Новости — gharysh.kz
Главная Новости

Новости

27.01.2016
Қазақстандық студенттер Ұлттық ғарыш орталығында өндірістік практикадан өтуде

АСТАНА. ҚАЗАҚПАРАТ – Қазақстанның ғарыш саласы үшін кадрлар даярлау бағдарламасы шеңберінде еліміздің техникалық ЖОО студентері Ұлттық ғарыш орталығында (ҰҒО) өндірістік және диплом алды практикасын өтуде. 

«Қазақстанның негізгі жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық туралы шарттар негізінде 2016 жылғы қаңтардан бастап «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ-да 16 студент практика өтуде», - деді біздің агенттікке компанияның ғарыш аппараттарының вице-президенті, Қазақстанның ұшқыш-ғарышкері Айдын Айымбетов. 

Болашақ мамандар Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесі (ЖҚЗ ҒЖ) орталығында, жоғарыдәлдікті жерсеріктік навигация жүйесі орталығында (ЖЖНЖ), геоақпараттық технологиялар орталығында, ЖҚЗ ҒЖ өнімдері мен қызметтерін жылжыту басқармасында жұмыс істейді және ғарыш түсірілімдерін алу, өңдеу және іске асырудың бүкіл циклін бақылай алады, ЖЖНЖ жұмысына қатыса алады, - деп атап өтті А.Айымбетов. 

ҰҒО-да практикадан өткісі  және ғарыштық технологиялармен жақын  танысқысы келетін студенттердің саны жыл сайын өсуде. Бұған статистика дәлел. Өткен жылы практиканттар саны осы жылмен салыстырғанда екі есе аз болған, биыл ағыла басталды. 

Осы күндері ҰҒО-да қазіргі заманғы ғарыштық технологиялардың мүмкіндіктерімен Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің, С.Сейфуллин атындағы Қазақ ұлттық университетінің, Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің және Алматы энергетика және байланыс университетінің студенттері танысуда. 

«Ғарыштық техника мен технологиялар», «геодезия мен картография» мамандығы бойынша оқитын балалардың айтуынша, олар болашақта тап осы жерден жұмыс табуға және өз тағдырын ғарышпен байланыстыруға үміттенеді.


IMG_2430.JPG

IMG_2456.JPG

IMG_2442.JPG






Жобалар
ЖҚЗ
«Қазақстан Республикасының Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесін құру» жобасы
қосымша ақпарат
ЖСНЖ
«Қазақстан Республикасының жоғарыдәлдікті спутниктік навигация жүйесінің жерүсті инфрақұрылымын құру» жобасы
қосымша ақпарат
ҚұСК
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат
ТК 66
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат

Қазақстандағы ғарыш күндері

«Қазақстандағы ғарыш күндері» халықаралық семинары 2013 жылы  10 – 11 сәуірде Астана қ., «Rixos President Astana» қонақүйінде өткізілді. Семинар бірінші қазақстандық Жерді қашықтықтан зондтау жерсерігінің (ЖҚЗ ҒЖ) ұшырылуына арналды және жыл сайын 12 сәуірде атап өтілетін Адамның ғарышқа ұшқан халықаралық күніне орайластырылды. 
Толығырақ