастика; кресттер; дөңгелектер; сызықтар және т.б.

Ең үлкен геоглифтердің бірі - Үштоғай квадраты диагональдары белгіленген квадрат фигурасы болып табылады. Фигура биіктігі 1 м. дейін диаметрі  10-12 м  101 үйіндіден тұрады. Квадрат қабырғасының ұзындығы 287 м, диагоналінің ұзындыңы 406 м. Торғай геоглифтерінің жасы шамамен -8 мың жыл.

 


Жобалар
ЖҚЗ
«Қазақстан Республикасының Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесін құру» жобасы
қосымша ақпарат
ЖСНЖ
«Қазақстан Республикасының жоғарыдәлдікті спутниктік навигация жүйесінің жерүсті инфрақұрылымын құру» жобасы
қосымша ақпарат
ҚұСК
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат
ТК 66
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат

Қазақстандағы ғарыш күндері

«Қазақстандағы ғарыш күндері» халықаралық семинары 2013 жылы  10 – 11 сәуірде Астана қ., «Rixos President Astana» қонақүйінде өткізілді. Семинар бірінші қазақстандық Жерді қашықтықтан зондтау жерсерігінің (ЖҚЗ ҒЖ) ұшырылуына арналды және жыл сайын 12 сәуірде атап өтілетін Адамның ғарышқа ұшқан халықаралық күніне орайластырылды. 
Толығырақ