Главная Новости

Новости

01.03.2016
ҚАЗАҚСТАН «ЭВАК» ЖҮЙЕСІН ЕНГІЗУДЕ

ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің, сондай-ақ «Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясы» АҚ өкілдерінің қатысуымен өткен кеңес барысында дабылдарды қамтамасыз ететін жерсеріктік жүйелерді шұғыл оперативті қызметтерге енгізу және навигациялық аппаратураның өндірушілеріне толыққанды сынауларды тікелей өткізуге мүмкіндік беретін сынау зертханаларын құру мәселелері талқыланды. 

«ЭВАК» шұғыл оперативті қызметтерді шақыру аппаратын шығару жеткіліксіз, пайдалану жүйесін, сонымен қатар ұқсас шұғыл шақыру жүйелерімен ықпалдасуға қабілетті үдеріс әзірлеу және енгізу маңызды. Кеден одағына мүше-мемлекеттердің барлығының аумағында адамдардың, жүктердің, көлік пен инфрақұрылымның қауіпсіздігін қамтамасыз ету»,- деп атап өтті өзінің сөйлеген сөзінде Техникалық хатшылықтың басшысы - «КазИнСт» РМК Бас директорының орынбасары Қайрат Кәрібжанов. 

Сонымен бірге,  навигациялық аппаратураның толыққанды сынауларын өткізуге мүмкіндік беретін зертханалар туралы сұраққа жауап бере отырып, ол өнімді техникалық регламенттердің талаптарына сәйкестікке сынауды және тексеруді Қазақстанның ғана емес, Кеден одағының Сертификаттау органдарының және сынау зертханаларының (орталықтардың) бірыңғай тізіліміне енгізілген Еуразия экономикалық одағына мүше-мемлекеттердің (www.eurasiancommission.org и www.nca.kz) барлығының субъектілері жүзеге асыратынын атап  айтты. 


АНЫҚМАМА ҮШІН: ЭВАК – автомобиль жолдарында жол-көліктік авариялар мен апаттар кезінде және өзге оқиғалар жағдайында шұғыл оперативті қызметтерді шақыруды қамтамасыз ететін жерсеріктік жоба.   

Көлік құралдарын «ЭВАК» құрылғыларымен толымдау нормалары 2015 жылы 1 қаңтардан бастап күшіне енген «Дөңгелекті көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы» ТР ТС 018/2011 Кеден одағының техникалық тәртібінде жазылған. Жолаушыларды коммерциялық тасымалдауға,сондай-ақ балаларды тасуға арналған М санатындағы және қатты тұрмыстық қалдықтар мен қоқысты (қоқыс таситын), арнайы қауіпті, ауыр жүкті және (немесе) ірі габаритті жүктерді тасуға пайдаланылатын  N санатындағы айналымға шығарылған көлік құралдары, сондай-ақ оперативті қызметтердің көлік құралдары жерсеріктік навигация аппаратурасымен жабдықталуы тиіс. Аталған көлік құралдары құрылымының көрсетілген аппаратурамен жабдықталу мүмкіндігі болуы тиіс. 



Жобалар
ЖҚЗ
«Қазақстан Республикасының Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесін құру» жобасы
қосымша ақпарат
ЖСНЖ
«Қазақстан Республикасының жоғарыдәлдікті спутниктік навигация жүйесінің жерүсті инфрақұрылымын құру» жобасы
қосымша ақпарат
ҚұСК
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат
ТК 66
«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының Құрастыру-сынау кешенін құру»
қосымша ақпарат

Қазақстандағы ғарыш күндері

«Қазақстандағы ғарыш күндері» халықаралық семинары 2013 жылы  10 – 11 сәуірде Астана қ., «Rixos President Astana» қонақүйінде өткізілді. Семинар бірінші қазақстандық Жерді қашықтықтан зондтау жерсерігінің (ЖҚЗ ҒЖ) ұшырылуына арналды және жыл сайын 12 сәуірде атап өтілетін Адамның ғарышқа ұшқан халықаралық күніне орайластырылды. 
Толығырақ