Новости — gharysh.kz
Главная Новости

Новости

15.01.2016
Қазақстандық ЖҚЗ жерсеріктері Арал теңізінің түбінде сексеуілдің екпе көшеттерін тапты.

АСТАНА. ҚАЗАҚПАРАТ - «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ мамандары Арал теңізінің құрғатылған түбіндегі сексеуіл көшеттерін түгендеу және қазіргі жағдайын бағалау жобасын іске асыруды аяқтады.

Бұл туралы біздің агентікке жоба жетекшісі, «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесі (ЖҚЗ ҒЖ) орталығының жерүсті мақсатты кешендер басқармасының инженері Қанат Самарханов хабарлады. 

«Қазақстандық ЖҚЗ жерсерігінен алынған Жерді қашықтықтан зондтау деректерін фотограмметриялық өңдейтін біздің топ Арал өңірінде төрт ай жұмыс істеді», - деді Қ.Самарханов. – Ғарыш түсірілімдерінің геоботаникалық зерттеулері мен дала шифрын ашуды қамтитын дала зерттеулері өткізілді, Арал теңізінің құрғатылған түбінде (АТҚТ) орман өсіретін телімдердің карталары жасалды». 1 метр кеңістіктік айыру қабілетімен KazEOSat-1 жерсерігінен алынған ғарыш түсірілімдерін пайдаланумен жүргізілген осы жұмыстар қорытындылары бойынша, 1988 жылы отырғызылған сексеуілдер жағдайының нақты көрінісі берілді. Қанат Самарханов атап өткендей, жоба нәтижелері АТҚТ аумағынан Қазақстанның басқа өңірлеріне тұз және тозаң тасымалы қарқынының төмендеуіне ықпал ететін сексеуіл көшеттерінің ұланып жалғаса өсу жөніндегі деректерді нақтылауға мүмкіндік берді. ЖҚЗ ҒЖ орталығының мамандары қара сексеуіл көшеттері мен екпе көшеттері сақталып қалған Арал теңізінің құрғатылған түбіндегі қазақстандық бөлігі ауданының шамамен 26 мың гектарын айқындады, бұл одан арғы табиғатты қорғау іс-шараларын жоспарлауға мүмкіндік береді. Жобаны табысты іске асыруды «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ мамандары Қазақстан Республикасындағы БҰҰ даму бағдарламасының сарапшыларымен бірлесіп, сондай-ақ ҚР БҒМ Ботаника институтының тәуелсіз мамандарын тартумен және «Ормандар мен жануарлар әлемін қорғау жөніндегі Қазалы мекемесі» ММ, «Ормандар мен жануарлар әлемін қорғау жөніндегі Арал мекемесі» ММ, «Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы» ММ қызметшілерінің көмегімен жүзеге асырылды.

20150928_121152.jpg

20150929_165144.jpg

20150930_121258.jpg

20151002_100115.jpg

ryady_saksaula.jpg


Жобалар
ЖҚЗ
«Қазақстан Республикасының Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесін құру» жобасы
қосымша ақпарат
ЖСНЖ
«Қазақстан Республикасының жоғарыдәлдікті спутниктік навигация жүйесінің жерүсті инфрақұрылымын құру» жобасы
қосымша ақпарат
ҚұСК
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат
ТК 66
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат

Қазақстандағы ғарыш күндері

«Қазақстандағы ғарыш күндері» халықаралық семинары 2013 жылы  10 – 11 сәуірде Астана қ., «Rixos President Astana» қонақүйінде өткізілді. Семинар бірінші қазақстандық Жерді қашықтықтан зондтау жерсерігінің (ЖҚЗ ҒЖ) ұшырылуына арналды және жыл сайын 12 сәуірде атап өтілетін Адамның ғарышқа ұшқан халықаралық күніне орайластырылды. 
Толығырақ