Новости — gharysh.kz
Главная Новости

Новости

04.02.2016
Ұлттық ғарыш орталығында Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ өндірістік зертханасы ашылды

АСТАНА. ҚАЗАҚПАРАТ - «Қазақстан Ғарыш Сапары»  ұлттық компаниясы» АҚ (ҚҒС)  және Л.Н. Гумилев атындағы  Еуразия ұлттық университеті   (ЕҰУ)  кәсіпорында «Геодезия және картография» кафедрасының филиалын  құру туралы шарт  жасасты.  

Біздің агенттікке «ҚҒС» ҰК» АҚ президентінің міндетін атқарушы Марат Нұрғожин хабарлағандай Ұлттық ғарыш орталығында   өндірістік зертхана қажеттілігі туралы шешім  екі жақты болды. «Біздің мақсатымыз ортақ -  білікті мамандар даярлау,  ғылыми зерттеулер  және олардың нәтижелерін  өндіріске  енгізу», - деді ол.  

Семестр ішінде ҰҒО өндірістік  зертханасында барлығы Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ «Геодезия және картография»  кафедрасының 20 бакалавры және 8 магистранты  оқитын болады.  

ЖҚЗ ҒЖ  орталығында орналасқан  арнайы оқу сыныбы  университеттің материалдық-техникалық базасымен  жабдықталатын болады,  Жерді қашықтықтан зондтау (ЖҚЗ) және геоақпараттық жүйелер (ГАЖ) жөніндегі пәндерді «Қазақстан Ғарыш Сапары»  ұлттық компаниясы» АҚ  қызметкерлері  оқытатын болады,  олардың көбінің ғылыми дәрежелері бар.  

Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесінің (ҚР ЖҚЗ  ҒЖ)    жұмысы туралы екі топтағы алғашқы кіріспе  сабақты  ЖҚЗ (ҒА) ғарыштық аппаратының  миссиясын жоспарлау  тобының жетекші инженері,  ЖБА магистрі Жандос Керімқұлов өткізді.  

Оқытушылық қызметінде тәжірибесі бар жас  оқытушының пікірі бойынша  ЖҚЗ ҒЖ орталығының базасында өндірістік зертхана ашу – бұл күн талабы. «Магистранттар алатын барлық практикалық машықтар  біздің ЖҚЗ  ғарыш жүйесін тұтынушылар ретінде қажет болады,  дәл осындай мамандар  еліміздің меморгандарында жеткіліксіз», - деп Керімқулов санайды.  

Бакалаврлар мен магистранттар үшін  ҰҒО  оқу  практикада  өз білімдерін пайдалану ғана емес,  сонымен қатар  қазіргі заманғы ғарыштық технологиялар базасында  ғылыми зерттеулер жүргізу,  ол болашақта  өндірісте  қолданылуы мүмкін.  Сонымен қатар  оқуды аяқтаған соң  оларға осы кәсіпорында жұмыс істеу де ұсынылуы мүмкін. . 


20160130_131249.jpg

3618.jpg




Жобалар
ЖҚЗ
«Қазақстан Республикасының Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесін құру» жобасы
қосымша ақпарат
ЖСНЖ
«Қазақстан Республикасының жоғарыдәлдікті спутниктік навигация жүйесінің жерүсті инфрақұрылымын құру» жобасы
қосымша ақпарат
ҚұСК
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат
ТК 66
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат

Қазақстандағы ғарыш күндері

«Қазақстандағы ғарыш күндері» халықаралық семинары 2013 жылы  10 – 11 сәуірде Астана қ., «Rixos President Astana» қонақүйінде өткізілді. Семинар бірінші қазақстандық Жерді қашықтықтан зондтау жерсерігінің (ЖҚЗ ҒЖ) ұшырылуына арналды және жыл сайын 12 сәуірде атап өтілетін Адамның ғарышқа ұшқан халықаралық күніне орайластырылды. 
Толығырақ