Новости — gharysh.kz
Главная Новости

Новости

05.01.2016
Айдын Айымбетов «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ-тың вице-президенті болып тағайындалды

А.Айымбетовті «Қазақстан Ғарыш Сапары ҰК» АҚ-ның ғарыш жүйелерін құру және пайдалану бойынша вице-президенті ретінде тағайындау туралы бұйрыққа бүгін, 2016 жылдың 5 қаңтарында қол қойылды, – деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.

«Қазақстан Ғарыш Сапары ҰК» АҚ президентінің міндетін атқарушы Марат Нұрғожин компанияның ұжымына жаңа вице-президентті таныстырды.

«Компания Жерді қашықтықтан зондтау ғарыштық жүйесі мен дәлдігі жоғары спутниктік навигация жүйесінің пайдаланылуын жүргізуде. Мен компания жұмысының бұл маңызды бағытын Сіздің атқара алатыныңызға сенімдімін», – деп атап өтті Нұрғожин.

Айдын Айымбетов компания басшысымен бірге жүріп, Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесі мен дәлдігі жоғары спутниктік навигация жүйесінің барлық бөлімшелерінің жұмысымен танысып, бірінші жұмыс кеңесін өткізді.

«Мен Қазғарыш жүйесінде жұмыс істедім және жұмысымды жалғастырамын», – деді «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ-тың ғарыш жүйелерін құру және пайдалану бойынша вице-президенті Айдын Айымбетов. «Қазіргі кезде Қазғарыш басшылығы маған жаңа ғарыш технологиялары, қазақстандық ғарыш жүйелерінің өнімдерін жылжытумен байланысты жұмыстың өте маңызды учаскесін сеніп тапсырды және мен міндетімді орындаймын», – деді ұшқыш-ғарышкер А.Айымбетов.

Статистикаға сәйкес, «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ-тың ұжымында екі кәсіби ғарышкер жұмыс істейді. Біріншісі – Кеңес Одағының батыры, ұшқыш-ғарышкер Анатолий Арцебарский, ол Мәскеу қаласындағы компанияның өкілі болып табылады. Екіншісі – Қазақстан Республикасының Халық Қаһарманы, Қазақстан Республикасының ұшқыш-ғарышкері Айдын Айымбетов.

IMG_1829.JPG

IMG_1864.JPG

IMG_1928.JPG

IMG_1938.JPG

Жобалар
ЖҚЗ
«Қазақстан Республикасының Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесін құру» жобасы
қосымша ақпарат
ЖСНЖ
«Қазақстан Республикасының жоғарыдәлдікті спутниктік навигация жүйесінің жерүсті инфрақұрылымын құру» жобасы
қосымша ақпарат
ҚұСК
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат
ТК 66
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат

Қазақстандағы ғарыш күндері

«Қазақстандағы ғарыш күндері» халықаралық семинары 2013 жылы  10 – 11 сәуірде Астана қ., «Rixos President Astana» қонақүйінде өткізілді. Семинар бірінші қазақстандық Жерді қашықтықтан зондтау жерсерігінің (ЖҚЗ ҒЖ) ұшырылуына арналды және жыл сайын 12 сәуірде атап өтілетін Адамның ғарышқа ұшқан халықаралық күніне орайластырылды. 
Толығырақ