Новости — gharysh.kz
Главная Новости

Новости

12.02.2016
«Қазақстан Ғарыш Сапары» компаниясы өзіне меншікті өнім өндірісіне кіріседі

АСТАНА. ҚАЗАҚПАРАТ -  2016 жылы «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ (ҚҒС) жобалық басқарудан жұмыстың өндірістік нысанына ауысты деп мәлімдеді компания президентінің м.а. Марат Нұрғожин 2015 жылғы жұмыс қорытындылары жөніндегі есеп беру кеңесінде. 

Өткен жыл қазақстандық ғарыш компаниясы үшін маңызды нәтижелермен есте қалды.  

М. Нұрғожиннің айтуынша 2015 жылы Қазақстан мен Франция арасындағы тиісті үкіметаралық келісім ратификацияланғаннан кейін Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесін (ЖҚЗ ҒЖ) қабылдау жүзеге асырылды. Еліміздің мемлекеттік және жергілікті органдарына нақты қызметтер көрсетілді, ЖҚЗ ҒЖ пайдалануға арналған бюджеттік бағдарлама қолдау тапты, ішкі нарық сияқты, сондай-ақ бүкіл әлемге арналған 14 дистрибьюторлық келісім жасасты. 

«Ең бастысы біздің мамандар ғарыш аппараттарын, ЖҚЗ ҒЖ жерүсті сегментін дербес басқару және пайдалану бойынша баға жетпес тәжірибе алды», - деп атап өтті компанияның басшысы. 

Президенттің м.а. есеп беру баяндамасында жерүсті инфрақұрылымын (ЖЖНЖ ЖИ) құру жобасы 2015 жылы 100% аяқталды деп атап өтті. Атап айтқанда, тұтынушыларға арналған навигациялық аппаратураның тәжірибелік өнідрісі іске кірістірілді, кеңістікті ұзына бойлы объектілер мониторингі жүйесі пайдалануға енгізілді. ЖЖНЖ орталығының мамандары ҚР мемлекеттік жерсеріктік геодезиялық желісін негіздеу бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын аяқтады. 

Компанияның үшінші ірі жобасы – Ғарыш аппараттарының құрастыру-сынау кешенін (ҒА ҚСК) салуға келсек, мұнда жобаның қаржы-экономикалық негіздемесін түзету жүргізілуде. «3Д-принтер пайдалануға енгізілді, кәбіл өнімі, ЭВТИ пленкалары және күн бергіштер өндіретін таза бөлмелер бойынша жұмыстар аяқталуда. Бұдан басқа, мамандардың үлкен тобы біздің стратегиялық әріптесіміз Airbase Defence& Space (ADS) кәсіпорындарында оқыды және сертификаттаудан өтті. ADS-пен қосымша келісім негізінде 2016 жылы ҒА ҚСК арналған технологиялық жабдық Қазақстанға толық тасымалданады. Бұл жоба шеңберіндегі одан арғы жұмыстарға арналған шығындарды оңтайландыруға апарды», - деп атап өтті М. Нұрғожин. 

Ғылыми-технологиялық мақсаттағы ғарыш жүйесін құру кестеге сәйкес жүргізілуде. 

«ҚҒС» ҰК» АҚ құрылымдық бөлімшелерінің және орталықтарының басшылары өздерінің сөйлеген сөздерінде 2015 жылғы жұмыс қорытындыларының оң және келелі сәттерін атап өтті. 

Компанияның төрт жобасының үшеуі француз әріптестерімен бірлесіп іске асырылатынын ескере отырып, қаржы дағдарысы жұмыс барысына үлкен ықпалын тигізді. Бұған қарамастан, ҚҒС пен ADS арасындағы табысты ынтымақтастық жалғасуда. Ғарыштық технологиялар трансферті ЖҚЗ жерсерігінің стартынан, ғарыш түсірілімдерін алу және өңдеуден бастап ғарыш аппараттарының өз зауыдын құруға дейін іске асыру сатысында. 

«ҚҒС» ҰК» АҚ 2016 жылға арналған жоспарлары қисынды. Бұл бюджеттен тыс инвестициялар шеңберінде Ұлттық ғарыш орталығының 2-ші кезектегі құрылысының басталуы. KazSar радарлы жерсерікті құру, бюджеттен тыс инвестициялар шеңберінде «Днепр» бағдарламасына қатысуды нығайту. 

2016 жылға арналған негізгі міндеттерге келсек өндірістік қызметті, маркетинг пен қызметтерді жылжытудың күшейгенін ескерсек, компания ЖҚЗ ҒЖ мен ЖЖНЖ қызметтерінен 2 млрд. теңгеден астам мөлшерде кіріс алуды жоспарлап отырғанын атап өтті Марат Нұрғожин. «ЖҚЗ деректерінің шетелдік нарығында біз орын алуымыз керек. 2019 жылға қарай компания шығынсыз болу міндетін қоямын», - деп атап өтті компания президентінің м.а.

IMG_0462.JPG

IMG_2480.JPG

IMG_2483.JPG



Жобалар
ЖҚЗ
«Қазақстан Республикасының Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесін құру» жобасы
қосымша ақпарат
ЖСНЖ
«Қазақстан Республикасының жоғарыдәлдікті спутниктік навигация жүйесінің жерүсті инфрақұрылымын құру» жобасы
қосымша ақпарат
ҚұСК
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат
ТК 66
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат

Қазақстандағы ғарыш күндері

«Қазақстандағы ғарыш күндері» халықаралық семинары 2013 жылы  10 – 11 сәуірде Астана қ., «Rixos President Astana» қонақүйінде өткізілді. Семинар бірінші қазақстандық Жерді қашықтықтан зондтау жерсерігінің (ЖҚЗ ҒЖ) ұшырылуына арналды және жыл сайын 12 сәуірде атап өтілетін Адамның ғарышқа ұшқан халықаралық күніне орайластырылды. 
Толығырақ