Новости — gharysh.kz
Главная Новости

Новости

21.01.2016
Қазақстандық ЖҚЗ жерсеріктері елімізді энергиямен және жылумен жабдықтауға көмектеседі

АСТАНА. ҚАЗАҚПАРАТ - KazEOSat-1 айыру қабілеті жоғары Жерді қашықтықтан зондтау (ЖҚЗ) қазақстандық жерсерігі  көрінетін жылу диапазонында Астана қаласының ғарыштық түсіруін жүргізді. Бұл туралы Қазақпаратқа «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ ЖҚЗ жерүсті кешенінің мамандары айтып берді. 

«Ғарыштық мониторингтің көмегімен жылу желілеріндегі, жылу трассалары мен үйлердегі шығындарды тиімді қадағалауға болады. Бұл ретте ғарыштан түсіру жоғары нақтылықпен үлкен аумақтарда жылу түсіруді жүргізуді қамтамасыз етеді», - деп ақпарат берді ЖҚЗ орталығы деректерді қабылдау және өңдеу тобының жетекшісі Берік Рақымжанов. 

Алынған ғарыштық түсірілімдер негізінде сынау мақсатымен істелген қаланың жылу бетпердесі жасалды, онда ЖЭО, жылу трассалары мен үйлерден бөлінетін жылу анықталды. 

Қалалар мен жылу трассаларының энергия тиімділігі жағдайының мониторингі және бағалау үшін ғарыш түсірілімдерін пайдалану тиімді және дұрыс әдіс болып табылады, бұл барынша қысқа мерзімде нәтижеге жетуге мүмкіндік береді деп есептейді мамандар. 

Қазақстан Республикасының Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесінің (ҚР ЖҚЗ) қызметтері, атап айтқанда L1 және L2 деңгейіндегі ғарыштық түсірілімдер 2016 жылдан бастап ақысыз негізде берілетінін ескере отырып, «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ мамандары  Қазақстан Республикасында энергия тиімділігі міндеттерін шешу үшін тиісті ұйымдарға ЖҚЗ ҒЖ өнімін тиімді пайдалануды ұсынды. 

«Ғарыш аппараттарынан жылуды түсіру әдістерін қолдана отырып энергия тиімділігі үшін тұрғын үй қорына түгендеу жүргізуге, энергия шығындарын білу үшін өнеркәсіп объектілеріне түгендеу жүргізуге, жылу трассаларының жылу оқшаулау сапасын бағалауға, шығындарды төмендету есебінен энергиямен жабдықтау жүйесінің тиімділігін жоғарылатуға болады», - деп атап өтті Б. Рахымжанов. 

 1.png


«Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясы» АҚ 2015 жылғы 26 маусымнан бастап ҚР ЖҚЗ ҒЖ пайдалануына кірісті. ҚР Үкіметінің қаулысына сәйкес «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ жеке және заңды тұлғаларға ғарыш түсірілімдерін бері үшін Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесінің ұлттық операторы болып айқындалды.





Жобалар
ЖҚЗ
«Қазақстан Республикасының Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесін құру» жобасы
қосымша ақпарат
ЖСНЖ
«Қазақстан Республикасының жоғарыдәлдікті спутниктік навигация жүйесінің жерүсті инфрақұрылымын құру» жобасы
қосымша ақпарат
ҚұСК
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат
ТК 66
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат

Қазақстандағы ғарыш күндері

«Қазақстандағы ғарыш күндері» халықаралық семинары 2013 жылы  10 – 11 сәуірде Астана қ., «Rixos President Astana» қонақүйінде өткізілді. Семинар бірінші қазақстандық Жерді қашықтықтан зондтау жерсерігінің (ЖҚЗ ҒЖ) ұшырылуына арналды және жыл сайын 12 сәуірде атап өтілетін Адамның ғарышқа ұшқан халықаралық күніне орайластырылды. 
Толығырақ