Главная Новости

Новости

05.01.2016
Баспасөз -релизі

АСТАНА. 5 қаңтар. МЕНШІКТІ АҚПАРАТ. Ол Қазақстанның ұшқыш-ғарышкері,  Қазақстан Республикасының Халық Каһарманы Айдын Айымбетов. 

А.Айымбетовті «Қазақстан Ғарыш Сапары ҰК» АҚ-ның ғарыш жүйелерін құру және пайдалану бойынша вице-президенті ретінде тағайындау туралы бұйрыққа бүгін, 2016 жылдың 5 қаңтарында қол қойылды.

«Компания Жерді қашықтықтан зондтау ғарыштық жүйесі мен дәлдігі жоғары спутниктік навигация жүйесінің пайдаланылуын жүргізуде. Мен компания жұмысының бұл маңызды бағытын Сіздің атқара алатыныңызға сенімдімін», – деп атап өтті Нұрғожин.

Айдын Айымбетов компания басшысымен бірге жүріп, Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесі мен дәлдігі жоғары спутниктік навигация жүйесінің барлық бөлімшелерінің жұмысымен танысып, бірінші жұмыс кеңесін өткізді.

«Мен Қазғарыш жүйесінде жұмыс істедім және жұмысымды жалғастырамын», – деді «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ-тың ғарыш жүйелерін құру және пайдалану бойынша вице-президенті Айдын Айымбетов. «Қазіргі кезде Қазғарыш басшылығы маған жаңа ғарыш технологиялары, қазақстандық ғарыш жүйелерінің өнімдерін жылжытумен байланысты жұмыстың өте маңызды учаскесін сеніп тапсырды және мен міндетімді орындаймын», – деді ұшқыш-ғарышкер А.Айымбетов.

Статистикаға сәйкес, «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ-тың ұжымында екі кәсіби ғарышкер жұмыс істейді. Біріншісі – Кеңес Одағының батыры, ұшқыш-ғарышкер Анатолий Арцебарский, ол Мәскеу қаласындағы компанияның өкілі болып табылады. Екіншісі – Қазақстан Республикасының Халық Қаһарманы, Қазақстан Республикасының ұшқыш-ғарышкері Айдын Айымбетов.

А.Айымбетовтың өмірбаяны туралы анықтама: 

Айдын Ақанұлы Айымбетов Талдықорған облысы, қазір Қазақстан Республикасы Алматы облысы Талдықорған ауданының  Заря Коммунизма аулында (қазір Өтенай а.) 1972 жылы 27 шілдеде туды. 
1989 жылы Талдықорған қаласындағы №20 орта мектепті бітірді.

1989 жылы Армавир жоғары әскери училищесіне  түсті және 1993 жылы «жойғыш авиацияның командалық тактикалық» мамандығы бойынша «ұшқыш-инженер» біліктілігін алумен аяқтады. 

2006 жылы И.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің «физика және информатика» мамандығы бойынша физика-математика факультетінің толық курсын аяқтады. 1993 жылғы мамырдан бастап Қазақстан республикасы Қарушы Күштер қатарында қызмет етті.

1993-1994 жылдары Жамбыл облысы, Луговая стасасында 64207 ә/б ұшқыш болып қызмет етті.

1994-2000 жылдары Талдықорған қаласында 21751 ә/б аға ұшқыш лауазымында қызмет етті.

2000-2003 жылдары Талдықорған қаласында 21751 ә/б Су-27 авиация эскадрильясының авиация бөлімінің командирі болып қызмет етті.

А.Айымбетовтың 470 сағаттан астам шабуылы бар. Ол ұшақтың 4 типін (Л-39, Миг-23, МиГ-23МЛД, Миг-27, Су-27) игерді, парашютпен 360 рет секірді, парашюттік-десанттік даярлық инструкторы болып табылады. Сүңгуір-офицер. 

2003-2009 жылдары – Ю.А.Гагарин атындағы ресейлік Ғарышкерлерді даярлау орталығында жалпы ғарыштық даярлықтан өтті.

2009-2010 жылдары Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі төрағасының кеңесшісі болып жұмыс істеді; 

2010-2011 жылдары Қазғарыштың Ғарыш қызметін дамыту департаментінің директоры болып қызмет етті; 

2011 жылғы наурыздан бастап ол Қазғарыштың «Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы» АҚ «Сұлтанғазин атындағы ғарыштық зерттеулер институты» ЕЖШС-те ғарыштық технологияларды ақпараттық-білім берумен қамтамасыз ету бөлімі бастығының орынбасары қызметін істеді. 

2014 жылғы сәуірден бастап Қазғарыштың «Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы» АҚ «Ғарыштық зерттеулер мен технологиялар институты» ЕЖШС-те директордың орынбасары болды. 

2012 жылдан бастап Астана қаласында Оқушылар сарайындағы Жас ғарышкерлер мектебін басқарады, «3D модельдеу» үйірмесіне басшылық етеді. 

2016 жылдан бастап «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ жерсеріктік технологиялар вице-президенті қызметін атқарады.

А.Айымбетов 2015 жылғы қыркүйектің 2-нен 12 бойы «Союз ТМА-18М» ғарыш кемесінің бортинженері ретінде құрамында: кеме командирі ресейлік  С. Волков ұшты.  

Ұшу ұзақтығы 9 тәулік 20 сағат 13 минут 51 секунд құрады.

Ғарышқа ұшқанда Айымбетов  Қазақстанның бесінші ғарыштық бағдарламасын орындады, оған 10 ғылыми эксперимент кіреді.



Жобалар
ЖҚЗ
«Қазақстан Республикасының Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесін құру» жобасы
қосымша ақпарат
ЖСНЖ
«Қазақстан Республикасының жоғарыдәлдікті спутниктік навигация жүйесінің жерүсті инфрақұрылымын құру» жобасы
қосымша ақпарат
ҚұСК
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат
ТК 66
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат

Қазақстандағы ғарыш күндері

«Қазақстандағы ғарыш күндері» халықаралық семинары 2013 жылы  10 – 11 сәуірде Астана қ., «Rixos President Astana» қонақүйінде өткізілді. Семинар бірінші қазақстандық Жерді қашықтықтан зондтау жерсерігінің (ЖҚЗ ҒЖ) ұшырылуына арналды және жыл сайын 12 сәуірде атап өтілетін Адамның ғарышқа ұшқан халықаралық күніне орайластырылды. 
Толығырақ